География | Солтүстік қызылқұм шөлді аумағының геоэкологиялық жағдайына сипаттама
Мазмұны
1. ЗЕРТТЕУ НЫСАНДАРЫ........................................................
1.1 Солтүстік Қызылқұм шөлі аумағының зерттелу тарихы.......................
1.2 Солтүстік Қызылқұмның географиялық орналасу орны мен ерекшеліктері
1.3 Жер бедерлері мен геологиялық құрылымдары............................................
1.4 Климаттық ерекшеліктері................................................................................
1.5 Гидрографиялық сипаттамасы........................................................................
1.6 Топырақ және өсімдік жамылғылары.............................................................
1.7 Жануарлар әлемі...............................................................................................
2. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ....................................................................................
2.1 Геоэкологиялық зерттеудің дәстүрлі әдістері..............................................
2.2 Геоэкологиялық және ландшафттық карталарды құрастыруда ГАЖ технологияларын қолдану.............................................................................
3. СОЛТҮСТІК ҚЫЗЫЛҚҰМ ШӨЛДІ АУМАҒЫНДАҒЫ ТАБИҒИ-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ КЕШЕНДЕРДІҢ ҚАЗІРГІ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫНА СИПАТТАМА..............................................................
3.1 Солтүстік Қызылқұм шөлді аумағындағы табиғи ландшафттар
3.2 Солтүстік Қызылқұм шөлді аумағының геоэкологиялық аудандастырылуы
3.3 Солтүстік Қызылқұм шөлі табиғи-территориялық кешендеріне тікелей әсері бар өндірістік –антропогендік нысандарды геоэкологиялық тұрғыдан жіктеу............................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР
1. ЗЕРТТЕУ НЫСАНДАРЫ
1.1 Солтүстік Қызылқұм шөлі аумағының зерттелу тарихы
Солтүстік Қызылқұм аймағын игеру сонау ежелден жүргізілгені белгілі. Оны грек ғалымдары Птоломей (б.э.б ІІ ғ.) мен Геродоттың (б.э.б. ІІ ғ.) еңбектерінен көре аламыз. Дегенмен оның шарықтап дамыған кезеңдері б.э.д. 7 ғасырларда кезіндегі Орта Жаңадария мен Орта Іңкәрдарияны игеру кезінде жүзеге асқан болатын, сонымен қатар Ұлы Жібек жолының өтуі де септігін тигізді. Ол кезде суландыру тәсілдері ескі арналар есебінен іске асырылды. Осы аудандарда ені 10-20 м каналдар салынды/1/.
Бұл өте үлкен аумақ кезінде Еуропа мен Азия аралығын жалғастырған сауда керуен жолы болғандықтан зерттеушілердің назарын ерте кезден ақ аудартты. Тарихшылар мен саяхатшылардың айтып кеткен, жазып кеткен мәліметтері Н.Дингельштедтің (1893ж), Л.С.Бергтің (1908ж), В.В.Бартольдің (1900ж), С.П.Толстованың (1948ж) тамаша монографияларында сипатталады/1/. Солтүстік Қызылқұмның жер бедерінің кейбір ерекшеліктерін ең бірінші Л.С.Берг 1900-1906 жылдарда Арал теңізін зерттеу кезінде назар аудартып, толық сипаттамасын берді/2/.
1913 жылы Л.С.Бергтің жазған мәліметтері негізінде Орта Азия мен Қазақстанның ландшафттық-морфологиялық аудандастырылуы жасалынды.
Орыс саудагерлері мен көпестерінің агенеттік хаттамаларынан алынған мәліметтерге қарағанда, жазбаға түскен осы өңірді географиялық тұрғыдан зерттеу 1886 жылдан басталды делінеді. Бірақ оған дейін, «Үлкен сызба кітабында», Гладышев пен Муравин, Рычков, Броувер еңбектерінде өңір туралы құнды мәліметтер келтірілген. 1856 жылдан кейін классикациялық кезең – П.П.Семенов, Ш.Уәлиханов, Н.А.Северцов жүргізген физикалық-географиялық жүйелі зерттеулерден бастады. 1848-1849 жылдары А.И.Бутаковтың экспедициясы Арал теңізі мен оның аралдарын, Қызылқұмның Арал теңізімен шекаралас аумақтарын зерттеді. Зерттеу нәтижесінде 1848 жылы «Арал теңізін зерттеу үшін жасақталған экспедиция туралы мағлұматтар» атты еңбегін жариялап, 1853 жылы тарихта тұңғыш рет Сырдария өзені арқылы кемемен жүзіп өтті/1/.
С.С.Неуструев 1911 жылы бұрынғы Перовск уезінің топырақ жабындысын суреттеуге арналған өзінің ғылыми еңбегінде аймақты төмендегі ландшафттық-топырақтық аудандарға бөледі:
1. Сырдария өзені қазіргі аңғары мен оның салаларының аумақтары немесе осы өзеннің әсер ету аумағы.
2. Сарысу өзенінің сағасындағы көлдік немесе шалғындық белдемдер.
3. Сырдария өзенінің көне аңғарының ойпатты жазықты аумақтыр. Оларды оңтүстік және солтүстік бөліктерге (Қызылқұм шөлін қоса есептегенде) бөлді.
1937 жылы И.П.Герасимов Тұран ойпатының қазіргі жер бедерінің түзілуі жайында монография жазып шықты. Ол еңбекте Солтүстік Қызылқұм аймағының геологиялық даму тарихы, осы аумақта аллювиальді шөгінділердің түзілу заңдылықтары толық зерттелінген.
Жоғарыды аталған ғалымдарының еңбектеріне шолу жасай отырып, мынадай тұжырымдамаға келуге болады: «Аумақтың жер бедерінің негізгі көрсеткіштері көне аллювиальді құм шоғырларынан тұратын тақырлар мен аллювиальді жазық»/1/.
Аумақтың зерттелу тарихына көз жүгіртсек, Соллтүстік Қызылқұмның жер бедерінің дамуы, шығу тегі мен пайда болуы тарихы жайында ғалымдардың көзқарастары әртүрлі болған, сондықтан оларды әртүрлі үш үлкен тұжырымдамаға біріктірді.
Н.А.Северцов Солтүстік Қызылқұм аумағында метеорологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. А.А.Зарудный Арал теңізі мен Солтүстік Қызылқұмның батыс бөлігінің құстары мен бауырымен жорғалаушылары, қосмекенділері туралы зерттеу жұмыстарын жүргізді. И.В.Мушкетов та метеорологиялық тың мәліметтер жинақтап шықты. Қазіргі уақытта Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Түркіменстанның шөл зерттеу ғылыми институты, Қазақстан Білім және Ғылым министрлігінің География институты, Ботаника институты, Зоология институты, Қазақтың топырақтану ғылыми зерттеу институты, сондай-ақ жеке ғылыми-зерттеу мекемелері аумақта әр сала бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді/3/.

Солтүстік Қызылқұмның территориясы әртүрлі биіктіктерімен, күрделі бедерімен өзіндік ландшафттарымен сипатталады. Құмды массив Орта Азияда, Қазақстан, Өзбекстан мемлекеттерінің аумағында орналасқан. Солтүстігінде Сарысу өзенінің сағасына дейін, шығысында Шардара су қоймасына, ал батысында Арал теңізін құрғаған тағанымен шектеседі.
Бұл жердің жазықтық құмдары алювийлік жыныстардың эолдық өңделуінің нәтижесінде пайда болған. Ал кейбір аудандарында, мысалы, Қызылқұм мен Арал маңы Қарақұмдарында түпкілікті тау жыныстарының желден үгілуі нәтижесінде қалыптасқан. Қызылқұмның биік қатарлы құмды төбелері уақытша кезінде адасып аққан пролювийлік ағындардың әсеріне құралған. Бұл құм төбелерінің қалыптасуында желдің басым рөл атқарғанын көптеген ғалымдар жоққа шығарады (Геллер, Макеев, Кунин). Ал биік құмды төбелер қарқынды терең қатпарлықтың постумды тектоникаалық қатпарлықтармен сабақтасуының нәтижесінде қалыптасуы мүмкін/1/.
Солтүстік Қызылқұм шөлінің жер бедерінің шығы тегіне қарасақ, құмдардың 3 типін бөліп көрсетуге болады:
1. Жаңа аллювийлік жыныстардың дамуынан пайда болған төбелі-үйілген құмдар;
2. Көне (кельтеминарлық) аллювийлік жыныстардың әсерінен құралған төбелі-қырқалы құмдар;
3. Биік төбелі-қырұқалы құмдар, олар түпкілікті тау жыныстарының үгітілуінен пайда болған.
Солтүстік Қызылқұм шөлі И.П.Герасимовтың, П.К.Чихачевтің(1931ж), Б.А.Феодоровичтің (1950ж) айтулары бойынша, үштік кезеңнің, бор кезеңдерінің жыныстарынан түзілген, ал орталық бөлігінде одан да көне шөгінділерден түзілген делінеді. Олар түпкілікті тау жыныстарының дефляциялануынан және үгілуінен пайда болған субаэральді құмдармен көмкерілген. Қызылқұм шөліндегі эолдық құмдар тек қана Амудария мен Сырдарияның төрттік кезеңдегі шөгінділерінің тарқалуынан ғана емес, сонымен қатар, палеогендік және бор кезеңінің құмды свиталарының ыдырауынан да түзілген дейді Б.А.Феодорович/4/.
Солтүстік Қызылқұмның құмдарының тілімденуінің өте күрделілігі мен құм төбешіктерінің биіктігі олардың ұшыраған эолдық процестері өте ұзақ болғандығын дәлелдейді. Сондықтан, палеоген қабатының қызыл түсті қалыңдығының ұзақ уақыт эолдық деструкция процестеріне ұшырауы салдарынан Қызылқұм шөлі пайда болған және олардың тілімденуінің өте күрделілігі бұл құмдардың өте ежелгі құмдар екендігін дәлелдейді.
Б.А.Феодоровичтің пайымдауынша, құмдардың жасының ұзақтығын тек қана құм төбелерінің тілімденуімен қатар, олардың минералогиялық құрамы бойынша да анықтауға болатындығын айтады. Олар шөгу ерекшеліктеріне байланысты, үгілуге белсенділігі төмен минералдар құм құрамынан тез арада ажырап бөлініп кетеді де, орны кварцпен тез толығады. Сондықтан, құм құрамындағы кварцтің болуы олардың жас ұзақтықтарының мөлшерін тез анықтауға көмек көрсетеді. Мысалы, минералогиялық сараптама жұмыстарын жасаған кезде, Солтүстік Қызылқұм шөлінің құмдарының құрамындағы кварцтің мөлшері 95 пайызға дейін жеткен/5/.
1.3 Жер бедерлері мен геологиялық құрылымдары
Қазіргі уақытта қарастырылып отырған территория түгелімен дерлік игерілген десек те болады. Бұл ежелден келе жатқан аридті территориялардың бірі. Осы өлкені барлап қарасақ, қазіргі кезде оның барлық ландшафттық құрылымдарының өзгергенін көруге болады.
Геологиялық құрылысы жағынан Қызылқұмның Қарақұмнан айырмашылығы сол: қатпарлы палеозойлық фундамент Қызылқұмның шегінде жер бетіне тақау жатады, ал орталық бөлігінде мезозой мен үштік қабатын тесіп өтіп, аласа таулар пайда қылады. Қызылқұмда төрттік шөгінді қабаты Қарақұмдағыдан біршама өзгеше қалыптасқан. Аллювийлі материял шөлге негізінен Сырдария арқылы әкелінген. Борпылдақ қызылқұмдық қат-қабаттың құрамы Қарақұмның дәл сондай шөгінділерінен құрамында ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык Солтүстік қызылқұм шөлді аумағының геоэкологиялық жағдайына сипаттама жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар география дипломдық жұмыстар, Солтүстік қызылқұм шөлді аумағының геоэкологиялық жағдайына сипаттама