География | Бурабай ұлттық табиғат паркінің ландшафттық ерекшеліктері

 География | Бурабай ұлттық табиғат паркінің ландшафттық ерекшеліктері

Мазмұны

КІРІСПЕ........................................................................................................

І. ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА БЕРУ
1.1 Географиялық орны...............................................................................
1.2 Геологиялық құрылымы және жер бедері...........................................
1.3 Гидроклиматогенді ерекшелігі...........................................................
1.4 Биогендік сипаты.................................................................................

ІІ. БУРАБАЙ ҰЛТТЫҚ ТАБИҒАТ ПАРКІНІҢ ЛАНДШАФТТЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Рекрациялық орманды игеру жағдайы...............................................
2.2 Рекрациялық орман кешенінің биогеноценозына әсері...................

ІІІ. ТАБИҒИ ЛАНДШАФТТАРЫ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ЖАҒДАЙҒА БАҒА БЕРУ
3.1 Рекрацияның орман өртінің тууына әсері..........................................
3.2 Мәдени ландшафтарды сақтау мен төзімділігін
арттыру шаралары................................................................................
3.3 Бурабайда жабайы туризм белең алуда..............................................
3.4 Қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің шаралар.............................

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................

Тақырыптың өзектілігі: Бұл бітіру жұмысымның тақырыбын осылай алу себебім: жеріміздің әсем де, сұлу табиғатын, оның табиғат қорларын, ондағы казіргі өзекті экологиялық жай күйін жазғым кеді.
Орманды рекреациялық мақсатта қолдану орман биогеоценоздарының бұзылуына, әсіресе бұл демалушылардың көптеп жиналған аймағында (жағажай маңы, сауықтыру орталықтары, балалар лагері) анық байқалады. Орман экожүйесіне рекреацияның кері әсері көбнесе оның түріне байланысты.
И.Л.Трапидо рекреацияның орман биогеоценоздарына әсерінің түрлерін көрсеткен/1/:
- механикалық әсер:
а) таптау
б) зақымдау (өсімдіктер, саңырауқұлақтар, алау жағу арқылы топырақты күйдіружануарларды үркіту, ағаштарды зақымдау)
- Келушілер әсері:
а) органикалық және органикалық емес заттармен (азық-түлік, қағаз, металл)
б) жаңа биологиялық түрлер тарату (әр түрлі өсімдіктер тұқымдары арқылы)
Ормандар бұзылуының басты факторы болып механикалық жаншылулар мен топырақтың физикалық құрамының өзгеруін айтамыз. Топырақтың физикалық құрамының өзгеру үрдісі алғаш рет осы ормандарда анықталған. И.М.Сокол өз еңбегінде орманның сұрғылт топырағында физикалық-механикалық өзгерістердің байқалуы келесідей: көлемдік мөлшері артады, топырақ тығызданады, құрылымы нашарлап, бірнеше есе механикалық құрамы төмендейді. Осының барлығы топырақтың сапасының өзгеруіне ықпалын тигізеді. [5]
Тапталу нәтижесінде топырақ тығызданады да сонымен қатар оны құраушы: қатты, газ тектес және сулы фазалар өзгереді. Топырақтың тығыздануы арқылы беткі бөлігінің қуаттылығы азайады. Бұл 10-20 см тереңдік қабаттарында байқалады. Ал кейінгі қабаттарда жоғарлау болады. Су өткізгіштігі, ау мен ылғал алмасуда нашарлайды. [6]
Рекреациялық орманды қолданудың өсуі топырақтың беткі қабатының тығыздануына, яғни тамырларының ылғалмен қамтуын төмендетуін әкеледі. Сирек ағаштарда топырақтың тығыздалуының үрдісі беткі қабат аралығында, өз кезегінде табиғи үрдісті жояды. Өте күшті бұзылудан соң орманның кейбір үлескілері қайта қалпына келмейді.
Орман шаруашылық шараларын жобалауда рекреациялық аумақтың белсенділік шегін анықтап білу қажет. Бұл жайлы көптеген авторлардың мәліметтері бар.
ТМД географиялары мен ландшафтары орманда демалушылардың тығыздығын келесідей көрсеткен: паркпен, шалғынды паркте-50 адам/га, орманды паркте-15адам/га, паркті орманда-5адам/га келген. жасыл зоналардағы кішірек қалалардың өзінде тығыздық 12/16 адам/га аспауы шарт. Ал ірі қалаларда 20-27 адам/га жеткен. Белорусия парктерінде демалушылар тығыздығы 70-100 адам/га жеткенде, демалушылар тек жусандар өскен жерлермен жүруіне ғана рұхсат етіледі. Демалушылар 10 адам/га аспаса орман паркінде түгелдей серуен құруға болады. жасыл зона жүйесі бойынша ТМД елдерінде келесі мөлшер ескеріледі: Қала шетіндегі парктерде 50 адам/га, ормандық парктерде 10-20 адам/га, орманды парк үлескелерінде 5-10 адам/га, табиғи орман ландшафтарында 0,1-5 адам/га.
Қазіргі уақытта орман экологиясына ас назар аударылуда. Мысалы, кейбір облыстарда осы ТМД мемлекеттерінің демалушылар саны: қарағайлы орманда-20,4 адам/га, қайыңды орманда-9 адам/га.
Салмақ мөлшерін анықтауда беткелерді де ескеру қажеттілігі айтылып жүр. Беткейлерде демалушылардың қалыпты мөлшері болып: 30С-тан төмен кезде 15 адам/га, 4-100С-12 адам/га, 11-150С-9 адам/га, ал 160С жоғары болса-7,5 адам/га.
Қазақстан ормандары қазіргі уақытта антропогендік факторлар әсерінен үнемі өрт тұтанумен сипатталады. Әсіресе өрттердің көп бөлігі демалыс күндері байқалады. Тәулік бойынша өртке қауіпті уақыт-жұмыс уақыты табылады. Өрттің пайда болуына қысқа мерзімді демушылар туғызады. Сондықтан да демалушыларды тізімдеп, белгілеп отыру қажет. Орманның өртке қауіпті аймақтарына адамдардың өсуіне тиым салған дұрыс.
Әдебиеттерге шолу көрсеткендей, рекреациялық орман төзімділігін арттыру шараларын дер кезіндегі қолға алу арқылы ғана, орны толмас өкініштің алдын-алуымыз мүмкін.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Сондықтан да, бұл бітіру жұмысыма мен мынандай мақсат қойдым. Олар: Бурабай паркінің табиғаты және табиғи қорларына қысқаша тоқталу, яғни оның географиялық орны, жер бедері, геологиялық құрылысы, гидроклимотогенді ерекшелігі, биогендік сипатын қысқаша да болса ашып көрсету, Өйткені табиғат бізді қоршаған орта болып табылады. Осыған байланысты рекреациялық аумақтағы туындап отырған мәселелерді қарастырдым.
Орманды рекреациялық мақсатта қолдану ерте кезден-ақ басталған. Бірақ бұл соңғы уақытта үлкен аумақтарды қамтуда. Осыған байланысты табйғатты қорғау қоғамы мен мамандардың дабыл қағуына әкеліп соқты. Бұл тек Қазақстан ғана емес, басқа да елдердің шешілмес дауға айналған мәселесі. Рекреациялық салмақ күнен-күнге артуда. Бақылауға алынбаған әрекет орны толмас өкінішке айналуда. Топырақ сапасын, тығыздығын, физикалық және механикалық құрамын толықтай өзгертіп, эрозияның қалыптасуына, ағаштардың ауыруға шалдығып бұзылу сатысының жоғарлауына ықпал жасауда. Орман шаруашылығын жүргізудің ғылыми негізін жасау қажеттілігі туындауда. Орман экожүйесінің тепе-теңдігін бұзып, өзекті мәселеге айналып отыр. Осының бәрі парк табиғатына зиян келтіруде.
Жұмыста осы аталған мәселелерге кеңінен тоқталып, әрқайсысына сипаттама беруге тиістімін.
Диплом жұмысының зерттеу нысанасы: Бурабай ұлттық табиғат паркінің ландшафттық ерекшеліктері.
Зерттеу жұмысының әдістемесі: Дипломдық жұмыста салыстырмалы – географиялық, картографиялық, тарихи әдістер қолданылып, басқа авторлардың зерттеулерінің нәтижелері талданды. Физикалық географиялық ғылыми – теориялық қағидалары негізге алынды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
І. ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИАТТАМА

1.1. Географиялық орыны

Көкшетау – Қазақстанның солтүстігінде орналасқан тарихи-географиялық аймақ. Қазіргі Ақмола облысының солтүстік бөлігі мен оған шектесіп жатқан Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау, Тайынша, Ғ.Мүсірепов, Ақжар, Ш.Уалиханов аудандарын қамтиды. Орталық бөлігінде Көкшетау қыраты орналасқан.
Саябақ-Көкшетау қаласынан оңтүстік батысқа қарай 60 шақырым жерде орналасқан қорықтық аймақ. Құрамына Шалқар, Зеренді көлдері, Айыртау шоқылары кіреді. Шығыстан батысқа қарай Көкше, Жақсы Жалғызтау, Жаман Жалғызтау, Имантау, Жыланды, Сандықтау, Зеренді таулары жатыр. Бұл аймақта Оқжетпес, «Жеке батыр», Кенесары үңгірі секілді тарихи орындар бар. Қыраттың батыс жағынан Есіл ағып өтеді.
Қазақ жеріне орыс шаруаларын біртіндеп қоныстандыруына байланысты ХІХғасырдан бастап Ресей империясының мемлекеттік кеңесі және Сібір кодетінің мүшесі М.М.Сперанскийдің басшылығымен 1822жылы «Сібір қазақтары туралы жарғы» жасалып, орта жүзде хандық билік жойылды. 1824жылы 29сәуірде Көкшетау қонысының орнына, Көкшетау бекінісі салынды. 1895жылы Көкшетау бекінісіне қала мәртебесі берілді. Ақмола облысының әкімшілік орталығы. Тұрғыны 133,1мың адам. қаланың аумағы 420,0 км2. [16]
Сондай-ақ, «Бурабай» курорты, «Оқжетпес», «Щучинск»санаторийлері, «Жеке батыр», «Толубой залив» демалыс үйлері жұмыс істейді.

