География | Есіл өзені бассейнінде су тасқынының

 География | Есіл өзені бассейнінде су тасқынының

Мазмұны

Кіріспе
1 Есіл өзен бассейнінің табиғи экологиялық жағдайының жалпы сипаттамасы
1.1Географиялық орналасуы және рельеф
1.2 Геологиялық құрылым
2 Қазақстан Республикасы аймағындағы Есіл өзені торабының су шаруашылықтың экологиялық жағдайы
2.1 Есіл өзенінің суын пайдалану
2.1.1 Ауыз сумен қамту
2.1.2 Лас суды әкету.
2.1. 3 Өндірісті сумен жабдықтау
2.1. 4 Жылу энергетикасы
3. Есіл торабындағы су қорғаудың қазіргі жағдайы
3.1 Су объектілерін қорғау
3.1.1 Есіл ТСБ орнында жүргізілетін іс-шаралар
3.1.2 Жобалық өңдеулер
3.2 Өзендегі лас суларға бақылау қызметін ұйымдастыру
3.2.1 Мемлекеттік бақылау
4. Есіл өзенінің су қорғау аймақтары мен жолақтары
4.1 Су қорғау аймағы мен жолақтарының өлшемін анықтаудың әдістемелік негізін өңдеу
4.1.1 Су қорғау аймағы
4.1.2 Су қорғау жолақтары
4.1.3 Жер үстін сумен жабдықтау көздерінің санитарлы қорғау аймағы
4.2 Есіл өзенінің су қорғау шекарасын анықтау
4.3 Есіл өзенінің су қорғау аймағының жолақтарының шекарасын анықтау
4.3.1 Су сақтағыштара үшін жағалаудағы су қорғау жолақтарының шекарасын анықтау
4.3.2 Астана қаласы ауданының Есіл өзені жағалауындағы су қорғау жолағының шекарасын анықтау
4.4 Су қорғау аймақтары мен жолақтарын ұйымдастыру шаралары
4.5 Өзен экологиялық жағдайының су қорғау аймақтарын құру әсерін бағалау
5. Су қорғау белгілеріне сипаттама
5.1 Су қорғау белгілерінің тораптары
5.2.1 «Су қорғау аймағының жағалау жолағының» белгісі
5.2.2 Санитарлы қорғау аймағының белгісі
6. Су қорғау аймақтары мен жолақтарының жобасы
6.1 Пайдалану шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Биосферадағы тіршілік иелерінің бәрі де табиғаттағы ен асыл да бағалы зат – судың қатынасыуымен өтіп отырады. Су барлық тірі ағзалардың құрамдас бөлігі бола отырып, тұрмыста алуан түрлі үрдістерге қатысады.
Су қорғау аймағы өзен, көл, су қойма және тағы басқа жер беті су көздер акваториясына қосылатын ауданға арнайы шаруашылық режим немесе басқа қызмет түрлері белгіленеді. Соған байланысты су қорғау аймағы бөлінеді. Ені 20-ден кем емес бұл аймақ су нысанына және су шаруашылық құралымына шектеулі шаруашылық қызмет режимі орнатылады.
Су қорғау аумағындағы арнайы режимді сақтау табиғатты қорғау кешенінің құрама бөлігі су нысанының және жағалық аймағының абаттану жағдайы гидрологиялық, гидрохимиялық, гидробиологиялық, санитарлық және экологиялық шараларын жақсартады. Сонымен қатар су қорғау аймағы және жолақтары Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысы 19.03.04 ж. №451 шараларының бірі «республика аумағындағы апат жағдайларынын алдын алу шаралары» су қорғау аймақтарында нысандар тұрғызуға тыйым салу салалары [1].
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының облыстарының қатарында өзендерге су қорғау аймағы және жолақтары, бірақ бұл қаулы есепке алмайды:
-су жайылу шекаралары;
-бассейннің физико-географиялық жағдайлары;
-бар елді мекен және инфражүйе.
Су қорғау аймақтарының және жолақтарының нақты өлшем құру үшін әр өзенге сәйкес жобалық жұмыстар өткізу қажет.
Су қорғау аймақтарын және жолақтарын құру келесі қызметтерді бақылауға мүмкіндік береді:
1. судың сапасын жақсарту;
2. су тасқындарынан қорғау;
3. ағынды қорғау
Су қорғау аймақтарын және жолақтарын құру Есіл өзені бассейнінің физико-географиялық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін пайдаланып қарастырыды.
Судың сапасын жақсарту. «Есіл өзен бассейні Қазақстан Республикасы территориясының 245 мың км. (215 мың км. ) алып жатыр. Елді-мекен 1.9 млн. адамнан құралған, олардың 1.09 млн. (57%)-қала тұрғындары. Бұл су ресурстарымен аз қамтамсыз етілген бассейндердің бірі. Су қоры 5.34 км құрайды. Су қорының көп бөлігі көлдерде шоғырланған-55%, өзен ағыны 34% құрайды, су қоймаларда 7% шоғырланған. Қазақстан бойынша жер асты суларының қоры-0.19 км (Балқаш-Алакөл бассейнінің қорынан 30 еседей кем) және бассейндегі су балансының барлығы 4% құрайды[2].
Есіл өзенінің негізгі су артериясы болып солтүстік Көкшетау биіктігінен, ал оңтүстігінде-Ұлытау тау беткейінен бастау алатын бірнеше ірі салалары бар. Қарағанды облысында (Қазақстан солтүстік қиыры). Оның ұзындығы 2450 км. құрайды, сонымен қатар 1717 км. Қазақстан аумағының Ақмола және солтүстік Қазақстан облыстарының аймақтарында созылып жатыр. Колутон, Жабай, Терісаққан, Акан-Бурлук және Иман-БурлукД өзендері сулылығы және тармақтарының созылуымен ең маңызды болып келеді.
Өзен бассейндерінің ерекшеліктері ағысты бөлістіру жыл мезгілінде ғана емес, сонымен қатар жылдарда да бірқалыпсызболып табылады. Әр жылда су шығыны жүз рет өзгеруі мүмкін, бұл осы өзендердің ресурстарын шаруашылық пайдалануын біршама қиындатады. Сол себептен ылғи да су тапшылығы болып тұрады, бұл суды ластаушы заттар санының күрт көтерілуіне, су сапасының төмендеуіне әкеліп соғады.
Бассейн шектерінде 2.2 км су қалыптасады, оның 0.5 км сүзілу және булану есебінен жоғалады, ал 0.8 км санитарлық, табиғатты қорғау және реттелмеген арынды ұсынады.
Су тасқынынан қорғау. Су тасқыны ең жиі және зиянды табиғи апат болып табылады. Олар тікелей және жанама түрде зиян келтіреді. Бірінші кезекте-бұл нысандардың қирауы, адамдардың қаза болуы, үй жануарлары мен ауыл шаруашылық дақылдарының егісі, ландшафтың бұзылуы. Екіншіден осы апатқа байланысты өндірістің тоқтауы, көлік қатынасының бұзылуы, ортаның, оның ішінде судың ластануы, эпидемияның пайда болуы және тағы басқалар.
Есіл өзені бассейнінде су тасқынының басты себебі қатты және ұзақ жауын, қар қабатының қарқынды еруі, су қоймаларының бұзылуы, өзендегі мұздың қатталуы мен кептелуі.
Қазақстанда су тасқынының 70% көктемгі су толуына, 30% жаңбыр жауға және 10% басқа себептерге байланысты болады.
Су тасқынының жойқын күшінен толық қорғау мәселесі Қазақстанда әлі күнге шешімін таппай отыр. Осыған байланысты республика деңгейінде су тасқынынан қорғау бойынша ұзақ мерзімді бағдарлама жасау, сонымен қатар су басу аймақтар үшін тәуекелдік картасы мен қауіпсіздік құрылыстың жаңа нормативін жасау ең актуальді мәселе болып отыр. Бұл мәселелерді шешу су басу процестерінің космостық мониторинг құжаттарына және олардың потенциалдық сценарийлерінің ГИС-технологиясы негізінде негізделуі тиіс. Бұл әдістемелік жол алдағы уақытта су тасқынына байланысты үлкен шығындарды болдырмауға мүмкіндік жасайды. Мысалы Астана қаласында Есіл өзенінің сол жақ жағалауында нысандар салынып жатыр. Алдын ала жүргізілген гидрологиялық есептеулер бұл аймақта аз қайталанатын судың өте жоғары деңгейі болуы мүмкін.
Солтүстік және Орталық Қазақстанда ауыз су мәселесі ең актуалды болып табылады. Минералды жер асты сулары мен мұздақтардың болмауы, көлдердегі сулардың аздығы халық үшін өзен суын ауыз судың жалғыз ғана көзі етеді. Егер Ақмола облысында Есіл өзенінен басқа бірнеше орта және кіші өзендер болса, Солтүстік Қазақстан облысы үшін Есіл өзені ауыз су үшін жалғыз ғана су көзі болып табылады. Сондықтан да суды сақтау ең актуальді мәселе болып табылады. Ақмола облысының сумен жабдықтаудағы ең өзекті мәселесі Астана қаласының сумен қамтылуының артуы Ертіс-Қарағанды каналымен Есіл өзеніне су тастау су құбырымен құрылысының құрылысы аяқталды. Вячеслов су қоймасынан қалаға су беретін су құбырының 3 желісі аяқталды. Облыс халқын су құбырымен қамтамасыз ету 70.6%. Облыстың 727 елді мекенінің 311-і орталықтандырылған су құбырымен қамтылған, 361-і жергілікті су көздерінің 55-ісырттан алып келетін суды пайдаланады. Соңғы жылдарда облыста ашық су көздерін пайдаланатын халық үлесі 2-есеге көбейді. Еңбекшілдер (11.8%), Жақсы (57%), Жарқайың (46%), Зеренді (48%) аудандарының халқы жергілікті су көздері мен тасып әкелінетін су пайдаланады[3].
Бұл тақырыптың өзектілігі: Су ресурстарының “мұхит-атмосфера-жер-мұхит” системасындағы айналым процестерінде тамаша бір қасиеті - өздігінен қайта қалпына келу қабілеті. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі табиғи сулардың осы қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік.
Су жетіспеушілігі салдарынан халықаралық жанжал, дау-дамай өріс алуы ықтимал.Бұл жұртшылықты кәдімгідей алаңдатып отыр. Трансшекаралық өзен-көл аумағында отырған елдер арасындағы дау-шар жиі болып тұрады. Демек, болашақ қақтығыстардың негізі салынып жатыр. Сондықтан Есіл өзенінің экологиялық жағдайын білу үшін табиғи - географиялық және климаттық орналасуын зерттеу тақырыптың мақсаты болып табылады

1 Есіл өзен бассейнінің табиғи экологиялық жағдайының жалпы сипаттамасы
Су тапшылығы төңірегіндегі өткір мәселе өзектілігімен халықаралық қауіпсіздікті тығырыққа тіреді. Су жетіспеушілігі салдарынан халықаралық жанжал, дау-дамай өріс алуы ықтимал.Бұл жұртшылықты кәдімгідей алаңдатып отыр. Трансшекаралық өзен-көл аумағында отырған елдер арасындағы дау-шар жиі болып тұрады. Демек, болашақ қақтығыстардың негізі салынып жатыр.
БҰҰ-ның мәліметі бойынша, халықтың демографиялық өсімі, белгілі бір жерге шоғырлануы, қуат көзіне деген сұраныстың молаюы және жаһандық климаттың өзгеруі ауызсуды тұтынуды ұлғайтты. Сондықтан тек таза, тұщы сумен бірге, жалпы су қорының жетіспеушілігі туды. БҰҰ әр үш жыл сайын әлемдік су қорының жай-күйі туралы баяндама жариялап тұрады. Республикамызда бүгінгі күні 2174 үлкенді-кішілі өзеннен жылына 120 миллиард текше метр су ағады. Бұлар суын 65 оңаша алқаптарға құйып жатады. Мұның ішінде Есіл өзені т.б.
Республика халқының жан басына шақсақ, күніне әр адамға 20 литрден келеді. Бұл өте көп мөлшер. Алайда осының бәрі колда болғанда республикада су мәселесі бүгінгідей алаңдатпас еді. Өйткені дүние жүзінде суға ең бай деген Нью-Иорк қаласының әр тұрғынына бір тәулікте келетін судан үш еседен де асады екен. Ал, көріп жүргеніміз кері құбылыс, себебі, даламыз шөлейт аймаққа жатады. Халқымыздың жан басына тәулігіне 100—120 литрден артық су келмейді (бір техника мұқтажына, тұрмыс қажетін өтеуге, егістікті суландыруға, қалаларды көгалдандыруға және ішуге арналған судың бәрі осы санның ішінде).
Қазіргі дүние жүзілік ғылыми-техникалық прогрес пен адам әрекеті табиғаттағы тепе-теңдікті бұзып, болашақ ұрпақтың алдына ғаламдық экологиялық проблемаларды тудыруда. Табиғаттың байлығын қажжеттілігімізге жүйелі жаратудың орнына, кейінгі жылдары оған жаппай үлкен қауіп тудыратын, ядролық, экологиялық, биологиялық қарулардың сыналуы, ормандардың аталуы, аң мен құстардың есепсіз жойылуы, адамның ақыл-ойын аздыратын арақ пен есерткінің таралуы осы экологиялық апаттың көзі болып табылады.
Су қорына аса қауіп-қатер туғызатын ластаушы көздерін топқа бөлеміз:
1. Физикалық ластану – радиактивті заттар, электрмагнитті толқындар, жылу, шулар және тербелістер.
2. Химиялық ластану – көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.
3. Биологиялық ластану – ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.
4. Эстетикалық зиян – табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының бүлінуі, өзен, көлдердің жойылуы, т.б.
Өнеркәсіптік өндіріс орындарымен қатар ауыл шаруашылығы өндіріс орындарының су қорына тигізетін әсері де молшылық. Ал лас суларды ауыл шаруашылығына пайдаланудыңда зияны өте көп. Мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарын ластаған сулармен суару, біріншіден олардың шығымдылығы өте төмен, ал екіншіден адам денсаулығына қауіпті болады. Сонымен қатар топырақтың тұздылығы көтеріледі, топыраққа биохимиялық процестердің жүруі төмендейді. Ауылшаруашылық саласы – бұл су қорларының негізгі су көлемін (ауыл шаруашылығының мұқтаждығында 70-90% барлық тұтынылатын суға дейiн қолданылады) пайдаланатын сектор. Бұл жерде су тұтынудың дара салмақтары суармалы егiн шаруашылығына, одан кейін малдың жем-шөбін даярлау үшін жайылымды суландыру, сонымен бiрге жайылма суландыруға және ауыл тұрғындары мен малды сумен қамтуға жұмсалады. Жайылма суландыру негiзiнен, солтүстiк және батыс Қазақстанда көктемгі суды пайдалану арқылы жүзеге асырылады, ол Есiл, Торғай, Тобыл, Жайық, тағы басқа өзендер.
Сулардың ластануы әсіресе балық қорына тікелей зиян келтіреді.
Су ағуы балықтарға келтіретін зияндығы:
- Судың қозғалыста болуы. Судың үздіксіз козғалуы, өзен мен теңіздің ұдайы ағуынан және тайыз, тұйық су қоймаларының өзінде де өзіндік ағыстардың болуынан.
- Су температурасының өзгергіштігі. Сонымен қатар, жылудың әсерінен су қабаттары төменнен жоғары, жоғарыдан төмен қарай қозғалып тұрады
- Газдарды еріту қасиеттері. Судың қозғалысы механикалық фактор ретінде балықтардыд сыртқы пішініне, қанаттарының дамуына, дене жабындыларының сипатына әсерін тигізеді.
- Мұз қабатының пайда болуы (судың қатуы).

1.1 Географиялық орналасуы және рельеф


Бассейн үшін оңтүстіктен солтүстікке қарай жалпы төмендеу сипатталады. Бассейннің солтүстік бөлігінде Батыс-Сібір мен Солтүтік Қазақстан жазықтары бассейн территориясының біршама бөлігін Қазақстанның Сарыарқасы алып жатыр.
Солтүстік Қазақстан жазағының орташа 200 км. Есіл өзенінің бойлай созылып жатыр.
Бассейннің көп бөлігін жазық ландшафт алып жатыр. Орман-далалық ландшафтық зона қалыпты-континентальды климатпен сипатталады. Жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм, ылғалдылық коэффициенті 0.77-0.56 құрғақшылық жылдардың қайталануы 20-30%.
Ылғалдылық коэффициентінің әртүрлілігіне байланысты екі аймаққа бөлінеді. Қалыпты ылғал аймақ Петропавл қаласынан солтүстікке қарай орналасады, ылғал коэффициенті 0.77-0.63. ландшафты әртүрлі.
Петропавл қаласынан оңға қарай типтік емес ормандала аймағы орналасқан, ылғал коэффициенті 0.63-0.56. Ормандалалық ландшафтық аймақтың жерлері шабындық пен жайылымға пайдаланылады. Далалық ландшафтық аймақ Есіл бассейнінде өзенағысымен жоғары Сергеевка қаласынан басталады. Ландшафтың зоналық түрлері құрғақ және қуаң климаттық жағдайларда қалыптасқан. Жылдық жауын-шашын мөлшері 310-220 мм, ылғалдық коэффициент 0.57-0.27, қуаңшылық жиі болады[3].
Есіл өзенінің бассейні геолого-географиялық және геолого-құрылымдық аудандауға сәйкес Орталық Қазақстанның Солтүстік-шығысында-Ерементау антиклинорийі, Селеті синклинорийі және Ешкіөлмес антиклинорийі; Орталық Қазақстанның шығысында-Теңіз ойпаты және Байқоңыр-Есіл мегасинклинорийі Орталық Қазақстанның Солтүстігінде-Марьев синклинорийі және Қазақстанның Солтүстігінде Омбы синеклизасының Қазақстандық қанаты орналасқан.
Орталық Қазақстанның Солтүстік-шығысы Есіл өзенінің оң жақтағы негізгі саласы Мойылды өзені басынан бастап Астана қаласының Киров елді мекеніне дейінгі аралығын қамтиды. Өзен бассейнінің ені 30-км ден 75-км-ге дейін жайылып жатыр[2].
Ерементау антиклинорийінің Есіл өзені тұсындағы ені 60-75 км батыс жағынан Селеті синклинорийі қосылады.
Селеті синклинорийі оңтүстік бөлігінде ені 30-45 км болатын жіңішке сызықтық құрылым. Есіл өзенінің жоғарғы ағысындағы аймақ пайдалы қазбаларға кедей.

Астана қаласынан оңтүстікке және оңтүстік-шығысқа қарай Есіл өзенінің аумағында орта және кіші құрылыстық құм мен топырақтың карьерлік орындары бар.

Орталық Қазақстанның Батысы Астана қаласының Есіл жебесіне дейінгі аралықты қамтиды. Бұл жердің негізгі геолого-құрылымдық элементі болып теңіз ойпатының солтүстік бөлігі, сонымен қатар Жарқайнағыш антиклинорийі мен Қалмақкөл синклинорийі.
Келесі сурет1. Совет Өдағы болған кездегі Есіл өзеннің ағу жолы көрсетілген...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру