Құқық | Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының бағыттары мен мәселелері
Мазмұны
КІРІСПЕ
1.ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Инновацияның мәні,түсінігі
1.2 Инновацияның формалары мен түрлері
1.3 Инновациялық дамудың шетелдік тәжірбиесі
2.Қ.Р/Ң ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясындағы өтпелі шарттары
2.2 Инновациялық дамудың басты басым бағыттары
2.3 Инновациялық дамудың институциялық базасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әлемдік экономиканың өнеркәсіптік өндіріс және қызмет көрсету салаларының қазіргі технологиялық өзгерістерге негізделген даму үрдістері уақыт талабынан туындайды. Экономикалық өсудің дәстүрлі бағыттарының мүмкіндіктері қанат жая бастаған шақта жаңа үрдістердің, инновациялық үдерістер жүйесінің басымдығы айқындалып отыр. Мұның өзі ХХІ ғасырдағы экономикалық өсу тағдыры ғылыми сана, инновациялық процестер, жаңа технологиялар, өнімдер мен қызмет көрсетулер үлесінде екендігін білдірсе керек. Инновациялық бағдар тек қана бүгінгі күннің емес, сонымен бірге кез келген сферадағы адамзат іс-әрекетінің болашағын да көрсетеді. Осы орайда экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда инновациялық фактордың маңыздылығын, негізгі мәселелерін, болашағын зерттеу қажеттілігі туындайды. Дипломдық жұмыста ұлттық экономиканы инновациялық даму жолына бағыттау мәселелерін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан қарастыруға талпыныс жасалды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі жаһандану жағдайында қатаң бәсекелестік күреске төтеп беру үшін бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастырып, оны модернизациялау және әртараптандыру, яғни инновациялық даму жолына бағыттау кез келген елдің алдында тұрған үлкен міндет. Себебі, инновациялық дамудың өзі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін көтерудің ең маңызды факторы. Ал, инновациялық дамудың мақсаты – ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру негізінде сапалы экономикалық өсуге жету.
Қазақстанның қазіргі кезде инновациялық даму жолына бет бұруының өзі елдің әлемдік қатаң бәсекелік күресте экономикалық, әлеуметтік, саяси, экологиялық, жалпы алғанда ұлттық шаруашылықтың кез келген саласы жағынан мықты болу мақсатынан туындауда. Себебі елдің экономикалық жағдайы мен даму болашағын бейнелейтін негізгі көрсеткіштердің бірі – ұлттық бәсекеге қабілеттілік.
Ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттырудың маңыздылығын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан» Қазақстан халқына Жолдауында «бәсекеге қабілеттілік Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті», – деп айтқан сөзі де дәлелдейді [1, 12 б.]. Ендеше, Қазақстан үшін өзінің бәсекелік арттықшылықтарын үйлесімді пайдалана отырып, тауарлар мен қызмет көрсетудің, техника мен технологиялардың әлемдік рыногының серпінді бөлігіне айналуы бүгін де, келешекте де өзекті мәселе болып қала бермек.
Ұлттық бәсекеге қабілеттілік ұғымы туралы қазақстандық ғалымдардың көзқарастарына тоқталар болсақ, ҚР ҰҒА академигі Я.Ә. Әубәкіровтың пікірінше, кейінгі жылдары бәсекелестік теориясында жаһандану аясының кеңеюіне байланысты жаңа аспектілер пайда болды. Егер бұрын экономикалық әдебиеттерде бәсеке тауар өндірушілер арасындағы қарым-қатынас ретінде қарастырылса, қазір бәсеке заңдылықтары қоғамдық қатынастар аясында кеңінен тарап, елдің, ұлттың, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін толығымен қамтуда [2, 10 б.].
ХХ ғасырдың 90-жылдарының соңынан бастап қазақстандық экономика қалыпты деңгейде өсті. Экономиканың өсуін көптеген экономистер елдің минералды ресурстарын экспорттаудан түсетін түсімдер арқылы, яғни әлемдік рынокта осы тау-кен, мұнай-газ салаларының өнімдеріне деген бағаның жоғарылауымен байланыстырады. Бұл, әрине, қазіргі экономикалық даму қағидаттарына біршама қайшы келеді. Қазақстан ғалымдарының айтуы бойынша: «шикізаттық даму моделі тек Қазақстанның ұлттық мүддесіне ғана емес, әлемдік даму үрдісіне де сәйкес келмейді. Әлемдік экономикада білімді, инновацияны маңызды экономикалық ресурс ретінде пайдалану негізінде экономикалық өсудің жаңа типі қалыптасты» [3, 5 б]. Яғни әлеуметтік-экономикалық дамудың инновациялық жолына өту кезеңі басталып кетті.
Қазақстанда ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында бірқатар іс-шаралар жүргізіліп жатқаны белгілі. Олардың қатарында 1997 жылы Елбасының ұсынысымен қабылданған «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді даму стратегиясы, ҚР Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы, сонымен қатар мемлекет басшысының ағымдағы жылдың мамырындағы «Нұр-Отан» халықтық демократиялық партиясының 12 съезінде ұсынған Қазақстан экономикасының дағдарыстан кейінгі серпінді даму жоспарының негізгі қағидалары және басқалары бар.
Әлемдік рынокта бәсекелік күреске төтеп беруге нық тұратын өнеркәсібі дамыған елдерде заман талабына сай технологияларға негізделген және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі көздері болып табылатын салаларды, яғни биотехнология, нанотехнология, ядролық және ғарыштық технологияларды қарқынды дамытуға қомақты қаржы бөліп, үлкен зер салуда. Себебі инновациялық экономикалық дамуды қамтамасыз ету, шиеленісіп, шешімін таба алмай жатқан қазіргі экологиялық проблемаларды шешу, күннен күнге артып келе жатқан әлем халқының қажеттіліктерін келешек ұрпақтың қамын ойлай отырып қанағаттандыру сияқты мәселелердің байыбына жетуде осы салалардың маңызы аса зор. Қазақстан үшін де аталған салаларды, сонымен қатар экономиканың басқа да басым бағыттарын дамыту арқылы индустриалды дамыған елдердің қатарына қосылу ең өзекті мәселелердің бірі. Сол себепті экономика салаларын жаһандану үдерісіне сәйкестендіре дамытуға, экономиканың шикізат экспортына тәуелділігін төмендетуге және әлемдік рынокта сапалы бәсекеге қабілетті өнім ұсынысына бағытталған сервистік-технологиялық экономикаға өтуге жағдай жасау қажет.
Жоғарыда келтірілген деректер мен дәйектер зерттеу тақырыбының өзектілігіне ешбір күмән келтірмейді деп санаймыз.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Экономикалық әдебиеттерде инновацияның мәні, оның қоғам өміріндегі алатын орны мен рөлі туралы көптеген көзқарастар және байламдар жеткілікті. Бұл ұғымды сараптау және дәйектеу ХХ ғасырда орын алған зерттеулерден бастап жүргізіліп келеді. Кез келген инновациялық түсінік туралы теориялық ізденістер бірқатар эволюциялық кезеңдерден өтіп, олардың мән-мағынасы тұрақты түрде кеңейе түсуде.
Инновациялық даму мәселелерін зерттеушілердің алғашқы тобына
Й.А. Шумпетер, Н.Д. Кондратьев, Дж. Бернал, С. Кузнец, Г. Менш, Ф. Хайек,
Б. Твисс, Б. Санто, М. Портер және т.б. ғалымдардың еңбектерін жатқызуға болады.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінде инновациялық даму теориясына үлес қосқан А.Н. Анчишкин, А.Н. Богатырьев, П.А. Андреев,
Г. Крутиков, Р.А. Фатхутдинов, А.В. Барышева, К.В. Балдин, Ю.В. Яковец сияқты ғалымдардың еңбектері бар.
Я.Ә. Әубәкіров, А.Қ. Қошанов, Д.Қ. Қабдиев, К. Сағадиев,
М.Б. Кенжегузин, С.Н. Нысанбаев, Р.Е. Елемесов, Ф.М. Днішев, Ә.Ә Әбішев,
М.Д. Исқалиев, М.С. Төлегенова, Р.А. Алшанов, Ө.Қ. Шеденов, Е.Б. Жатқанбаев, Б.А. Кембаев, Ф.Ғ. Әлжанова, А.Н. Тулембаева, Е.З. Сулейменов, Қ. Берентаев және тағы басқа отандық зерттеуші-ғалымдар да инновациялық даму туралы зерттеулерге айтарлықтай үлес қосып келеді. Аталған ғалымдардың тұжырымдамаларына осы диссертацияда жан-жақты талдау, сараптау жүргізілді.
Біздің пікірімізше, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болып қала береді және ол жан-жақты, түбегейлі зерттеу мен сараптау жүргізуді тұрақты түрде талап етеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстанның инновациялық дамуының бағыттары мен мәселелерін айқындау.
Дипломдық жұмыстың мақсаты төмендегідей зерттеу міндеттерін белгілейді:
инновация ұғымы мен инновациялық даму туралы заманауи зерттеулерді сипаттау;
инновациялық дамудың әлемдік тәжірибесіне талдау жасау;
инновациялық дамудың институционалдық-ұйымдастырушылық негізін жетілдіру үшін жаңа үрдістерді сараптау;
Ғылыми зерттеу нысаны Қазақстанның ұлттық экономикасы болып табылады.
Ғылыми зерттеудің пәні – Қазақстан экономикасын инновациялық дамыту үдерісінде туындайтын экономикалық қатынастар жүйесі.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздерін инновациялық даму, бәсекеге қабілеттілік мәселелеріне қатысты экономика ілімдері классиктерінің еңбектері, шетелдік және отандық ғалымдардың іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстары, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар жинақтары, оқулықтар, басылымдар құрайды.
Дипломдық нәтижелері мен тұжырымдары жүйелік-қызметтік, тарихи-логикалық, салыстырмалы, экономикалық-статистикалық, сандық-сапалық сараптау және басқа да зерттеу әдістеріне негізделеді.
Зерттеудің ақпараттық базасын «Қазақстан – 2030» даму Стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан халқына Жолдаулары, ҚР индустриялық-инновациялық дамуының 2003–2015 жылдарға арналған даму стратегиясы, ҚР ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегi 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Қазақстан Республикасы экономикасын әртараптандыру туралы есебі, Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы, басқа да құқықтық-нормативтік актілер, арнайы веб-сайттар, Ұлттық статистика агенттігінің ресми мәліметтері құрайды.
Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы ұсынылған негізгі тұжырымдардың ұлттық экономиканы инновациялық жолмен дамыту арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін әрі қарай зерттеуге ықпал етуі мүмкіндігінде болса керек.
Дипломдық жұмыстың ғылыми және тәжірибелік қорытындылары мен байламдары экономика ғылымының дамуына өзіндік үлесін қосады және тақырыпқа ұқсас зерттеулер жүргізу барысында қолданбалы деңгейдегі әдістемелік негіз ретінде қолдануға ұсынылады.
Инновациялық даму үдерісінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларға игі әсерін жүзеге асыру мақсатындағы ұзақ және қысқа мерзімді тұжырымдамаларды, нұсқаулықтарды, сонымен бірге инновациялық даму басымдықтарын айқындау кезінде пайдалануға болады.
Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 71 беттен, оның ішінде 17 кесте, 21 сурет берілген. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 93 мәліметтер атауын қамтиды.
1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Инновацияның мәні,түсінігі
1.1 Инновация теориясының мәндік ерекшеліктері мен даму эволюциясы
Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өндірісте инновация формасында көрінеді. «Инновация» ұғымы алғашында белгілі бір мәдениеттің жекелеген элементтерін екіншісіне енгізуді білдірген. Ол, әдетте, еуропалық салт-дәстүрдің ерекшеліктері мен ұйымдастыру әдістерін дәстүрлі қоғамдарға енгізу түрінде көрініс тапқан еді. «Инновация» түсінігі ағылшынның «іnnovation» сөзінен аударғанда «жаңалық енгізу» ұғымын білдіреді. Ал «жаңалық» деп жаңа тәртіпті, жаңа әдісті, жаңа өнім мен технологияны, жаңа құбылысты айтамыз. Инновациялар тек техникалар мен технологияларға ғана емес, сонымен бірге басқаруды және өндірісті ұйымдастырудың формаларына да қатысты. Олардың барлығы бір-бірімен өзара тығыз байланыста болып, өндірістің тиімділігін арттыру мен өндіргіш күштерді дамытуда сапалық саты болып табылады.
Инновация туралы тәжірибе мыңдаған жылдарды қамтығанымен де, әлеуметтік ғылыми ілім ретінде қарастырылуы тек XX ғасырдан басталды. Инновация теориясының іргелі негіздерінің қалыптасуы өткен ғасырдың 10–40 жылдарын қамтиды. Осы аралықта инновация теориясының қалыптасуына күш салған ойшылдар қатарында Н.Д. Кондратьев, Й. Шумпетер, С. Кузнец,
Г. Менш және басқа да ғалымдарды атауға болады.
Н.Д. Кондратьевтің және Й. Шумпетердің еңбектерінде инновация теориясының негізі қаланған. Бұл ғалымдар осы терминнің бастапқы анықтамаларын айқындап, инновация проблемасына бастау берген. Олардың еңбектеріне кейінгі инновация теориясын зерттеушілердің көбісі сүйенген еді.
Н.Д. Кондратьевтің инновация теориясын қалыптастыруда еңбегі аса зор. XX ғасырдың бас кезінде Н.Д. Кондратьев капитализм кезіндегі ұзын толқындар туралы үлкен пікір сайыс жүргізді. Кондратьевтің әрбір ұзын толқыны бір мезетте ғылыми-техникалық дамудың барлық көрсеткіштерін, яғни идеяның пайда болуын, кәсіпкерлік белсенділікті, мамандардың біліктілігін арттыруды қамтитын төрт фазадан тұрады.
Кондратьевтің зерттеулері 100–150 жылды қамтитын ұзақ мерзімді экономикалық көрсеткіштерге (баға индексі, мемлекеттік бағалы қағаздар, еңбек ақы, сыртқы сауда көрсеткіштері, көмір, алтын өндіру, т.б.) эмпирикалық талдау жүргізуге негізделген. Осы талдаудың нәтижесінде ол ұзақ мерзімді толқындар циклының өспелі және кемімелі фазаларына әсер беретін заңдылықтарды анықтаған. Ұзын толқындар циклының өспелі фазасына ғылыми-техникалық өнертабыстар мен жаңалықтар әсер ететінін дәлелдеген. Бірінші толқынға тоқыма өнеркәсібі, шойын өндірісі, бу машинасының пайда болуы, қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағдайларының өзгеруі сияқты жаңалықтар әсер берсе, екінші толқынға – жаңа аумақтарды игеруге және ауыл шаруашылығын жаңартуға мүмкіндік берген теміржол құрылысы және теміржол көлігі мен металлургия саласының дамуы, үшінші толқынға – электр қуатының, радио мен телефонның кең ауқымда енгізілуі, химия және автомобиль өнеркәсібінің дамуы әсер еткен. Ал төртінші толқынның технологиялық базасына электроника, мұнай химия, ұшқыштар жасау өнеркәсібі жатқызылды.
«Инновация» терминін алғаш рет экономикалық ұғым ретінде ғылыми айналымға XX ғасырдың 30-жылдары австриялық экономист Йозеф Алоиз Шумпетер енгізіп, өзінің «Экономикалық даму теориясы» (1912 жыл) және «Капитализм, социализм және демократия» (1942 жыл) атты еңбектерінде қарастырған болатын. Ол өз еңбектерінде қалыпты экономиканың «нормасы» мен экономикалық теорияның негізгі ақиқаты ретінде тепе-теңдік емес, керісінше кәсіпкер-новатор қызметінің нәтижесінде туындайтын «динамикалық теңсіздік» болатындығын дәлелдеп, соны қарастыру барысында дәстүрлі экономикадан бас тартады. Содан бері «инновация» термині әлемдік экономикалық әдебиеттерде жалпыға бірдей ұғым ретінде қалыптасқан болатын. Техникалық инновациялардың заңдылықтары экономикалық құбылыс ретінде тек ХХ ғасырдан бастап зерттелді. Себебі, біріншіден, «өнеркәсіптік революция» кезеңінде енгізілген өнертабыстар өздерінің техникалық құндылықтарын жоғалтты, екіншіден, бәсекелестік күрестің жандануы жаңа тауарлар мен қызметтер түрлерін талап етті.
Шумпетер инновацияны «өнертабыс – жаңалық енгізу – диффузия» үдерісінің бір бөлігі және өндіріс факторларының «жаңа комбинациясы» ретінде қарастырған, ал мұның өзі қолда бар өндіріс факторлары мен өндіргіш күштердің бірігуін көрсетеді, яғни кәсіпкердің инновациялық қызметі болып саналады. Ол «жаңа комбинацияның» негізгі түрлеріне төмендегілерді жатқызды:
жаңа игіліктер өндірісі;
игіліктер өндірісін коммерциялық пайдаланудың жаңа әдістерін қолдану;
өткізудің жаңа рыногын игеру;
жаңа шикізат көздерін ашу және қолдану;
салалық құрылымды өзгерту (монополия құру немесе жою) [4, 159 б.].
Шумпетердің пайымдауынша, «жаңа комбинацияларды» жүзеге асыру үшін және жаңа идеяларды тиімді экономикалық шешімдерге айналдыру үшін жаңашыл, новатор – кәсіпкердің жігерлілігі, шығармашылық қабілеті қажет. Себебі, кәсіпкер – өнертапқыш емес, ол – жаңашыл-новатор.
Өнертабыс – бұл жаңа үдеріс немесе жаңа өнім туралы идея, ол инновациялық үдеріс түпкі фазасына дейін жүзеге асырылған жағдайда, яғни инновация өндіріске енгізіліп, сауда сферасына түскен кезде ғана инновация болып табылады. Өнертабыс пен новаторлықтың бір-бірімен өзара әрекеттесуі негізінде инновацияны енгізу келесі бір өнертабыстың туындауына түрткі болады, яғни, әрбір инновация өз циклына «қарама-қарсы» келіп, өзін жоққа шығарады, келесі инновация үшін алғышарттар жасайды, яғни жаңа техниканы, технологияны, білімді, ғылымды және басқаруды қажетсінеді. Сондықтан инновациялық даму бұралым тектес формаға ие, ол шексіз және белгілі бір кезең аралығында ғана өз кемеліне жетеді.
Шумпетердің пікірінше инновацияны енгізу ол – жаңа өнімді немесе үдерісті алғашқы коммерциялық енгізу, ал инновация диффузиясы – осы инновацияны әлеуметтік жүйе мүшелері арасында байланыс тетіктері арқылы тарату үдерісі.
Cонымен қатар, Шумпетер инновацияны пайданың негізгі көзі ретінде қарастырады, яғни пайда жаңа комбинацияларды атқару нәтижесінде туындап, кәсіпкерлердің жаңа инновацияларды өндіріске енгізуін ынталандырады. Шумпетер бойынша пайданың көзі тек бағаны өзгертуде немесе шығындарды үнемдеуде ғана емес, сонымен бірге шығаратын өнімдерді түбегейлі өзгертуде болса керек, яғни: «...дамусыз пайда, пайдасыз даму болмайды» [4, 160 б.].
Сонымен, инновациялар – қоғамдық прогрестің ірі қозғаушысы, ал инновациялық пайданы немесе инновациялық рентаны иелену және пайдалану – осы прогрестің негізгі ынталандырушы күші болып табылады.
Айта кету керек, Шумпетер теориясындағы инновациялық даму циклдық сипатқа ие, ал оның кезеңдері ұзақ мерзімді аралықты қамтиды және онда үнемі тоқырау, құлдырау үдерістері орын алып отырады. Ол өзінің кейінгі еңбектерінде ұзақ мерзімді толқындарды техникалық өзгерістермен байланыстырып, инновациялық «жиынтық» жасап, үлкен үш толқынды – бу машинасын (1790–1842), темір жолды (1843–1897), электр қуаты мен автокөлікті (1898–1949) пайдалану мен оның кең таралуын байланыстыра зерттеген болатын.
ХХ ғасырдың 40-70 жылдары көптеген зерттеу еңбектері ҒТП-ның даму заңдылықтарына, яғни жаңалықты өндіріске енгізу емес, тек жасау үдерісіне бағытталған. Бұл біріншіден, жалпы қоғам үшін инновацияның, ҒТП-дың маңыздылығының артуымен, екіншіден, ғылым мен өндіріс арасындағы тікелей байланыстың жоқтығымен байланысты. Бұл кезеңде айтарлықтай іргелі жаңалықтар туындамады. Себебі, осы аралықта екінші дүниежүзілік соғыстың көптеген ауыртпашылықтар әкелгені белгілі. Осы уақыт аралығында ғылыми күш-жігер әскери зерттеулерге, қару-жарақ жасауға жұмсалды.
Осы кезеңдегі инновация теориясының дамуындағы ерекшелік ретінде инновация мен экономикалық өсу арасындағы өзара байланысқа көп көңіл бөлінуін айтуға болады. Осы мәселеге әйгілі американдық экономист-статистик – С. Кузнец өзінің нобельдік дәрісін арнаған. Бұл дәрісте Й. Шумпетер мен
Дж. Берналдың идеяларын әрі қарай дамытатын, инновация теориясындағы бірқатар жаңа көзқарастар ұсынылған. Дж. Бернал инновация теориясының дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын ғалымы. Оның әйгілі «Қоғам тарихындағы ғылым» атты монографиясында қоғамның даму тарихының барлық кезеңдеріндегі ғылыми, техникалық және әлеуметтік жаңалықтар енгізу арасындағы байланыстар көрсетілген. Оның пікірі бойынша, «ғылымның өркендеу кезеңі – экономикалық белсенділік пен техникалық прогрестің нығаю кезеңімен сәйкес келеді» [5, 30 б.].
С. Кузнецтің ұсынған көзқарастары:
біріншіден, «дәуірлік инновациялар» ұғымын енгізу. Ол «дәуірлік инновациялар» ұғымын ең алғаш рет ғылыми айналымға енгізген Нобель сыйлығының лауреаты болатын. Ол бұл терминнің мағынасын келесідей түсіндіреді: «Адам білімінің дамуындағы, ұзақ мерзімді экономикалық өсудің басты көзі болған және әлемге таралған негізгі серпілістерді дәуірлік инновациялар» деуге болады [6, 105 б.];
екіншіден, индустриалды кезеңдегі экономикалық өсу қарқынын жеделдету дәуірлік инновацияларға байланысты. «Экономикалық өсудің негізгі көзі – ғылымды қарқынды дамыту. Қазіргі экономикалық өсудің мәнін ашатын технологиялық жаңалықтарды жаппай қолдану кезекті техникалық прогрестің негізін қалайтын ғылыми прогреспен тығыз байланысты.
Жаңалықтарды пайдалану ұзақ мерзімді уақыт аралығын қамтитын және көп мөлшерде капитал салымын қажет ететін іргелі және қолданбалы зерттеулер үшін тек қосымша экономикалық ресурс болып қана қоймай, тиімді жаңа құралдар жасауға және өндірістің әсерінен туындайтын табиғаттағы өзгерістер жөнінде қосымша ақпарат алуға мүмкіндік береді» [6, 110 б.];
үшіншіден, технологиялық жаңалықтар қоғамның басқа салаларындағы жаңалықтармен тығыз байланысты: «Қазіргі экономикалық өсуге тән сипат технологиялық жаңалықтардың және олармен қатар жүретін әлеуметтік жаңалықтардың үнемі пайда болуы экономика мен қоғамның құрылымына әсер етуші негізгі факторлар болып табылады, олар құқық саласында, институционалдық құрылымдарда, тіпті идеологияда да жаңашылдық өзгерістерге әкеледі» [6, 113 б.].
С. Кузнец Шумпетер теориясын сынға ала отырып, оның теориясында түсіндірілмей қалған инновациялық дамуға қатысты бірнеше іргелі проблемаларды зерттеген еді. Біріншіден, ұзақ мерзімді толқындар қалыптасуы үшін макроэкономикалық ауытқулар туғызатын инновациялар өте маңызды болуы керек немесе олардың көп мөлшерде шоғырлануы белгілі бір шектеулі уақыт аралығын қамтуы тиіс. Кішігірім инновациялар саны жүйелі түрде көп болғанымен, олардың ішінде экономикалық жүйенің тұрақсыздығына аса жоғары деңгейде әсер ететін инновациялар аз. Екіншіден, Шумпетер теориясы маңызды инновациялар әсерінің не себепті бірнеше ондаған жылдарға созылатындығына және оны неге одан да қысқа мерзім аралығында қарастыруға болмайтындығына жауап таппады. Үшіншіден, Шумпетер үнемі қайталанып отыратын тоқырау кезеңдеріне және маңызды жаңалықтар пайда болуының біркелкі еместігіне сенімді түсініктеме бере алмады [7, 41 б].
Шумпетердің шеше алмаған проблемаларын неміс экономисі Герхард ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының бағыттары мен мәселелері жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Құқық дипломдық жұмыстар, Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының бағыттары мен мәселелері