Экономика | Экономикалық дағдарыс ұғымының теориялық аспектілері

 Экономика | Экономикалық дағдарыс ұғымының теориялық аспектілері

Мазмұны

Кіріспе...............................................................................................................

1. Экономикалық дағдарыс ұғымының теориялық аспектілері
1.1 Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні....................................................................................................................
1.2 Экономикалық дағдарыстың пайда болуы және әлеуметтік салдары..............................................................................................................
1.3 Әлемдік қаржы дағдарысының басталу себептері және оның экономикаға әсері.............................................................................................

2. Қазіргі кездегі жаһандық экономикалық дағдарыс және оған қарсы шаралар
2.1 Қазақстандағы экономикалық дағдарыстар: себептері және одан шығу жолдары .................................................................................................
2.2 Дағдарыстан шығу жолдары және оны жетілдірудегі шетелдік тәжірибе ............................................................................................................
2.3 Әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайында ұлттық экономиканы тұрақтандыру шараларының нәтижелері.......................................................

Қорытынды ....................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................

Тақырыптың өзектілігі. "Қазақстан-2030" Стратегиясында дамудың ұзақ мерзімді басым мақсаттарына ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын дағдарысқа қарсы басқаруының, шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу жатады. Стратегия түйінді міндеттердің бірі ретінде республикада индустриалдық әлуетке негізделген, әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі кездегі жетістіктері есебімен, көп салалық, бәсеке қабілетті өнеркәсіптік кешенді қалыптастыруды қарастырады.
Мемлекеттің ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының ұлттық мүдделері нақты өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т.б. құрамдас бөліктерді біріктіреді. Ұлттық экономикалық қауіпсіздік салалардың, жеке кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқару бағыттары ретінде қарастырылады.
Мемлекеттің экономикалық кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы басқару импортты алмастыру арқылы ішкі өндірісті дамыту есебінен жүргізілетіні белгілі.
Елбасы Қазақстан халқына арнаған “Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға” атты Жолдауында коммуналдық желілерді – сумен, жылумен қамту, энергетика желілерін қайта жаңғыртуға және жаңарту, автокөлік жолдарын реконструкциялау мен жөндеу, әлеуметтік инфрақұрылымды, ең алдымен мектептер мен ауруханаларды жаңалау, қалалар мен елді-мекендерді абаттандыру және көгалдандыру міндеті, сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту мен жастар тәжірибесін ұйымдастыру, қазақстандықтарды жұмыспен қамту стратегиясы үкімет назарында болатынын қадап айтты. Елбасының халыққа арнаған Жолдауында әлемдік қаржылық дағдарыстан қиналмай шығудың айқын міндеттері белгіленген.
Әлемдік дағдарыс бүкіл ғаламшар халқын оның салдарын еңсеруге жұмылдырып отыр. Барлық елдерде дағдарысқа қарсы бағдарламалар жасалып, оның салдарларын барынша азайту үшін ауқымды шаралар қабылдануда.
Әлем елдері өздерінің саяси, экономикалық және зияткерлік күштерін жаһандық дағдарысты еңсеруге жұмылдырып отыр. Дағдарыс өлшемдері әзірге қаржы және экономикалық салаларда көрінуде, дегенмен оның саяси көрсеткіштер мен әлеуметтік мәселелерге де әсерін назарға алмауға болмайды. АҚШ, Ресей, Германия, Франция сияқты жетекші елдер мен Еуропалық Одақ сияқты халықаралық ұйымдар және G-20 елдері ұлттық проблемалардың шешімі жаһандық кедергілерді еңсеру арқылы реттелетін дағдарыстан шығудың түрлі жолдарын талқылап отыр.
Тарихта қазіргідей осыншалықты қомақты ақшаның мемлекеттен жеке банктерге, корпорациялар мен өнеркәсіптік салаларға ағылған кезеңі бұрын-соңды болған емес.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдары оның еуразияшылдық доктринасы Қазақстанды гүлденген, орталықазиялық өңірдегі экономикалық және саяси көшбасшыға айналдыру туралы талпынысқа қазақстандық қоғамды жұмылдырған болатын. Биылғы Жолдауы - осыдан екі жыл бұрын, әлемдік қаржы нарығындағы дағдарыстың басында әзірленген дағдарысқа қарсы шаралардың кешенді жүйесінің жүзеге асырылуы туралы өзіндік аралық есеп болып табылады.
Диплом жұмыстың мақсаты жаһандық экономикалық дағдарысты жан-жақты зерттей отырып, ұлттық экономиканы дағдарыс кезінде тиімді әрі дұрыс басқару жолдарын ұсыну.
Белгіленген мақсатқа жету үшін зертеу жұмысының келесі міндеттері анықталды:
- дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні;
- экономикалық дағдарыстың пайда болуының әлеуметтік салдары;
- Қазақстандағы экономикалық дағдарыстар себептері және одан шығу жолдары;
- қазіргі кездегі жаһандық экономикалық дағдарыс және оған қарсы шаралардың нәтижелерін бағалау;
- дағдарыспен күресудің мемлекеттік шараларын зерттеу;
- дағдарыс кезіндегі ұлттық экономиканы талдау;
- дағдарыспен күресу бойынша ұсыныстар беру.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Қазақстанның қазіргі қаржылық дағдарыс жағдайында экономиканы басқарудың теориялық және тәжірибелік аспектілері отандық экономист-ғалымдардың: К.Маркс, И.А.Шумпетер, Е.Б.Жатқанбаев, М.С.Тулегенова, Ғ.С. Сейітқасымов, О.Б. Баймұратов, Ш.Р. Әбділманова, К.Ш. Дүйсенбаев, А.Б. Зейнелғабдин, Ұ.М.Искаков, Р.Е. Елемесов, С.Ж. Интыкбаева, Н.Н. Хамитов, Ә.Д. Шелекбай, С.Б. Мақыш және т.б. еңбектерінде кездеседі.
Диплом жұмысының нысаны. Жаһандық экономикалық дағдарыс.
Диплом жұмысының пәні. Жаһандық және отандық экономиканың дағдарысқа қарсы арналған шараларды жүзеге асыру барысында пайда болатын қарым-қатынас жиынтығын айтамыз.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізіне экономикалық және қаржылық дағдарыс тақырыбын зерттеген зерттеуші отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері жатады. Зерттеу әдістерінің негізі ретінде қолданылған әдістер: құрылымдық-жүйелік, факторлы және салыстырмалы талдаулар.
Зерттеудің ақпараттық базасы. Зерттеудің ақпараттар базасы ретінде банк қызметіне реттеуге арналған ҚР-ның заңдары мен нормативтік актілері, ҚҰБ-нің Баскармасының қаулысымен бекітілген ережелері, нұскаулықтар және өзге нормативтік құжаттары, акпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, ҚР ҚҚА-нің нормативтік құжаттары мен есептік деректері, ҚР-ғы ЕДБ-дің есептік материалдары, ҚР статистикалық агенттіктің сандық мәліметтері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ әлемдік қаржы дағдарысы жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т.с.с. пайдаланылды.
Диплом жұмыстың ғылыми жаңалығы нақты ұсыныстардан тұрады, яғни, әлемдік қаржылық дағдарыс зардаптарын жою шеңберінде маңызды негіздемелер жасалады және әдістемелік өңдеулер жүргізіледі.
Диплом жұмыстың құрылымы және көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу жұмысының кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, нысанына және пәніне анықтама берілген. Бірінші тарауда дағдарыстың орын алу себептері, әлеуметтік салдары және оның экономикалық мәселелері теориялық тұрғыдан жүйелі түрде зерделенді. Екінші тарауда қаржы дағдарысының пайда болуы қарастырылған. Дағдарыстан шығу жолдары және оны жетілдірудегі шетелдік тәжірибе туралы баяндалған. Қорытындыда совет үкіметі кезіндегі дағдарыс пен қазіргі кездегі дағдарысты салыстыру туралы мәліметтер айтылды. Және де зерттеу барысында айкындалған тұжырымдар, түйіндер мен ұсыныстар баяндалды.
1. Экономикалық дағдарыс ұғымының теориялық аспектілері

1.1 Дағдарыс түсінігі, типтері және экономикалық дағдарыс мәні

Қазіргі күнгі әдебиеттерде, әлеуметтік-экономикалық жүйенің дамуындағы ортақ дағдарыс түсінігі қалыптаспаған. Тұрмыстағы көзкарас бойынша, дағдарыс тек капиталистік өндіріс тәсілінде ғана тән құбылыс және социалистік өндірісте болмауы тиіс. Тіпті бұрьндары социализмде дағдарыс жоқ, тек "өсім қиындықтары" деген теория қалыптасқан болатын. Көп жылдары біздің елімізде бұл түсінік, өндіріс дамуындағы экономикалық саясатты қалыптастырудың нақты факторы емес, тек идеологиялық тұрғыда болды [1].
Кейбіреулердің айтуынша, бұл тек макроэкономикалық даму процесіне қатысты, ал кәсіпорын немесе фирма масштабында, мысалға, басқарудағы қателіктермен немесе басшылардың кәсіби деңгейінің төмендігінен туындайтын үлкен немесе кішігірім өткір мәселелердің болуы. Бұндай мәселелер дағдарыс дамуын көрсетпейді, олар объективті тенденциялардан туындамаған, бірақта кейбір сыртқы әсерлерге байланысты.
Мұндай ұсынымдар бір жақты және ұйымды басқаруда жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін. Егер осы позициямен фирмаішілік басқаруды қарастыратын болсақ, даму стратегиясын құрастырғанда дағдарысты көре білу және оның мүмкіндіктерін ескеру мүмкін емес. Сонда, дағдарыстың болуы заңды қүбылыс екенін ескерсек, стратегияның қаншалыкты нақты болатынын көріңізші?
"Дағдарыс" түсінігі "тәуекел" түсінігімен тығыз байланысты, ол өз кезегінде барлық басқару шешімдерін жасау методологиясына әсер етеді. Бұдан дағдарыс күтімін алыптастасаңыз, тәуекелдік өткірлігі жоғалады да дағдарыс жағдайы күрделене түседі. Дағдарыс мәселесіне басқа көзқараспен қарауға болады [2].
Дағдарыс себептері сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Біріншісі макроэкономикалық дамудағы стратегиямен және тенденциялармен немесе
тіпті әлемдік экономиканың дамуымен, бәсекелестікпен, елдегі саяси жағдайларменде байланысты, екіншісі - маркетинг стратегиясының тәуекелдігімен, ішкі қақтығыстар өндірісті ұйымдастырудың жетіспеушілігі инновациялық және инвестициялық саясатты басқарудың жетілдірілмеуі [5].
Егер дағдарысты осындай жағдайда түсінетін болсақ, онда дағдарыс қаупі әрқашан болатындығы және оны алдын ала көре білу және болжау керектігі айқын.
Дағдарыс түсінігінде, тек себептері ғана үлкен мәнде емес, сонымен қатар оның әр-түрлі салдары: ұйымның жаңаруы немесе қирауы, жандануы немесе жаңа дағдарыстың пайда болуы. Дағдарыстан шығу, әрқашан позитивті жағдайларға байланысты емес. Жаңа дағдарыс кезеңіне өту, одан сайын терең және ұзаққа созылуын жоққа шығармауымыз керек. Дағдарыс жағдайларын ұзақ мерзімге тоқтатып қою мүмкіндігі бар. Ол белгілі бір саяси себептермен түсіндіріледі. Негізгі дағдарыс салдары тығыз екі факторға байланысты ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру