Мектепке дейінгі педагогика | Кіші мектеп жасындағы балалардың ойлау процесін жетілдіру жолдары

 Мектепке дейінгі педагогика | Кіші мектеп жасындағы балалардың ойлау процесін жетілдіру жолдары

Мазмұны

КІРІСПЕ
І БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Ойлау процесінің түрлері мен қызметіне сипаттама
І.2 Бастауыш сынып оқушыларының даму ерекшеліктері
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының ойлауын дамытудың психологиялық маңыздылығы

II БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУ ПРОЦЕСІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Ойлау процесінің даму деңгейін анықтау әдістері
2.2 Бастауыш сынып оқушыларында ойлауды дамыту мен қалыптастыру жұмыстары
2.3 Зерттеу нәтижелерін жинақтау

Зерттеу өзектілігі
Жаңа заман мектеп реформасы тек мектептің басқару жүйесі мен оқу үрдісін қамтып ғана қоймай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімдері түгелімен өзін-өзі жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті жаңа технологияларды меңгере отырып, үнемі ұштай түсу яғни іздену үстінде. Кез келген оқу процесі қиыншылықтар мен қайшылықтар туғызып отырады. Ондай мәселелерді таным үрдістерін, есте сақтауды дамыту, көңіл-күй мәселесі, берілген білімді қабылдау, ойлауды дамыту, қиялына әсер ету сияқты факторларды оқушымен ынтымақтасқан түрде жүзеге асыру мұғалім мен мектеп психологының бірлескен қызметтеріндегі іскерлігі мен кәсіптік шеберлігіне байланысты болып отыр. Кез-келген оқу процесі болсын немесе күнделікті өмірде мұғалім балалардың жас және дара ерекшеліктерін, жеке психикалық жай-күйін бағалай алмаса, белгілі бір мақсатқа қол жеткізіп, сыныпта жақсы психологиялық ахуал жасай алмайтыны белгілі. Сондықтан қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарқындап дамуына байланысты жаңа тұлғаны қалыптастыру заман талабы. Бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ойын дамыту мәселесі қазіргі таңдағы педагогика мен психологияның ортақ мәселелелерінің бірі болып табылады. Осы кезеңде оқушының қоршаған болмыспен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін барлық психикалық процестердің қарқынды даму кезеңі. Қоршаған болмыс құбылыстарының ең бастысын, маңыздысын ажырата білуге үйренеді, құбылыстың себептерін тауып, салыстырып, талдау жасай білуге және қарапайым қорытынды қалыптастыруға жаттығады. Заттармен жұмыс істеудің көптеген тәсілдерін меңгереді, өзін-өзі басқара бастайды, әрекет жасау ережелерін игереді. Мұның барлығы бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ойының дамуын болжайды.
Ғалымдар қазіргі ақпараттың үздіксіз көтерілуі шарттарында ақыл-ой дамуының ерекше мәнге ие екендігін көрсетеді. Бұл білімнің белгілі бір бөлігін меңгеру ғана емес, солардың ішінен ең маңыздысын таңдау, оларды әртүрлі мәселелерді шешуде қолдана білу, онда материалды логикалық өңдей білу, онда белгілі бір мәндік байланыстар мен қатынастарды орнатудың маңызды екендігін аңғартады.
Бастауыш мектеп оқушысының жеке тулғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін байыту, сабаққа ынта-жігерін арттыру, ақыл ойын дамыту - бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі.
Өйткені, қазіргі кезеңдегі қоғамның жедел дамуы ғылым мен техниканың дамуымен байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканы, өндірісті дамытатын бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектеп оқушылары үлкен жауапкершілік пен білімдарлықты қажет етеді. Оқушылардың өз-өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылық ойлауын дамыту, өтілетін сабақтың оқу-материалын терең ұғына білуге баулу - мүғалімнің психологиялық шеберлігіне де байланысты.
Мұғалімнің әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі оқыту талаптарына сай болып келуі қажет. Бұл айтылған талаптармен бірге мұғалімнің күнделікті өтілетін әрбір сабағы ғылыми түрде негізделіп, оның тәлім-тәрбиелік мәні жан-жақты ашылуы тиіс.
Осы талаптардың орынды атқарылуында ғана оқушыда шығармашылық ойлау дами түсіп, оқушының оқуға, білімге деген құштарлығы дамып отырады. Оқушы құлшынысын ұдайы дамытып әрбір сабағын жаңаша ұйымдастыра біліп, оқытудың озық әдіс-тәсілдерін қолдана білгенде ғана бастауыш сынып оқушыларының ойлау процесі дами түседі.
Пән мұғалімдері бұл айтылған талаптарды іске асыра алуы үшін оның ізденімпаз болуы шарт. Демек, мұғалім мен оқушының арасындағы оқыту үрдісінің іс-әрекеттері арқылы оқушыда ойлау процесі дами түседі.
Осындай кездерде өтілетін жаңа сабақтың негізгі үш мақсаты (білімдік, тәрбиелік, дамытушылық) толық шешімін таба білгенде ғана оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттырумен бірге, сабаққа қызығушылығын арттыра білуі керек.
Мұғалім өтілетін сабақтың тақырыбына сәйкес алдын ала жоспарланған сұрақтармен оқушы ынтасын, зейінін, ой-қиялын дамытуға септігін тигізетіндей болуы керек. Олай болса, өтілетін сабақтарда тапсырмалардың жауабын табуда, орындауда, қойылған сұрақтарға жауабын беруде «Ой таласын» жасау, танымдық ойындар ұйымдастыру т.б. ұтымды оқытудың жаңа технология түрлерімен іске асырылып отырған жағдайда сабақ тартымды өтілетіні белгілі.
Жоғарыда аталған мәселелер арнайы ұйымдастырылған оқыту процесі ойлау іс-әрекетінің қайнар көзі екенін айта келіп, зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Кіші мектеп жасындағы балалардың ойлау процесін жетілдіру жолдары» деп таңдап алдық.
Зерттеудің мақсаты –ойлау процесін теориялық талдау және даму деңгейін эксперимент арқылы зерттеу.
Зерттеу нысаны – бастауыш сынып оқушыларының ойлау процесінің даму ерекшеліктері.
Зерттеу пәні - бастауыш сынып оқушыларының ойлауын дамыту процесі.
Зерттеу болжамы - егер ойлау мәселесін арнайы теориялық зерттеулер негізінде қарастырып, оны дамыту жолдары анықтау мен жетілдіруге бағытталған жұмыс жолдары нақтыланса, онда бастауыш сынып оқушыларының ойлау процесінің дамуына тиімді ықпал етуге болады.
Зерттеу міндеттері
- ойлаудың түрлері және ойлау процесінің ерекшеліктерін қарастыру;
- процесінің даму деңгейлерін, оның өлшемдері мен көрсеткіштерін айқындау;
- эксперименттік зерттеу нәтижелерін жинақтау және қорытындылау.
Зерттеудің теориялық мәнділігі - ойлаудың ғылыми ұғымдарының мәнін аша отырып, оның дамуы мен қалыптасуы сипатталынды. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау процесін дамытудың психологиялық ерекшеліктері, зерттеу мәселесіне байланысты жас ерекшелігі психологиясының мәні мен мазмұнын ашады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы - зерттеуден алынған нәтижелерді ойлау процестерін дамыту мақсатында қолдануға болады. Алынған нәтижелерді психологиялық-педагогикалық тәжірибеде қолдану тұлға қабілетін дамыту мүмкіндіктерінің тиімділігін жоғарылатады.
Зерттеу әдістері – теориялық талдау, диагностикалық және психокоррекциялық әдістер.

1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1. Ойлау процесінің түрлері мен қызметіне сипаттама

Ойлау процесі объект пен субъектінің өзара әрекеті ретінде жүзеге асады. Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, ойлаудың мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.
Қазіргі психологияда ойлау ұғымына әр түрлі түсінік беріледі, ойлау дегеніміз - әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.
Ойлау – адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде сондай-ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс.
Ойлау – аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінен заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу, ойлаудың білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.
Ойлауды дамыту – оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады. Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.
1. Практикалық іс-әрекеттілік.
2. Көрнекі-бейнелік
3. Сөздік – логикалық.
Ойлауды дамыту процесі төмендегілерді қамтиды.
1. Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту /практикалық іс-әрекеттік, көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық.
2. Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, классификациялау т.б.
3. Заттың мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту.
4. Қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды байланыстарын табу.
5. Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу.
6. Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз және негізді түрде баяндау.
7. Ойлау тәсілдері мен амалдарын бір саладан екіншіге көшіре білу.
8. Құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасау.
9. Формальды логикаға негізделген ойлаудан, диалектикалық логикаға негізделген ойлауға көшу процесін стимулдау.
10. Оқушылардың оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерінде формальды және диалектикалық логика заңдары мен талаптарын қолдану дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіру.
Сын есімді оқыту процесінде оқушылардың ойлауын дамыту дегенде ойлаудың барлық түрлері, формалары мен амалдарын қалыптастыру және жетілдіруді танымдық және оқу іс-әрекетінде тәсілдерінің білімінің бір облысынан екіншісіне көшіруді жүзеге асыра білуді түсінеміз.
Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру арқылы біз оқушылардың ойлауын дамытамыз. Ойлауды дамыту критерийлері ретінде оқушылардың ойлауын дамытудың қандай да бір деңгейінің жетістігін көрсететін көрсеткішті түсіндіреді. Деңгей-ойлауды дамытудың дәрежесі, критерий – деңгейдің өлшемі.
Оқушылардың ойлауын дамыту деңгейлерін анықтау үшін, психологтар ойлауды дамытудың сегіз шартын тұжырымдайды:
- ойлау операцияларын түсіну дәрежесі – ойлаудың маңызды сипаттаушысы:
- операцияларды меңгеру дәрежесі анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, нақтылау, классификациялау және т.б. оларды барлық танымдық процестерде қолдана білу /оқу, оқудан тыс/
- операцияларды түсіну және ойлау тәсілдерін басқа жағдайларға және басқа нәрселерге ауыстыруды жүзеге асыра білу дәрежесі.
- ойлаудың әртүрлі түрлерінің қалыптасу дәрежесі.
- білім қорының, олардың жүйелілігінің, білімді меңгерудің жаңа тәсілдерін білу дәрежесі.
- мидың әртүрлі сапаларының динамикалық дәрежесі /тереңдігі, икемділігі, тізбектілігі, шапшаңдылығы және т.б./
- іс-әрекеттегі ықшамдылық дәрежесі: шығармашылықпен жұмыс,жаңа жағдайларға бейімделе білу.
- оқушылардың логикалық ой қорытуларды меңгеру, оларды іс-әрекетінде қолдана білу дәрежесі
Оқушылардың ақыл-ойын дамыту мен оқыту өзара байланысты екенін атап көрсетті. Оқыту арқылы ойлаудың төмендегі сапаларын дамытуға ықпал етуге болады:
1. Ойлаудың икемділігі.
2. Ойлаудың тереңділігі мен кеңділігі.
3. Ойлаудың сынилығы.
4. Ойлаудың мақсаттылығы.
5. Ойлаудың жалпылығы.
6. Ойлаудың өз бетіншелдігі.
7. Анықтылығы, дәлелдігі.
Ойлауға тән осы сипаттар оқушылардың ойлауының мәдениетін көтеруге, олардың интеллектуалдық потенциалын дамытуға көмектеседі [1].
Ойлаудың жүйелі түрде қалыптасуы тек оқу процесінде ғана емес, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына да көмегін тигізеді. Ойлау мәдениеті жеке тұлғаның туа біткен қасиеті болып табылмайды, ол таным процесі барысында қалыптасады. Ойлау аппаратының дамуы арқылы адамның танып-білу мүмкіндігі ұлғаяды, қарастырылып отырған мәселенің түп мәніне тереңірек үңілуге мүмкіндік алады.
Ақыл-ой еңбегі мәдениеті - ойлау мәдениеті- сыншыл ойлау мәдениеті. Осылайша, оқу бағдарламаларына сәйкес білімді меңгеру оқушыдан күрделі ақыл-ой еңбегін, жақсы есті дамыған қиялды және оқуға шығармашылық тұрғыдан келуді талап етеді.
Ойлау мәдениеті түсінігін ойлау қабілеті дамуының белгілі бір дәрежесі ретінде түсіндіреді, яғни тар мағынасында ол «Ойлаудың қағидалық әдісі немесе ұғымдарға сүйеніп ойлау өнері». Бұл бәрін терең, әрі жан-жақты қарастыруға көмектесетін, сол арқылы мәңгі даму үстіндегі әлемді дұрыс қабылдайтын ойлаудың әдістері мен тәсілдерін меңгеру арқылы қол жеткізу [2].
Ойлау аса күрделі психикалық процесс. Ойлау туралы зерттеулермен бірнеше ғылымдар айналысады. Соның ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Осы екі ғылымның ойды зерттеудегі әдіс-тәсілдерінде де өзіндік айырмашылықтар бар. Мәселен, психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика – бұл адамзатқа ортақ ой әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел ой формаларының табиғатын зерттейді. Кей жағдайда бұл екеуі бірін -бірі толықтырып, ой мәдениетінің арта түсінуге көп пайдасын тигізеді.
Ой әрекеті барысында адам қоршаған дүниені танып, бұл үшін ерекше ақыл қасиеттерін орындайды. Бұл нақты қызметтер өзара байланысқан, бір-біріне ауысып отыратын ойлардың әрқилы әдістерінен құралады. Бұлардың негізгілері: талдау, біріктіру, салыстыру, дерексіздендіру, нақтылау және қорытындылау.
Талдау – бұл оймен бүтінді жіктеу немесе бүтіннен оның қырларын, әрекет не қатынас бірліктерін бөліп алу. Қарапайым формадағы талдау-әрқандай затты практикалық қажеттілікке орай құрама бөлшектерге ажырату. Мысалы, балаларды қандай да өсімдікпен таныстыруда оның құрамын көрсетуден байқаймыз (тамыры, сабағы, жапырағы). Және ақылдық (теориялық) болып бөлінеді. Егер талдау жоғарыда айтылған ой операцияларына ұштаспаса онда ол қате, механистік сипат алады.
Біріктіру – бұл әрқилы бөлшектер, қасиеттер мен әрекет қимылдарды тұтас бірлікке топтастыру. Біріктіру операциясы талдау әрекетіне қарама-қарсы. Бұл қызмет барысында жеке заттар мен құбылыстар күрделі, бүтін құбылысқа қатысы бар бөлшек, элементтер тобы ретінде қарастырылады. Талдау мен бітіктіру ажырамас бірлікте жүріп жатады. Әрдайым біртұтас бүтіндік сипатқа ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру