География | Кіші алматы өзенінің су ресурстары

 География | Кіші алматы өзенінің су ресурстары

Мазмұны


Кіріспе………………………………………………………………………..
1 Кіші Алматы өзені алабының физикалық-географиялық сипаттамасы…..
1.1 Табиғи жағдайы……………………………………………………………
1.2 Гидрографиясы……………………………………………………………
2 Су ресурстары және кіші алматы өзенінтұрмыстық пайдалану………...
2.1 Кіші Алматы өзенінің гидрологиялық зерттеу ..
2.2 Су режимінің ерекшелігі…………………………………………………
3 Негізгі тасқын сипаттамаларын есептеу …
4 Кіші Алматы өзенінің шаруашылықта қолданылуы..................................
Қорытынды ....
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………….......………………....
Қосымша ....

Қазіргі уақытта Алматы қаласының агломерациясы Қазақстан республикасының экологиялық жағдайы қиын аудандарының қатарына кіреді, мұндағы барлық табиғи орталар топырақ, су, өсімдік, атмосфера улы химиялық заттармен жоғары дәрежеде ластанған, соңғылардың ішінде қаланың экологиялық жағдайын қалпына келтіруде ағын суы Алматы қаласының кіші өзендері ерекше көңіл бөлінуде, себебі олар шынайы табиғи сүзгі болып табылады, сондай-ақ, сумен қамту, гидроэнергия, рекреация зоналарында негізгі су көзі ретінде қолданылады.
Өндірістің жоғары дәрежеде шоғырлануы, халықтың тығыз орныласусы, және бір жағынан жалпы үлкен өзендердің әлсіздігі, Алматы қаласы өзендерінің деградациясымен ластануына алып келеді.
Берілген жұмыстың мақсаты Кіші Алматы өзендерінің антропогенді түр өзгерісі дәрежесін анықтау, өзендерді қалпына келтіру және сақтау үшін суды сақтау зоналарын басқару және құрастыру бойынша нұсқауларды ойластыру болып табылады .
Зерттеу талаптары:
—кіші өзендердің суын жинау зоналарымен жолақтарының шегараларын нақтылау мақсатында оларды табиғи зерттеу;
—зерттеу обьектілеріне оларды тұрмыстық қолдануы, реттелуі,су сапасы және т,б антропогенді жүктеменің дәрежесін бағалау;
—тұрмыстық субьектілердің суды қорғау жолағымен олардың экологиялық қауыптілігін бағалау, аралығында инвертарзациясының және олардың айқындалуы;
—суды қорғау зоналарын басқару және құрастыру бойынша нұсқаулар жасау.

1 КІШІ АЛМАТЫ ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Кіші Алматы өзені Іле Алатауы жотасының солтүстік жағы арқлын өтіп, Балқаш көлі бассейіне жатады, оның су жинау ауданы 118 km²-ды құрайды, Қаскелең өзеніне құйарда 710 km²-қа жетеді.


1.1 Табиғи жағдайы

Алматы қаласы арқылы өтетін өзендер бассейінінің су жинау алабы, Іле Алатауынің солтүстігінің орталығын алып жатыр, олардың ауданы тігінен дифференциалданады, ең жоғары биктігі 4500 м-ге жетеді. (Орджоникидзе шыңы 4410 м, Легостаева шыңы - 4468 м, және т.б) ал ең төменгісі 500 м-ге жуық, (Қаскелең және Іле өзендеріне жақын) яғни жалпы биіктігінің амплитудасы 4000 м, бүл әр тұрлі биктік зоналарда табиғи жағдайлардың өзгеруіне әкеледі, қаланің өзі салстрмалы жоғары деңгейде 1350 м-ге дейін, сәкесінше 5амплитуда 700 м-ді құрайды. Бірақ мұндай өзгерстері бар қалалар көп кезіге бермеиді, бұған далел алматылықтарға таныс қаланың жоғары және төменгі жағындағы кілиматтық жағдайының әртұрлілігі.
Іле Алатауы жоғары таулы жотасы күрделі, геологиялқ тарихқа йе оның сол орнындағы ең алғашқы көтерілуін камтитын тау түзіліу кезеңі деп аталатн 300-400 млн жыл бұрнғы ерте органикалық әлемде болды. Одан бері ондаған миллион жыл өтті, бұл ескі таулар химиалық және физикалқ жеке тұрлердің әсерінен тұзілып ескі теңіздердің суларымен басылып қалған, бірақ 200-250 млн жыл бұрын, герцсе қыртсыстары дәуірінде олардың пәрменде көтерулері болды, іле Алатауының граниттерінің көп бөлігі осы кезеңде жатады, келесі тұзілісі алъп тау тұзілу процесі кезінде болады, (ондағы миллион жыл бұрін) және жаңа жер бедерінің жалпы пішіні қалыптасты, жоталардың қарқынды көтерілуі соңғы 300-400 мың жыл бұрін болды, біздің заманымздағы жер сілкіністерінің таутұзілу процесінің жалғасуын көрсетеді, соңғы 100 жылда қала екі катастрофалық жер сілкінісінің бастан кешті (1887 және 1911 жылдары) одан басқа оншақты орташа оқиғаларды басып өтті. Қарастырып отырған территория Азия аудандарындағы белсенді сисмалогиалық аудандардың біріне жатады. арнайы зерттеулер Іле Алатауының жылына 3-5 мм орташа есеппен өсетіндігін қөрсетеді, бұл өте айтарлқтай шама, сонымен геологиялық жағынан Іле Алатауы – жас тау.
Өзен бассейндері климаты континенталды мен ерекшелінеді, жыл бойы және тәулігіне температурасына күрт ауысып отрады, сонымен қатар теңізбен бен мұхиттан өте жырақ орналасуына байланысты ылғал жетспейді, тауға жақындаған сайын континеталдық жұмсарады, жердің бассейініне қарай ауа температурасының тербелу амплитудасы мен жауын-шашын мөлшері өседі (1 және 2 кесте).
Қалада және жоғары таулы аймақтарда суық болып қаңтар айларында, аэропорт жақта (минус 11,50С) жоғары, ал таулы мұзды аймақтарда (Мың жылқы минус 12,70C) суық болып келеді, қаңтар айының ең жылы болатын жағы қаланың ең жоғарғы жағы, (тасты жазық, минус 3,80C) мұны температураның қысқы инверсиясымен тұсіндіруге болады, суық ауа массасы ауыр болап, төменге қарай жылжиды, темпратураның абсалютты минимуммы қалада 1951 жылы 26-ақпанда тіркелді, әуежай жақта минус 480C болса, Абай даңғылында минус 380C, ал Каменка жағында минус 200C болады,абсалютты темпратураның максимумы (шілдеде 1944 жыл) Алматыда 420C қа жетті (2-4).
Жылдық орташа ауа температурасы қарастырылып отырған территорияның көп бөлігінде оң таңбалы, тек 2900 метрден бастап және одан жоғары теріс мәнге ие болып, өте жоғары таулы зоналарда мәңгілік қату, мәңгі қар және мұз болу құбылыстары болуы мүмкін.
Қаланың төменгі жағына сәуір айында жауын-шашын көп түседі, оның жылдық орташа мөлшері әуежайдан Каменка жазығына қарай екі есе өседі (420 мм -ден 888 мм -ге дейін).
Нөсер жауындар көктем айларымен жаздың алғашқы жартысында жиі жауады, қалада жылына 30-40 мм болатын жауын-шашынды нөсер тіркеледі, мұндай нөсер жаңбырлар өзендер ағынысын күрт жоғарлататын, лас селді ағындарды туғызуы мүмкін.
Қалада қар жамылғысы орташа қазан айының соңына қарай түседі, ал Медеуге екі-үш апта бұрын түседі, жамылғының тұрақты түсуі, қараша айының аяғында байқалса, Медеуде қарашаның басында көрінеді, Қар қалада наурыз айының соңында, Медеуде сәуір айының соңына қарай ериді.
Қар жамылғысының жазықтықтағы орташа биіктігі 20-25 см ге (ақпан басында), кейде 50-55 см, ал Медеуде сәйкесінше 60-65 cм ден 100 см-ге дейін жетеді, Мыңжылқы метостанциясында 90-140 см, Тұйықсу мұздығында 150-250 см дейін болады.
Егер территорияның солтүстік жағында және құрғақ жазық өлкесінде салыстырмалы құрғау әрі ыстық болады, қалыпты суық қыста күрт континенталды белгілері болса, континенталды белгілердің байқалғаны, орташа таулы полюсте жазі жауын шашынды өте ыстық емес, қыс жылы келеді.

Желдің режимі жеркілікті жағдайлармен анықталады, “желді көлеңке” тарабында орналасқан желдің орташа жылдық жылдамдығы аса үлкен емес 1,5-ден 2,5 м/с дейін өзгереді. Желдің жылдық максимумы жаз айларына, минимумы қыс айларына сәйкес келеді. Таулы-аңғарлы жел әсіресе шілде, тамыз айларында байқалады. Оның ерекшелігі – желдің бағыты тәулік кезегінде өзгеріп отырады, күн батқаннан таң атқанға дейін таулы жел соғып, таулы салқындықты әкеледі, ал күндізгі уақытта алқап жел тау бағытына қарай соғады, Желдің таңның атуынан және батуынан бұрын ауысуы аз уақытқа желсіздікті тудырады.
Мәңгілік қар және мұздық Алматының екі өзені – Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендерінің жоғары жағында болады, Соңғы ҚР ҰА-ның Георгафия институтының дәлелдеген нәтижелеріне сәйкес бірінші бассейінде (Үлкен Алматы) жалпы ауданы 39,5 км2 болатын мұздық орналасқан, ол өзеннің таудан шыққан кездегі ауданының 11,5 км2 болатын 12 мұздық бар. (сәйкесінше су жинағының 10 %) Үлкен Алматы өзеніндегі мұздық – орталық Тұйықсу мұздығы, ұзындығы 5,1 км, ауданы 3,8 км2-ді құрайды.
Кіші Алматы өзені бассейніндегі мұздықтардың ұшы Іле Алатауы мұздықтарының төменгі деңгейі – 3500 м, Үлкен Алматы бассейінінде ол 3605 м биікте жатыр.
Топырақ пен өсімдіктің жақсы болуы вертикал белдеуде жақсы көрінеді.
Қаланың солтүстік жағы 600-ден 700 м дейінгі биіктікке қарай шөлді – жазық белдеу орналасқан. Топырақығның түсі ашық қызғылт және сұрлау. Белдеудің табиғи көрнісі адамның тұрмыстын шаруашылығына қарай өзгерген.
Жоғары қарай 1300-ден 1400 м-ге дейін таулы-жазық белдеу басталады. Өсімдіктер ақселеу – улы келеді, мұндай итмұрын, бөріқарақат және т. б. Бұл аудан мәдени жеміс-жидектермен бақша ауданы.
Келесі орманды – шалғынды белдеу 2800-ден 2900 м-ге дейін жатады. Бұл белдеудің төменгі жағында жапырақты орман (осына, қайын, шетен, жабайы алма, өрік, долана) орналасқан, жоғары қарай қылқан жапырақты (шырша) алқабы басталады. Мұның алғашқы белгісі Тян-шанъ шыршасы (Шеренка шыршасы) аталады. Шыршалы орман көбіне бақшалы сипатта болады. Бұл аймақтын топырақы таулы-орманға сәйкес қою түсті, жасыл түсті және таулы-шалғынды қара түсті келеді.
Белдеудің жоғарғы бөлігінде таулы-шалғынды және шалғынды-қырлы топырақты субальплік шалғын және шалғынды және шалғынды қырлы өсімдіктер шоғрланған..
Сонымен қатар, альпілік және гляциалды егінді белдеу бар, Альпілік белдеу де (3800 м дейін) таулы шалғынды топырақтан және езілген өсімдік тәрізділер кездеседі, яғни арасында жастық тәрізді және розеткалы формалы – кобрезия, қияқ, мхи, қына, қарақұмық, қозыкүл, анемондар т. б, кездеседі.
3800 м ден жоғары мәңгі қар мен мұздықтар кездеседі. Бұл бөлімде қарастырлған негізгі физика географиялық факторлар өзеннің су режимінің ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру