Қазақ тілі | Лингводидактикалық тестілеудің теориялық мәселелері
Мазмұны
Кіріспе
Бөлім I.
1. Лингводидактикалық тестілеудің коммуникативтік бағыты
1.2 Педагогикалық тестілеудегі жүйелі бағыт
Бөлім II.
2. Квалиметрия тестік бақылаудың негізі
2.1 Тест сапасының өлшемдері
2.2 Жарамдылық
2.3 Сенімділік
2.4 Үнемділік
Кіріспе
Қазіргі заманғы әдістемеде қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту тәжірибесіне тестік бақылауды енгізу мен ұйымдастыруда белсенді әрекеттер жүріп жатыр.
Қазіргі кездегі бақылаудың жаңа түрінің негізгі талабының бірі – оқушының мекеніне, уақытына, тілді оқып үйренудің нысаны мен түріне тәуелсіз коммуникативтік қабілет-құзіретінің қалыптасу дәрежесін өлшеу мен сыналушының шет тілін игерудегі нақты деңгейіне жетуіне ықпал ету. Тестілеу тәуелсіз бақылау тәсілі ретінде танылып, мойындалған. АҚШ-та, Голландия, Англия, Дания, Франция, Израил, Финляндия, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия елдерінде кеңінен қолданысқа енді (В.С.Аванесов мәліметі бойынша, 1994)
Соңғы 10 жыл ішінде тілдік тесттер синдикаты жасалды:
- ETS, Американың педагогикалық тестілеу қызметі, яғни әлемнің 40-тан астам елдерінде жұмыс істеп, жыл сайын жарты миллионнан аса адамнан ағылшын тілінен TOEFL (Test of English fs f Foreing Language) емтихан қабылдайды;
- АҚШ Сыртқы істер министрлігі институты тестілеу қызметі – FSI, шет тілі оқытушыларының Американдық ассоцияциясы жанындағы (ACTFL) тест орталығы;
- Европадағы лингвистикалық тестілеу ассоцияциясы (Assocition of Language Testes in Europe, ALTE) және Европалық одақ қолдауымен жұмыс істейтін Халықаралық сертификаттық одағы (International Certificate Conference, ICC);
- Кембридж университетінің емтихандық синдикаты;
Жоғарыда аталған тест орталықтарының тәжірибесіне көп сүйенуімізге тура келеді. Себебі оларда көптеген жылдар бойы тілдік білімді бағалаудың, бақылаудың – тестілеудің теориясы мен практикасы қалыптасқан (Лаврова, 1999).
Тарихи мәліметтерге көз жүгіртсек, бүгінгі күні тілдік білімді тестілеу оқытудағы қазіргі заманғы көзқарасты – коммуникативтік мақсатты білдіреді. Өткен жылдардағы тестілер – негізінен интуитивті немесе субъективті сипатта болды және оқытушының жеке пікір ойларына да байланысты болды десек қателеспейміз. Интуитивтік кезеңнен кейін тестілеу ғылыми кезеңге көшті десек те болады. Тілшілер бұл кезеңде тілдік білімнің объективтік бағалануының маңыздылығын баса көрсетті.
Қазір біз тілдік білімді бағалаудың коммуникативтік кезеңіндеміз. Бұл кезең тілдік тұлғаларды емес, оны қолдана білудің маңыздылығымен ерекшеленеді. Субъективтік, яки интуициялық кезеңде дайындалған тест мазмұны бойынша тіл үйренушілердің сөйлем үлгілерін, грамматикалық үлгілерді, құрылымдарды жаттауына тура келді. Субъективтік кезеңдегі тестілер көптеген жазбаша жұмыстардан құрылатын: диктант, мазмұндама, шығарма, оқылымға негізделген сұрақтарға жауаптар. Ал, бағалау негізінен тілдік білімі (тілдік білім дегеніміз – барлық қазіргі тілдер мен мәдениеттер саласы бойынша ана тілі мен меңгерген тіліндегі қалыптасқан білімі) жақсы деңгейдегілер үшін ғана сәйкес келді.
Қазіргі кездегі тестілер оқушының үйренген тіліндегі коммуникативтік біліктілігін бағалауды көздейді. Коммуникативтік біліктілік – лингвистикалық біліктілік, дискурстық біліктілік, стратегиялық және мәдени-әлеуметтік субъективті біліктілігі сияқты компоненттерден тұрады.
Тестілеудің кең таралуы қазіргі заманғы әдістемеде, оның ішінде лингводидактиканың аса маңызды бағытының бірі екені анықталды.
Лингводидактика (латынша lingua – язык+ грекше didaktikos - оқытушы ) шет тілін оқыту әдістемесі (Б.А. Глухов, А.Н. Щукин, 1993).
Лингводидактикалық тестілеу өзіндік мақсаты мен шет тілін оқыту мәселелеріне сай тесттік әдістемені қолдануда өзіне тән ерекшеліктерімен ерекшеленеді. В.А. Коккотаның көрсетуінше , «Лингводидактикалық тестілеу (language testing) тілдік және сөйлеу тестерін өңдеу және қолданумен айналысады, бір жағынан шет тілін оқыту әдістемесі саласына, екінші жағынанжалпы тестологияның бөлігі ретінде педагогикалық (пәндік) тестілеуге жатады»
Тест жетістігі оқушының коммуникативтік қабілет-құзіретінің қалыптасу дәрежесін өлшеуге бағытталған.
Тестің орындалу нәтижесі сыналушының тілді игеру деңгейіне жеткен жетпегендігінің куәсі бола алады. Осыған байланысты тест жетістігі өзінің құрылымына, мәтіндік материалдарға, тест тапсырмаларының түрлеріне, бағалау жүйесіне, сондай-ақ коммуникативті бағыттың талаптарына толыққанды жауап беруі тиіс. Демек, коммуникативтік тестік бақылауды қамтамасыз етуі керек. Мұнда атап кетерлік жайт, тесттің дәстүрлі құрылу аясында құрылымдық бағыт коммуникативтік қабілет-құзіреттің қалыптасу дәрежесін айтарлықтай өлшеу корректтілігін қамтамасыз ете алмайды. Мұндай тест деңгейлік үйренуге қатысты объективті мәліметтерді бере алмайды.
Коммуникативтік қабілет-құзіретті тестілеу мәселесі және сол бағытқа негізделген жаңа технологиядағы тесттік бақылаулар бүгінгі күні толық зерттелмеген мәселелердің бірі болып табылады.
Осыған орай, қарым-қатынасқа қатысты тестілеудің ерекшеліктері оған қоса қазақ тілін шет тілі ретінде игеру деңгейін сипаттау және айқындау мәселесі қарастырылады. Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға әкеледі.
Тақырыптың өзектілігі – шетел азаматтарына қазақ тілін оқытатын оқу орындары мен қазақ тілін шет тілі ретінде игеру деңгейін сертификаттау стандарты бірізділікке салу, яғни коммуникативтік қабілет-құзіретті қалыптастыру дәрежесін объективті түрде өлшей алатын және тілді игеру деңгейін анықтай алатын бақылауды қажет етеді.
Аталған зерттеудің мақсаты – коммуникативтік тесттік бақылауды “коммуникативтік тест” түсінігінің анықтамасын негіздеу және оқушының қазақ тілін шет тілі ретінде игерудің анықталған дейгейіне сәйкес коммуникативтік қабілет-құзіреттің қалыптасуын тексеруші тесттерді құрастыруда технологиялық қадамдарды жетілдіру.
Зерттеу нысаны – тұлғаның коммуникативтік сөйлеу әрекетін тестілеу-бақылау формасы, ал пәні тестік бақылау арқылы аталған салада коммуникативтік қабілет-құзіреттің қалыптасу оптимизациясы.
Зерттеудің гипотезасы – коммуникативтік қабілет-құзіреттің қалыптасуының объективті жағдайы коммуникативтік бағыт аясында ұйымдастырылған тестілеу арқылы орындалады.
Зерттеу мақсаты мен міндеті келесі мәселелерді шешу керектігін анықтады:
1) Лингводидактикалық тестілеудің ерекшеліктерін коммуникативтік бағыт аясында анықтау; “коммуникативтік тест” түсінігіне анықтама беру;
2) Коммуникативтік қабілет-құзіретті құраушыларды өлшеу үшін бақылау объектілерін бөлу;
3) Тесттік бақылау арқылы коммуникативтік қабілет-құзіретті бағалау және өлшеу параметрлерін айқындау.
1.Лингводидактикалық тестілеудің коммуникативтік бағыты
Тестілеу бұл тілдік деңгейді игеруді арнайы тест тапсырмаларының көмегімен бағалау әдісі. Тестер мазмұнына, түріне, тестілеу мақсатына қарай топтастырылады. Түріне қарай тестер индивидуалды, топтық, ауызша, жазбаша, пәндік, аппаратты (арнайы аппарат қажет). Мазмұнына қарай интеллектті (тұлғаның немесе топтың сол не басқа әрекеттерді орындау мүмкіндігін анықтау үшін) және оқытылып жатқан пән бойынша білік-дағдысын тексеру үшін мәтіндерді ажыратады.
Тестілеуді әдіс ретінде қолдану оқушының оқу материалдарын игеру мүмкіндігі мен игеру тиімділігін анықтау үшін бағалы мәлімет береді. Тілді оқыту сабақтарында лингводидактикалық тестілеу көмегімен тестіленушінің тілдік және коммуникативтік қабілет-құзіретін білу үшін қажет. Педагогикалық практикада тестілеуді ең бірінші болып 1864 жылы Ұлыбританияда Дж.Фишер оқушылардың білімін тексеру үшін қолданды. Оған арнайы кітап шығарылды; онда сұрақтың жанына жауап берілді, оқушыдан оның дұрыс жауабын таңдау талап етілді.
Тестілеу – зерттеу әдісі ретінде ХХ ғасырдың басында психодиакностика аясында, психология саласында адамдардың психикалық даму ерекшелігін оқыту объектісі және осыған сәйкес шет тілінде сөйлеу әрекетінде көрініс тапты. Осы ғылым аясында құрылған тестер оқушының коммуникативтік мүмкіндігін, есте сақтау ерекшелігін анықтауға мүмкіндік береді.
Тест тестілеудің әдісінің құранды бөлігі болып табылады. Тест бұл арнайы шкалалар нәтижесінің көмегімен орындау барысында тілді игеру деңгейіне сипаттама беруге мүмкіндік туғызатын тапсырмалар жүйесі. (Щукин А.Н, 2003,281,43)
Қазіргі күні (соңғы 30 жылдағы батыс тестологтарының жеткен жетістігіне орай) тестілеудің дамуындағы жаңа коммуникативтік кезеңді атап айтуға болады.
Бұл кезең тілге қатысты құрылымдықтан коммуникативтік бағытқа көшкен тестология дамуының заңды нәтижесі болып табылады.
Құрылымдық бағытта оқытудың және тестілеудің негізгі бірліктері – сөз, сөз тіркесі және сөйлем болып табылады. Тестілеудің мақсаты – сынақ тапсырушының тілдің жеке аспектілерін (грамматика, лексика, фонология, орфография) меңгеруін, контекстен тыс сөз және сөйлем деңгейінде білуін бағалау. Бұл жаңа коммуникативтік кезең таңдаудың көптігімен ерекшеленеді. Статистикалық өңдеу мүмкіндіктерінің нәтижесінде тестілеудің квалиметрикалық сипаты өріс алды (яғни тесттің орындалу нәтижесін анықтау қабілеті). Тест сенімділік және объективтілік сынды құнды сапаларға ие болды.
Келесі кезең психолингвистикалық/әлеуметтік лингвистикалық тестілеу практикасы мен теориясына клоуз-тестті әкелді.
Клоуз-тестілеудің ұстанымы деформацияланған мәтіндердегі бос орындарды толтыру. Ғалымдардың қорытындылауынша, клоуз-тест – жалпы тілдік білік-дағдының, тілді қолдана алу біліктілігінің жақсы индикаторы болып табылады. Сондай-ақ клоуз түріндегі тесттердің коммуникативтілік деңгейі жоғары деп бағаланды. Осы сапа клоуз-тесттердің шынайы қатысымдығы ситуацияларымен сәйкестігін көрсетті. Клоуз-тестілеуде тестілеудің жаңа бағыты пайда болды, бүгінгі күні батыста оны «прагматикалық тестілеу» деп атайды. Бұл бағыттың тұжырымдамасы коммуникативтік ұстанымға негізделген. (Күзекова З.С.)
Осы бағыттың дамуына белгілі тестолог Э. Ингрем үлкен үлес қосты.Ол Ұлыбритания мен Америкада 70-ші жылдары кеңінен қолданылып келген лингводидактикалық тестілеуді талдай келе, тестілеу объектілерін көрсетті. Оның айтуынша: «тестілеу объектісі практикалық білік-дағды болып табылады». Осыған орай ағылшын тілінің екінші тіл ретіндегі стандартты тест түрі құрастырылған болатын. (First Certificate in English – The University of Cambridge Local Examinations syndicate) (Томпсон, 1990, 66-67 б)
Бұл тест альтернататты құрылымдық тест түрінде құрылған. Вашингтон атындағы Университеттің профессоры И. Томпсон өзінің зерттеуінде көрсеткендей: оның пайда болуына негізгі себеп фонетика, грамматика және лексика – сөйлесімдердің жеке-жеке компоненттерін игеру деңгейін бағалау, дәстүрлі дискретті тесттерге деген наразылық туды.(Томпсон 1990,67)
«Сол кездегі жинақталған тәжірибенің көрсетуінше бұндай тесттер (дискретті – Н.Л) болжамды жарамдылықты иеленбегендіктен, оның көмегімен алынған ақпараттар сынақ тапсырушының тілдік құралдарды коммуникативтік мақсатта қолдана алған-алмағандығын көрсете алмайды. Тағы бір себебі, дискретті тесттерде критериалды жарамдылық болмағандықтан, оның нәтижелері тілді коммуникативтік жағдаятқа тиімді қолдана алу дағдысымен сәйкес келмейді. (Томпсон, 1990)
Шетел қызметі институты мен Білім берудің тестілеу қызметінің ортақтаса күш салуының нәтижесінде және үкіметтегі шет тілін оқыту кеңесі мен шет тілін оқыту Америкалық кеңесінде тест-интервью жасалды. Бұл тесттің мақсаты – шет тілін (екінші тілді) меңгерудегі бесдеңгейлік шкала арқылы коммуникативтік құзырлық деңгейін белгілеу. Тестілеуде әр түрлі тілдер қамтылды.
Қандай тест тілдік білімді – тіл білетіндікті бағалай алады немесе тілді үйренуге көмектесе алады? шетел
Жақсы дайындалған тест тіл үйренушіге екі себеппен көмектесе алады: Біріншіден, мұндай тестілер аудиторияда көпшілік қауымның сабаққа, тіл үйренуге деген ынтасын оятады. Мотивациялық тұрғыдан әрі тиімді оқыту нәтижесі не қол жеткізу үшін оқытушылар негізінен адиторияда оң ахуал қалыптастыруға тырысады. Екіншіден, тест тіл үйренушінің тілдік білімін жетілдіруге көмектеседі. Тілді үйренуші тест тапсыруға дайындалудан, тест тапсырудан кейінгі нәтижесін талқылаудан тек оның пайдасын көреді. Тест оқушының, студенттің, тіл үйренуші көпшіліктің тілдің қай жағына көңіл бөлуі, нені оқып, нені жетілдіру керектігін растайды. Қысқаша айтқанда, дұрыс құрастырылған тест оқуға деген оң көзқарастың қалыптасуына көмектеседі және кез келген тіл үйренушіде жетістік сезімін, сондай-ақ өз білімін оқытушы бағалауына сәйкес келетінін аңғарған сезімін де оятады. Жақсы тілдік тестілер тіл үйренушілерден табандылықты талап ете отырып, олардың тілді оқуына көмектеседі және жақсартуға тиісті әлсіз жақтарын да ашып көрсетеді.
Бағалаушыға тест қалай көмектеседі? Барлық оқытушылар өздерінің оқытқанының нәтижесі үшін жауапты. Біздің тестілеріміз төмендегідей маңызды сұрақтарға жауап беруге көмектеседі: “Менің оқытуым тиімді болды ма, жоқ па?”. Басқаша айтсақ, тест көмегімен біз тіл үйренушінің ынтасын бағалай аламыз. Тест нәтижесін есептеуді жүргізгенде біз өзімізге: “Менің сабақтарым тиісті деңгейде жүргізілді ме, мен қалай оқытып жүрмін, қандай тармақтарды қайта қарау керек, осы материалға менің көбірек/азырақ көңіл аударуым қажет пе?”- деген сұрақтар қоя аламыз. Сондай-ақ осы тестілер бізге болашақ тестілерді жетілдіруге көмектеседі: “Тест нұсқаулары анық болды ма?. Тест тапсырушы арнайы берілген уақытта тестіні аяқтай алды ма, тест мазмұны оны орындауға деген ниетін жоғалтып немесе көңілі толмаушылық туғызды ма, тест тапсырушының тілдік білімін, тест анықтай алды ма екен?” деген сияқты сұрақтар біздерді де мазалауы тиіс.
Тест бағаланушыға да, бағалаушыға да көмектеседі, яғни, тестер қол жеткен прогрессті растайды және болашақ жұмысымызды жақсы жақтарға бұруға, ілгерілеуге бағыттайды. Түйіндей айтсақ жақсы тест аудиторияда тест тапсырушының моральдық ахуалын жақсартуға, оны қодауға көмектеседі, сондай-ақ көмекші оқу құралы да болып табылады
Тарихи мәліметтерге көз жүгіртсек, бүгінгі күні тілдік білімді тестілеу оқытудағы қазіргі заманғы көзқарасты – коммуникативтік мақсатты білдіреді. Өткен жылдардағы тестілер – негізінен интуитивті немесе субъективті сипатта болды және оқытушының жеке пікір ойларына да байланысты болды десек, қателеспейміз. Интуитивтік кезеңнен кейін тестілеу ғылыми кезеңге көшті десек те болады. Тілшілер бұл кезеңде тілдік білімнің объективтік бағалануының маңыздылығын баса көрсетті.

Тестілеудің коммуникативтік кезеңінде біз әр түрлі білік дағдыларынан жинақталған емтихандарды дұрыс деп санаймыз. Негізінен, коммуникативтік тестілер тілдік (теориялық) білік дағдысын емес, оқушының меңгерген екінші тілінн, үшінші тілін қолданан алатындығын бағалау үшін қажет. Сондай-ақ, біз бүгінгі күні бұрынғы жетістіктерге мүлдем теріс қарай алмаймыз. Тестілеудің субъективтік те, объективтік те кезеңдеріндегі ілгерілеуді жоққа шығара алмаймыз. Бүгінгі тестілер аталған екі кезеңнің де жақсы жақтарын пайдалануда. Кейбір оқулықтарымыз бен оқу құралдарымызда кездесіп қалып жүрген тестінің жаңа бір түрі – жабық тест жоғарыда айтқанымызды дәлелдей түседі: Сондай-ақ, тест грамматика мен сөздік қорды да қамтиды, қойыоған баллдар объективті. Жақсы тестілер оқушыдан бұрынғы тестілеуде кеңінен пайдаланылған лингвистикалық терминологияны талап етпей-ақ құрастырылуы мүмкін.
Екіншіден, емтиханның кейбір түрлері сирек қолданылады.Мысалы – аударма. Тестінің бұл түрі тілдік білімі ілгері студентке, оқушыға немесе аудармашыларға лайық. Диктант тестілеудің ғылыми кезеңінде сынға ұшыраған болатын-ды, бірақ қазір де кең қолданыста. Эсседе ортаңғы және ортаңғыдан жоғары деңгейлерді оқыту барысында, тестілеу барысында қолданылып жүр. (Мысалы, өз пікіріңді, өз көзқарасыңды жаз деген тапсырма түрлері) (Күзекова)
Прагматикалық тесттің 30 жылдық тәжірибесі коммуникативтік бағыттың маңыздылығын көрсетеді.
Тесті коммуникативтік қабілет-құзіретті қалыптастыру деңгейін анықтау әдісі ретінде қолдану идеясы лингводидактикалық тестілеудің алдына - бақылау жүргізгенде коммуникативтік бағыттың аясында тест қандай болуы керек деген сұрақ қойды.
Бақылауға қатысты коммуникативтік бағыттың басты талабы мынадай, яғни бақылау (тесттік) қарым-қатынасты модельдеуі (өңдеуі) керек. Өйткені қарым-қатынас коммуникативтік қызмет атқаруда коммуникативтік мәселелердің ең маңыздысы болып табылады (Пассов, 1989,9).
Демек, Арутюновтың «өзінің ойын өзгелерге жеткізу және олардың өз пікіріне қатысты ойларын білуге қабілеттілігі» пікіріне сай, бақылау тіл үйренушінің тілдерді игерудегі қабілет-дағдысына орай құрылуы тиіс.
Егер тест коммуникативтік мәселелерді шешуге қабілетті болып табылатын бақылау объектісі болса, онда ол коммуникативтік тест болып табылады.
Аталған коммуникативтік тест тіл үйренушінің коммуникацияға дайындығын білуге және коммуникативтік қабілет-құзіреттің деңгейді өлшеуге құрылғанына орай қолданылуы қажет.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык жумыс Лингводидактикалық тестілеудің теориялық мәселелері дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар казак тили жобалар дипломдық жұмыстар