Сурет 1
Бурабай Ұлттық табиғат паркінің карта-схемасы

1.2 Геологиялық құрылымы және жер бедері

Бурабай маңы-таулы орманды өлкесі мен геоморфологиялық жағынан күшті көтерілген табиғи аймақ. Жер бедері негізгі үш түрмен сипатталады: аласа-таулы, ұсақ шоқылы және жазықтық. Аудандардың негізгі жер бедерін таулар құрайды. Олар қайыңды, қарағашты ормандар мен көмкерілген. Жан-жағын адыр төбелер мен көлдер қоршап тұр. Бұның кейбір заңдылықтары кейбір ғылыми басылымдарда көрсетілген. Биік тау жыныстары жартас, ретсіз шашылып жатқан тас үйінділері және қорым тас күйінде жер бетіне шығып жатады. Ұсақ шоқының палезойдың орта тұсынан бастап осы уақытқа дейін жалғанып келген континенттік даму процесінің, яғни докембрилік палезойлық және неғұрлым денудациялануы есебінен қалыптасты.
Көкше тауы батысқа қарай отыз бес шақырымды алып жатқан таулы жүйені құрайды. Оң жағында Шортанды қаласы болса, солтүстігінде Үлкен Шабақты көлі мен Бөлектау тауымен шектеледі. Таулы жүйе оңтүстік және солтүстік жоталарымен Ақылбай асуына дейінгі аралықты алып жатыр. Тауды өзен аңғарларымен, шатқалдармен, тау арасындағы қазаншұңқырлармен, адыр тәрізді су айрықтармен айқын бөлінген тасты жоталар қоршаған. Жер бедерінің ұзаққа созылған геологиялық дамуының іздері айқын байқалады.
Ең үлкен нүктесі-Көкше шыңы (Синюха) 947м. Тау шыңынан Бурабай курортының зонасын түгелдей дерлік көруге болады.
Тауларды ормандар алып жатқандықтан, ауданға қолайлы микроклимат жасап отыр, яғни атмосфералық жауын-шашыннан, далалық желдерден қорғайды. Сонымен қатар сипатталған ауданда көтеріңкі жер бөліктері және жазықтық ашық территориялар кездеседі.
Жазықтар тегіс жер бедерімен ерекшеленеді. Бедердің ұсақ формалары, тау жұрнағы, төбелер, жыралар кездеседі. Берілген жер бедері шегінде Үлкен және Кіші Шабақты көлі, ал аралықтарында көптеген ұсақ көлдер мен ойпаңдар мен сорлар жатыр. Үгілу процесі бірдей жүрмегендіктен түрлі пішіндегі шоқылар, жартастарадамдар мен жануарларды сипаттайды.
Аудан территориясы каледон және герцин құрылымдарын қамтиды. Бұл жерде жер бедерінің ұзаққа созылған геологиялық дамуының іздері айқын көрінеді. Ежелгі (палезой) эрада бұдан 250-300 милион жыл бұрын-таулардың орнында алып теңіз болған, оның түбіне кейін құмдаққа, әктасқа, кристалл тақтатасқа айналған қатты заттар жинақталды. Бірте-бірте су тартылды. Неоген-төрттік кезеңдері-небәрі бізден 1,5 млн жыл бұрын ежелгі палезой қалқанын гранит ығыстырып шығарды. Тау түзілген учаскелердің блокты көтерілуі, оның үстіне бір неше фаза герциндік тектономагматикалық цикл болып өтті.
Алқап салыстыра алғанда жас: мұны шұғыл бұрылысты қал жартастар, жіңішке тау шатқалдары, айқын дамыған қазіргі морфологиялық эрозия және шөгінді процестері көрсетеді. Көптеген шыңдар, жартастар мен құздар алып плиталардан құрастырылған пирамида тәрізді. Желдің мүжілуімен, судың химиялық және механикалық әсерінен, ауа температурасының өзгеруінен тау баурайлары кереметтей түрге енген. Үңгірлер және тас аспалары терең емес қуыстар және тасты тесіп өткен саңыраулар, тісті мұнаралар дара тұрған тұрған баға тәріздес фигуралар кездеседі. Тастар түсі жағынанда айқын: граниттер және оларды тесіп өтетін легматиттік жер жарықтары-қына өскен қара жер және ұсақ тау жыныстары ашық сұрда қызғылт түсті. Жартастар тау жыныстары мейлінше біртекті болғанына қарамастан көрікті. Дала сипатында сары немесе қызыл фонында ақ кварциттың және жарқыраған синеданың ұнтақтары бей-берекет шашылған. кейбір гранит кесектерде дала сипаты, мүйізді күкіртті қоспа және кварц жарықтары бар қара слюда басым. Үлкен Шортанды көлі аймағында граниттер балшыққа ұқсас кварциттермен және тақтатастармен жабылған.
Көкшетау қыраты-Сарыарқаның солтүстігіндегі аласа таулы белесті жүйе. Ол солтүстігінде Солтүстік Қазақстан жазығымен, шығысында Сілеті жазығымен, оңтүстігінде Атбасар жазығымен және Есіл өзенінің ааңғарымен, батысында Торғай үстіртімен шектеседі. Батыстан шығысқа қарай 400-450 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 200-250шақырымға созылған. Қырат көптеген аласа таулар мен шоқылардан, төбелерден тұрады. Олардың бастылары: Көкше тауы, Жақсы Жалғызтау (729м), Зеренді (653м), Имантау (626м), Сандықтау (626м), Жақсытүкті (559м), Айыртау (555м).
Қырат архей мен протерезойдың көне жыныстарынан (гнейс, кварцит, филлит, кристалды тақтатастар)түзілген. Шығыс жағы төменгі полезойдың эффузифті шөгінді қатпарлы қабаттарымен көмкерілген. Көкшетау қыраты аумағында кварцтық-желілік алтын, темір, таскөмір және қоңыр көмір кен орындары бар. Бұл девон, силур кезеңі граниттерінен түзілген. Тектоникалық жарықтардан, граниттің үгіліп мүжілуінен, денудаттанудан беткейлері көп тілімденген. Соның салдарынан сан алуан қат-қабат тастардан, ғажайып мүсіндерден, қираған мұнара тәріздес тастардан тұратын аласа таулы жартасты бедер құрайды. Қылшықты өзені осы таудан бастау алады.
Жалпы Бурабай аймағы құрылыс материалдарына бай өлке болып табылады.


1.3.Гидроклимотогенді ерекшелігі

Қазақстанның солтүстігінде орманды дала зонасы орналасқан Батыс Сібір ойпаты мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр, сондықтан да климаты біршама жұмсақ. Қар жамылғысының орташа жату мерзімі 173-күнді құрайды.
Температура мен ауа ылғалдығына тәуелді болуына байланысты бұлттылықтың жылдық және тәуліктік жүрісі байқалады. Бурабайда ең бұлтты күндер саны күз бен қыстың басында: қазанда бұлтты күндер-7, қарашада-10, желтоқсанда-14 көрсеткен. Көп жылғы бақылаулар нәтижесінде алынған мәліметтерге сүйенсек шілде мен тамызда бұлтты күндер мүлдем дерлік жоқ болған. Сәуір, мамыр, маусым айларында сирек болсада байқалған. Сондықтанда демалысқа қолайлы жайма шуақ күндер мамыр-шілде айларында байқалады.
Жаз уақытында қарастырылып отырған територияда желдің орташа жылдамдығы 2,5-3,4 м/сек болса, қыс айларында 3,6 м/сек жеткен. Орман алқаптарында жел болмайды. Көл жағалаулары мен тау шыңдарындағы қатты желдің жылдамдығы 9м/сек құрайды. Бағыты бойынша оңтүстік-оңтүстік-батыс желдері соғады. Жазда солтүстік желі блмайды.
Күн радиациясының жоғарылығы таза ауамен жергілікті жердің биіктігіне байланысты болып отыр.
Күн шағылуының салыстырмалы түрде жоғары болуы ұсақ шоқылы аймаққа айтарлықтай күн энергиясы мен адам демалысына қолайлы жағыдай туғызады. Адам үшін гигиеналық мөлшерді анықтайды: ауа температурасы +15-+25С дейін және ауа ылғалдылығы 30%-60% болуы шарт. Климттық жағдайы қолайлы. Көп жылдық мәліметтердің таладау көрсеткіші көрсеткендей гигиеналық норма шілде мен тамыз айында 92 күнді құрайды екен. [19]
Жаз кезіндегі табиғи ландшафтардың (орман, тау, көл) әсемдігі мен климаттық жағдайының қолайлылығы осы ауданға демалыс қана емес, курорттарда ем алуға да қолайлы мүмкіндіктерге жол ашуда. А.П.Романов көп жылдық ауа температурасының жүрісінің талдауына сүйене отырып, Көкшетау ұсақ шоқыларының климттық қолайлы кезеңдерін орнатты. Олар: мамыр айында-түстен кейін, маусым мен шілде-ертеңгі және кешкі уақыттар. Осы уақыттарда ауа ваннасын қабылдаған адам ысынуды да тоңуды да сезбейді. Бұл адам жанының ерекшеліктерінің барлығына сәйкес келеді.
Тұтастай алғанда аудан рекреация үшін қолайлы. Жаз мезгіліндегі жиынтық радиациясының жоғарылығы, сонымен бірге ашық күндердің көптігі демалушыларға бос уақыттарда келуіне жағдай туғызып отыр. Күз айларында саңырауқұлақтардың көптігі мен жеміс-жидектер жинаушылар үшін таптырмас орын. Демалыс үшін маусым, шілде, тамыз айлары ыңғайлы.
Шуақты күндердің ұзақтығы жылына 2300-2400 сағат, оның ең жоғарғы мәні шілде айына келеді. Радиацияның жылдық жиынтық мәні 100 ккал/см-дей, ал шашыранды радиацияныкі 48 ккал/см-ге дейін. Аудан жеріне ауа массасының үш негізгі типі ( арктикалық, полярлық, тропиктік) емін-еркін әсер етеді. Жылдың суық мезгілінде ауа райының қалыптасуына азияантициклонының батыс тармағы күшті әсер етеді. Қыста барлық бөлігінде ашық ауа-райы қалыптасады. Әдетегідей ауа-райының көктемде сақталатын антициклондық режимі әсерінен күндіз ауа температурасы жоғары, құрғақ желді келеді де, түнге қарай күрт салқындайды. Көктемгі ауа-райы құбылмалы.
Ауданың неғұрлым жоғарғы салыстырмалы ылғалды қыс айларында байқалады. Қараша- наурыз аралығында жердің көпшілік бөлігінде оның орташа айлық мөлшері 72-32 пайызға тең. Аудан территориясы бойынша жылдың жылы мезгілінде ауаның салыстырмалы ылғалдығы солтүстіктен оңтүстік –батысқа қарай кемиді. Маусым- шілдеде ауаның ең төменгі салыстырмалы ылғалдығы байқалады ( 53-58 пайыз) жылдық жауын-шашын мөлшері 125-тен 512 мм дейінгі аралықта күрт өзгеріп отырады да, орташа 298 мм болып белгіленеді. Ең көп жауын маусымда (47 мм) және шілдеде (46 мм) түседі. Ең төменгі мөлшері қаңтарға (16 мм) сай келеді. Жыл басына барлығы секундына 15 м астам күшті жел 24 күн, ал жазық жерлерде желдің орташа жылдық жылдамдығы 5,5 м/сек. жел жылдамдығының ең төменгі орташа айлық мәні тамызда (4,3 м/сек.) байқалады. Қарашадан наурызға дейін жел жылдамдығының орташа айлық мөлшерінің артуы байқалады. Жылдың суық мезгілінде жел режимі негізінен Сібір антициклонының батыс тармағының ықпалы әсерінен қалыптасады. Жылдың жылы бөлігіндегі жел режимі болар болмас бар депрессиясына байланысты келеді. Боран жиі болып тұрады, орташа есеппен 36-38 күн, кей өңірлерде 50 күн боран соғады. Жауын-шашынның көп мөлшері жылдың жылы кезінде яғни сәуір мен қазан айының арасында түседі.
Климтты түзуші факторлардың халық шаруашылығының, оның ішінде ауылшаруашылығын дамытуда маңызы зор.
Курорттық зонаның территориясы, қоршаған аудан мен салыстырғанда бірнеше ондаған әлсіз тұзданған сулы көлдер алып жатыр солардың ішінде ірілері: Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Бурабай, Шортанды, Қотыркөл, Жайнақ көлдері.
Шортанды және Үлкен Шабақты көлдерінің түбінде ірі тасты жүйелер кездеседі. Кейбір көлдерде жартастар мен аралдар бар.

Көл суының деңгейі жиі өзгеріп отырады. Бұған жағалық дестелер мен терассалар дәлел. Дәл қазіргі уақытта барлық көлдердің деңгейінің төмендегені байқалып отыр. Көлдердің қоректену көзі-жер асты сулары мен атмосфералық жауын-шашындар. Көлдер топтастырылуы бойынша ірілі-ұсақты болып келеді. Солардың бір тобы Үлкен Шабақты көлінің солтүстігіндегі Текккекөл, Ақкөл, Жайнақ, Шабақкөл және басқалары. Олардың көбі орманның ауданында орналасқан.
Ауданның негізгі су көзі болып көлдер табылады. Бірақ олар шаруашылыққа қолданылады. Мысалы Шортанды көлінің ет комбинаты, май зауыты және басқа да өнеркәсіптер жаратады. Сондықтан да ауданның су ресурстары қысқарып, сапасы төмендеуде.
Өзендері өте аз. Оларға: Қылшақты, Сарыбұлақ, Қарабұлақ және басқалары. Бәрі дерлік үлкен емес және аз сулы болып келеді. Қоректену көздері көктемгі қардың еріген сулары мен жаздық жауын-шашындар. қазіргі уақытта бұл өзендердің суы азайып, көбінің тек жыралары қалды. Жазғы төменгі деңгей кезінде өзендер тым таяздап, қара суларға бөлініп, судың тұздылығы артады, кейбірі тартылып қалады. Өзендер қараша да толық қатады. Мол сулы жылдары бірқатар өзендер 0,5-0,6 км-ге дейін жайылып кетеді. Өзен арналарының ені 15-30м-ден 50-70м-ге жетеді. тереңдіктері әдетте 3-5м аспайды. [20]
Ауданның халық шаруашылығында сумен қамтамасыз етілуі балансында жер асты суы маңызды рөл атқарады. Олардың пайдаланылуы мөлшері 45-50м/с. Юраның конгломерат құмтас қабаттарында ауданда сумен жабдықтауға алынатын арынды су қоры жинақталған. Түпкі тау жыныстары жапсарларында орналасқан жарықшақтың ипті жер асты сулары анағұрлым кең таралған.
Орман алқаптарында көптеген бұлақтар болса, соның көпшілігі жыл бойы тартылмайды. Бұл бұлақтың суы шипалы, табиғаттың көркі.


1.4 Биогендік сипаты

Бұл өңірдің топырақ жамылғысы ғылымдардың жария болған еңбектерінде мейлінше толық қамтылған. Аудан территориясында кең түрде корбонатты қара шіріндісі мол қара топырақ, сілтілі топырақ, күңгірт қызыл-қоңыр топырақ таралған. Сирек болса да оңтүстік, таулы қара топырақ, шалғынды, сорланған топырақ кездеседі.
Аласа таулар мен ұсақ шоқыларда таудың қара топырағы қалыптасқан. Күңгірт қызыл-қоңыр топырақ көтеріңкі келген су айрықты жазықтарда таралған, қара шірінді мөлшері 2,5-4 пайыз. Саздақ және корбанатты саз мөлшерінің көптігіне байланысты жел эрозиясына ұшырап отырады. Бұлар біршама топырақ түрлеріне жатады. Күңгірт қызыл-қоңыр топырақ ауданның шығыс бөлігінде таралған. Қатты жыныстардың, не олардың үйінділерінің сыртқы қабаттан 40-80 см тереңдікте жатуы бұл топырақ түрінің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Қызыл-қоңыр топырақ ауданның оңтүстігінде басым келеді. Қара шіріндінің горизонттық қалыңдығы 25-45 см, ондағы қара шірінді мөлшері 2-3 пайыз. Күңгірт қызыл-қоңыр топырақ ұсақ шоқылар арасындағы барлық жерде тығыз жыныстар бетінде 5-30 см тереңдікте таралған. Шалғынды топырақ шағын учаскелер күйінде жер асты сулары жақын жатқан жерлерде кездеседі. Жер бетінің күшті тілімденуі, ойыстар мен өзен аңғарларының көптігі, атмосфералық жауын-шашынның көбірек түсуі және жер асты суының молдығы топырақтың ылғалға және қоректік заттарға бай, сондықтан егіншілік үшін қолайлы.
Аудан территориясында қызыл-қоңыр сортаңдау және сортаң топырақ, нашар дамыған күңгірт қызыл-қоңыр топырақ және қиыршық тасты топырақ тән, ортаңғы бөлігінде қызыл-қоңыр топырақ дамыған, оңтүстігінде бозғылт қызыл-қоңыр топырақ, толық дамымаған қиыршық тасты топырағы таралған.
Орманда орманның сұр, таулы-шалғындық әлсіз дамыған топырақ кездеседі.
Бурабай-Щучинск курорттық зонасының өсімдіктер дүниесі бай және сан-алуан. Көкше тауларын ормандар орап жатыр. Шетіндегі ағаш аласа әрі сирек болса, тереңдеп енген сайын, биік, сымбаттылары көбейе түседі. ормандарда сирек те болса жүз жылдық ағаштар ұшырасады. Әсіресе қарағайлар мен қайыңдар басым. Аралас және жапырақты орман 10-12 пайыз шамасында. Қайың, үйеңкі, тал, мойыл кездеседі. Жаз айларында шалғындардаың қош иісті шөптері құлпырады. Гүлдердің суреті сан-алуан-мысық табаны мен шегір гүлден, бақпақ пен сарғалдақтан, ботакөзден, альпі астрасынан құралған. Майқурай, тобылғы, сарыгүл бәрі де гүл ашады. Ағаштардың арасында қалың шөптер кездеседі. Олар-бидайық, арпабас, қоңырбас, күлгін түсті итқонақ, сары гүлді жоңышқа, сиырсілекей, қояншөптер. Мұндай жұпар иісті жабайы құлпынай көп.
Шілдеде орман қарақат, итмұрын, таңқурай, қой бүлдірген, бүлдірген, жидектермен груздь, арыш, қайыңбұлақ, бұташық, сарғыш саңырауқұлақтармен құлпырады.
Қайыңды ормандар, көктеректі, қайыңды ормандар кең таралған. Орман алқабының 85пайызын қайыңдар мен қарағайлар құрайды. Қарағай альпинист ағаш. ең қиын екінің бірі шыға алмайтын тақыр шыңдарда қарағайлар өседі. Осының ұрығын жел апара ма, құстар жеткізе ме белгісіз. Қалай болғанда да оның тұқымы гранит тастың арасындағы саңылауларға түсіп өсіп шығады. [1]
Қайың орманының түбі қалың шөп. Әсіресе, шағын жапырақты ойрауыттар көп. Шөп жамылғысы сәнді алуан түсті: тас бүлдірген, алты жапырақты қызғалдақ тал, майда бұршақ, орақ топай бар.
Бұл зонада орманды шағын аралдар түрінде көрінеді, олар «шоқ орманды дала » деп аталады. Осы шоқ орманды аққайың, көктеректер басқа да ағаштармен бұталар араласып өседі, «қайыңды орманды» деген сөз осыдан шыққан. Осындай қайыңды-теректі, шоқ ормандар онша сулы емес ойпаттар да өседі. Олардың арасында шөптесін өсімдіктер жалбыз, қымыздық және т.б. кездестіруге болады.Қарағайлы орманның кейпі тіпті бақша....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру