Қазақ әдебиеті | Қ. Ергөбек Сәбит Мұқанов шығармашылығын зерттеуші
Мазмұны
КІРІСПЕ
1. ҚҰЛБЕК ЕРГӨБЕКТІҢ ӨМІРІМЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ.
2. ҚҰЛБЕК ЕРГӨБЕК ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ СЫНШЫ, ЗЕРТТЕУШІ.
3. «АДАСҚАНДАР». РОМАННАН ПОВЕСТКЕ...
4. СӘБИТ МҰҚАНОВ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІН ЗЕРТТЕУШІ.
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Қандай халық болмасын өзінің азаматтық тарихына енжар қарай алмаса керек. Әдебиет тарихы – халықтың азаматтық тарихымен сабақтас құбылыс. Адамның тынымсыз еңбегімен, зерек ақыл, ыстық жүректің жылуымен бірлікте ғана жасауы мүмкін таланттың қыр-сырына арнайы үңілу бұл жұмыстың мақсаты емес. Алайда шығармашылық және зерттеушілік болмысын талант пен еңбектің бірлігінен тыс түсіндіруге болмайтын, табиғатында талантты, ғұмырында еңбекқор, қазақ әдебиеттану ғылымының қазіргі белді өкілі, көрнекті сыншы, филология ғылымының докторы, профессор Құлбек Ергөбектің терең еңбек жолы, терең шығармашылық келбеті, терең ғылыми ізденістері туралы сөз бола қалған жағдайда алдымен талантты өз ғұмырында шығармашылықтың қиындығы мен қызығына бірдей жұмсап үлгерген Құлбек Ергөбек қазақ әдебиеттану ғылымының қыр сырына қанық бұл жолға таланты мен күш қайратын бірдей жаныған ғалым.
Әлеуметтік, танымдық-мазмұндық тұрғыдан алғанда да, эстетикалық, әдеби-көркемдік тұрғыдан алғанда да аса маңызды зерттеу еңбектерінің атына заты сай болуын қамтамасыз ететін принциптері. Мұның өзі зерттеушіге зор жауапкершілік нардың жүгін арқалатқан міндеттер. Іс жүзінде зерттей білу де – талант. Теңіздің түбінен інжу теріп алғандай көп оқып, ізденудің кірпияз талғампаздық жемісі. Сәбит Мұқанов жайлы көптеген сыни мақалалар, зерттеу еңбектері шын мәнінде де көп еңбек етіп, талғампаздық пен мұқияттылық танытқан. Құлбек Ергөбек әдеби-ғылыми мәселелерді мөлдіретіп жазған, Тіл оралымы бай, сөз саптасы шешен. Алайда ол татусыз тамсану, дәмсіз су сорудың жетегіне ешқашан ерген емес. Не айтса да деректермен, нақтылы пайымдаулармен, ұстамды ой-пікірлермен көрінді. Құлбек зерттеулерінде сарыла ізденген нәр бар, еленіп екшеленген ой бар.
Осыдан болар Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының «... Сіздің ұлттық әдебиеттануыңыз бен әдебиет тарихының заманға лайық жаңа методологиясын жасақтау академиялық орнықтылығы мен кемелділігін қамтамасыз ету жолындағы тыңғылықты ізденістеріңізгн сүйсінемін», - деп пікір білдіруі кездейсоқ емес.
Иә, академиялық орнықтылық ... Бұл қасиет қателеспесем Құлбекке кезінде біреу де болса бірегей болған Қазақтың Ұлттық Мемлекеттік университетінің ұстаздарынан дарыған деп ой түюге болады. Алайда сыншы, зерттеуші Құлбек Ергөбек шығармаларының кейінгі толқынға, артынан ерген ізбасарларына беймәлім қырлары бары анық.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты мен міндеті:
Қазақ әдебиетінің жарқын бейнелерінің бірі Сәбит Мұқанов шығармашылығын зерттеп, бүтін бір шеберханаға айналдырған сыншы, зерттеуші Құлбек Ергөбектің еңбегін тану арқылы оны қазақ әдебиетінің құнды беттеріне айналдыру. Жазылған шығарманы оқу бар да, оны кәсіби тұрғыдан тану бар. Осы ретте Құлбек Ергөбектің Сәбит Мұқанов туралы зерттеу еңбектерінің кейінгі әдебиеттанушылар үшін танымдық маңызы зор. Осы тақырыпты зерттеудегі біздіңі мақсатымыз да осы арнаға саяды.
Сондықтан Диплом жұмысымызды Қ.Ергөбек шығармашылығына, оның ішінде заманының заңғар жазушысы, әдебиетіміздің марқасқасы С.Мұқанов шығармашылығын зерттеген еңбектеріне арнағанды жөн көрдік. Әрине, бүкіл әдебиеттің жаңа бағытына айналған зерттеулердің бір Диплом жұмысының ауқымына сыйғызу мүмкін емес. Дегенмен сыншы, зерттеуші Қ.Ергөбек зеттеулерін ғылыми түрде қарастырып, талдап таразылаудың уақыты жеткен сияқты. Әрине біздікі тек тың соқпаққа сүре салу ғана. Қалай болғанда да, диплом жұмысымызға арқау болып отырған ауқымды еңбектер әдеби ортада өз бағасын алғанымен, ғылыми түрде сараланбағаны ақиқат. Осыны негізге ала отырып Диплом жұмысының мақсатын айқындап, саралай зерттеуді міндетімізге алдық.
Диплом жұмысының өзектілігі:
Бізде сыншылар аз емес. Бірақ соның ішінде әдебиетке белсене араласатыны некен саяқ. Солардың бірі – сөз жоқ Құлбек Ергөбек. «Сыншы атану, сыншы міндетін сезіну - өз буыныңның жетістігін өзіңдікі санау, кемшілігін өз кемшілігің санау, сөйтіп жетістік – кемшілікті өз мойныңа көтеріп алудан басталған» дейді Құлбек Ергөбек. Б Майлин, Ж.Аймауытов, Б.Кенжебаев, Б.Соқпақбаев, Д.Исабеков, А.Сейдімбек, Ө.Нұрғалиев, Б.Қанатбаев, Қ.Түменбаев сияқты сыншыларымыздың пікірі, ой-толғамдары таразылауы қандай мәдениетті, қандай өтімді, тұщымды. Жазушыны жер бауырлататын сын бар, жазушыны көтермелейтін сын бар. Мұның екеуі де еренсіздің ісі. Сынның төресі – жазушыға көмектесетін сын. Әдебиетті көтеретін де осы сын. Құлбек Ергөбектің сыны да дәл осындай жазушыға көмектесетін әдеби сынның беделін өсіретін өміршең сын. Ұлы ақын А.С.Пушкин «Сын тарихы – ел тарихы» екенін айтқан. Демек, шығармашылығынғылыми зерттеумен байланыстырған біздің кейіпкеріміздің сыншылық көзқарасы бір әңгіме тарауы. Әрине, шығармада жәй оқырман байқай бермес бұрылыс-қалтарыстарды әдебиетші көзімен зерттегенде сынның қатар жүретіні заңды құбылыс. Сондықтан, бүгінгі әңгімеміздің өзектілігі деп Құлбек Ергөбектің сыншылық қырын алуымыз жайдан жай емес.
Диплом жұмысының құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, үш тараудан, қортындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Алғашқы тарауды Құлбек Ергөбек қазақ әдебиетіндегі сыншы, зерттеуші деп алып, онда Қ.Ергөбектің сыншылық жолға келуі, жалпы әдебиетке бет бұруына ықпал еткен алдынғы буын ағаларының, ұстаздарының атап айтқанда Б.Кенжебаев пен Т.Кәкішевтердің берген бағыт-бағдары негізге алынады. Сонымен қатар, құлбек Ергөбектің шығармашылығының шыңына айналған Сәбит Мұқанов тақырыбына келу жолдары сараланады. Екінші тарауда Құлбек Ергөбек «Адасқандар» романын – романнан повестке деп атап, бұл тарауда сыншының Сәбит Мұқановтың «Адасқандар» романын негізге ала отырып, түпнұсқадан алыс кетпей, нақтылықты ұстандық. Айтулы шығарманың астарына иерең үңілуге тырыстық. Соңғы тарау, бүкіл бір дәуірдің бет-бейнесін ашатын Сәбит Мұқанов шығармашылығын тағы бір қырына арналады. Оның халық ауыз әдебиетін зерттеудегі еңбектері сыншы Құлбек Ергөбектің назарынан тыс қалмаған. Сәбит Мұқановты жаңа заманның жазушысы деп тану арқылы жеке зерттеу жұмыстары сараланады.

Қазақ әдебиеті өзінің қазіргі денгейіне жету жолында талай-талай даму сатыларынан өтті.
Аз ба, көп пе адам баласы Алла тағаланың берген ғұмыр жасын жасайды. Жасай жүріп оны өз тіршілігінің қам-қарекетімен, мән-мазмұнымен, мінез-құлқымен, ақыл-парасатымен, болымды-болымсыз іс-әрекетімен толтырады. Ал бұған өнерпаздық, суреткерлік, қайраткерлік сияқты табиғатынан туа біткен дара қасиеттер дарып жатса, бұл бір Алланың берген сыйы. Талант сыйы. Міне, осы сыйды кәдеге жаратып, дерексі қабілетті деректі мақсатқа ұластыру, өлшемі жоқ қабілетті шыңдап жетілдіру, әр адам баласының нақты ғұмырына, тағдыр-талайыны, әлеуметтік ортасына лайық өрілетіні айдан анық.
XVIII ғ. Өмір сүрген француз ойшылдарының бірі ұлы Вольтердің пікірлесі Люк де Вовенаргтың «Адам ақыл ойын тануға кіріспе» деген еңбегінде айтылған мына бір пікірді ғылым әлі теріске шығарған жоқ. Ол былай депті: «Мен талантты адамның іс-әрекетінен, қызметінен тыс ұғынуға болмайды деп есептеймін. Талантты біздің көптеген қабілетіміздің біріккен күш-қуатының нәтежесінде пайда болады және ол қабілет біздің таным-түсінігімізбен астыртын бірге жасайды. Егер осы қасиеттерінің бірі жоқ болса, онда талант та жоқ.
...Демек, талант табиғат берген сый ғана емес, ол ақыл мен жүректің ажырамас бірлігінің нәтежесінде қол жеткізетін қадір-қасиет, ерекше мәртебе». (Вовенарг. Размышления и максимы л.1988.с27). (әд.-1).
Адамның тынымсыз еңбегімен, зерек ақыл, ыстық жүректің жылуы мен бірлікте ғана жасауы, алайда шығармашылық және зерттеушілік болмысын, талант пен еңбектің бірлігінен тыс түсіндіруге болмайтын, табиғатында талантты, ғұмырында еңбекқор, қазақ әдебиеттану ғылымының қазіргі белді өкілі, көрнекті сыншы, филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек керек (терең) еңбек жолы, керек (терең) шығармашылық қабілеті, керек (терең) ғылыми ізденістері туралы сөз бола қалған жағдайда алдымен талантты ғалымның толымды еңбегі тілге оралады.
Абай айтқан: Еждиһатсыз, михнатсыз,
табылмас ғылым сарасы.(2. 164б.)
Тәңір берген талантты өз ғұмырында шығармашылықтың михнаты мен рахатына бірдей жұмсап үлгерген Құлбек Ергөбек қазір әдебиеттану ғылымының қыр-сырына қанық, бұл жолға таланты мен күш-қайратын бірдей жұмсаған ғалым.
Құлбек Ергөбек Сәрсенұлы 1952 жылы 16 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан обылысы Отырар ауданында дүниеге келген. «Төрт жетім бала баққан анам Бибі-Айша өте ойлы кісі болған. Содан осы Құлбекті оқуға жіберсем бе, әлде шаруаға жексем бе деп көп ойланған. Сонда «Апа, Құлбекті оқуға жіберіңіші? бұдан бірдеңе шығады» - деп жалынған немере ағам, көрнекті сатирик Көпен Әмірбек. Өзі сонда студент. Өзін осы ҚазМУ – ге түсерде сүйемелдеген балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиевке «Інімнің оқуға түсуіне жәрдем беріңізші» - деген тағы да сол Көпен. Ірі Түрколог –ғалым Мархаббат Томановқа «Сен де, мен де, қайбір жетісіп өстік! Туысым емес, құда-жекжатым емес, мына Құлбек жетім бала екен, оқуға түсірсек» - деген Әнуарбек Дүйсенбиев болатын»,- дейді автор.
Міне осы кісілердің көмегімен 1970жылы Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Осы жылдардан бастап әдебиетке араласқан, оның қаламынан осы уақыт аралығында ондаған монографиялар, сын-зерттеу кітаптары, 500-ден астам мақалалары жарық көріпті. Бұл өз құрдастарының ішіндегі ең өнімді көрсеткіш. Әрине ғылым да, шығармашылық та көлеммен емес, көңіл ұйытып, ой тұндыратын қасиетімен құнды екенін айтар болсақ, мұндай қасиет Құлбек зерттеулерінде баршылық, талай ойдың, теориялық ізденістің жетегінде жүретін пайымдаулар туралы әдебиетіміздің кешегісі мен бүгінгісіне тиесілі тұжырымдар уақыт төрелігінің еншісінде... Құлбек әдеби-ғылыми мәселелерді қолынан келгенінше мөлдіретіп жазып келді. Тіл оралымы бай, сөз саптасы шешен. Алайда ол татусыз тамсану, дәмсіз сөз сорудың жетегіне ешқашан ерген емес. Не айтса да деректермен, нақтылы пайымдаулармен, ұстамды ой-пікірлерімен көрінеді. Құлбек зерттеулерінде сарыла ізденген нәр бар, еленіп елшенген ой бар. Осыдан болар Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының «... Сіздің ұлттық әдебиеттануыңыз бен әдебиет тарихының заманға лайық жаңа методологиясын жасақтау академиялық орнықтылығы мен кемелділігін қамтамасыз ету жолындағы тыңғылықты ізденістеріңізгн сүйсінемін», - деп пікір білдіруі кездейсоқ емес.
Алдымен аға буын өкіл, әрі пікірлес досы Ш.Ыбыраев былай дейді: Құлбек Ергөбек Университет есігін менен бірер жыл кейін ашты. Алдымен іні, кейін пікірлес достарға айналып кетті. Сол жылдарда кішкене арық сары баланың қолынан атақты шығыстанушы Н.И.Конрадтың «Шығыс және Батыс», А.Мецтің «Мұсылман ренессансы», Г.Белинскийдің томдары түспейтін. Пендешіліктен гөрі осы кітаптар жайлы сөйлескенді ұнататын. Соған қарап түбінде осы сары баладан сарабдал сыншы, салиқалы зерттеуші шығатынын іштей сезетін едік. Қарап отырсақ, сонан бері уақыт Құлбектің шығармашылық ғұмырына мықтыап жұмыс істепті.
Иә, академиялық орнықтылық ... Бұл қасиет қателеспесем Құлбекке кезінде біреу де болса бірегей болған Қазақтың Ұлттық Мемлекеттік университетінің ұстаздарынан дарыған деп ойлаймын. Профессорлар Б.Кенжебаев, Т.Нуртазин, М.Қаратаев, К.Аханов, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, Р.Бердібаев, Р.Нұрғалиев – бұлар әдебиеттануда ешкімге дес бермейтін бір-бір тұлғалар еді.
Жазушының бойынан кейде Бейсекеңнің (Б.Кенжебаевтің) қайсарлығы, Зәкеңнің (З,Қабдоловтың) шешендігі, аракідік Тұрсекеңнің (Т.кәкішіев) бірбеткейлігі, Рекеңнің (Р.Нұрғалиев) сөз саптасы кездесіп қалып жатады. Ең бастысы олардың зерделі зерттеушілік мектебі Құлбек еңбектерінде кездесіп қалып, жаңаша формасын тапқан. Құлбек Ергөбек жазушы шеберханасына көп үңілген зерттеуші. Ал ол шеберханада нелер болуы мүмкін? Одан көркем шығарманың жаратылу тарихын, кәдімгі қоңыр тіршіліктің жазушы қорынан құлпырып шыға келу себептерін, өмірдің өнеге ұласу құпиясын ашатын бай деректердің шығуы әбден мүмкін. С.Мұқанов шығармашылыға осы бір ізденіске көп-көсір деректер ұсынады. Әлемдік әдебиетте оның ішінде орыс әдебиеттану ғылымында ХХ ғасырдың 60-70-ші жылдары басталған осы бір зерттеушішінің бағыттың қазақ әдебиетінде орнығуы Құлбек Есімімен байланысты. Әдебиеттану ғылымында қандай да бір теориялық ізденіс пен әдістеменің түпкі мақсаты көркем шығарманың табиғатын тану, өнер ретінде бітімін ашу. Ал бұған жетудің жолы алуан түрлі, қаншама әдіс-тәсіл, теориялық ағым, методологиялық ізденіс, зерттеу мектептері бар болса, көркем шығарманы танудың да сонша жолы бар деп түсінеміз. Салыстырмалы – типологиялық, құрылымдық, структуралистік, функциолистік, жүйені анаметикалық, тағысын тағылар ... Қайсысы тиімді қайсысы тиімсіз, бұл бір түсінбес әңгіме айтпағымыз, жазушы шеберханасы, егер ол дерекке бай болатын болса, өмірдерек пен шығарма арасын, шындық пен жазушы тұғырын, өмір мен өнер парқын толығырақ пайымдауға мүмкіндік бермек. С.Мұқановтың «Балуан Шолақ», «Аққан жұлдыз», «Мөлдір махаббат» романының жазылу тарихындағы бұл сырдың құпиясын зерттеуші Құлбек Ергөбек зерттеулері арқылы танып білуімізге мүмкіндік алдық. Мүмкіндік қана емес елеулі зерттеу әдістемесін аса жемісті жолға қойдық. Жазушы шеберханасна үңілуі ігелі сипатталды.
Құлбек Ергөбектің келесі бір қомақты тындырған ісі. – Балалар әдебиетінің мәселесі. Асылы балалар әдебиетінің жазушысы ғана емес, сыншы мен зерттеушісі болу үшін де бұл әдебиетті әрі сүю, әрі жүрекпен сезу керек. Құлбекті өзі айтқандай: «Бөбек пен өбектеп өткен талаптар» Ө.Тұрмантайов, С.Омаров, Б.Соқбақбаев, Қ.Әбдіқадыров, М.Әлімбаев, Ә.Дүйсенбаев, Ж.Самақов т.б. туралы қалам тарту үшін зерттеуші өз арнасын тапқан. Бұл жанр адам таңдайды. Бұл бала дүниесін білу үшін дана болуды қалайтын жанр. Құлбек республикамызда қазақ балалар әдебиетінің көркемдік ізденістерін, шеберлік қырын, жанырлық түрлендіруін үнемі қадағалап, қалам тартып келе жатқан санулы сыншы, табанды зерттеушілердің бірі ғана емес, бірегейі.
«Мінез дегеніміз моральдық әрекеттердің жиынтығы» - деген екен А.Стендаль. Құлбек Ергөбектің мінезінде ұстазға деген құрмет айрықша. Әлбетте бұл адамның бүтіндей моральдық болмысынан туындап жатқан қасиет. Көрнекті түрколог Бейсенбай Кенжебаевтың қолынан дәріс алған шәкірті болғандардың үлкен бір шоғырын қазір қазақ әдебиеті мен ғалымында есімі танымал ғалымдар, жазушылар және қоғам қайраткерлері. Бәрі де ғылымға адал, пікіріне берік, тұжырымы мығым Б.Кенжебаевты үлкен құрметпен ұстаз тұтады. Оның қазақ әдебиетінің тарихын түрік дүниесінің бір тармағы ретінде ертеден бастаған ғылыми тұжырымдамасын әдеби жұртшылық жақсы біледі.Алайда ғалымның мол мұрасын шашау шығармай жинап бастыруда, зерттеп тануда, ұстаз ұлағатын ұрпаққа жалғастыруда осы Құлбектің атқарған ісі қыруар. Шын мәнінде адам сүйсінерлік Б.Кенжебаевтің рухани өнері Құлбектің еңбектерінде шынайы жалғасын тапты десек ешқандай да асыра айтқандық емес. Ол ғалымның әр жылдарда жазған зерттеулері мен мақалаларын жинап теріп «Жылдар жемісі» (1984), «Әдебиет белестері» (1987), «Асау жүрек» (1995) деген атпен кітап етіп жарыққа шығарды. Әдебиетіміздің озат пікірі үшін, мәдениетіміздің ұлттық мүддесі үшін, кішкене момын адамның үлесі идеологиялық майданда көрсеткен қайтпас-қайсар ерлігін зерттеуші ұлт пайдасы үшін болғандықтан да ерлікке балап, мұндай ерліктің санын он беске жеткізеді. Қазір Түркістанда Б.Кенжетаев атындағы түркология музейін ашу жұмысына біздің зерттеушіміз, Құлбек Ергөбек бірден-бір мұрындық болуда. Мәдениетіміз бен әдебиетіміздің жетістігін бейнелеуді мақсатына айналдырған құлбектің еңбектері бір қайырып, толымды жинақтауға келді.
Соның айғағы жарыққа шыққан тізбелі бес кітап. «Арыстар мен ағыстарды» автор «том» деп дабырайтпай тақырыптық кітап ретінде ұсынып отыр. Бірінші кітап – түп-түгелімен қазақ поэзиясына арналған, екінші кітап - қазақ прозасы туралы, үшінші кітап – балалар әдебиеті мәселесі, төртінші кітап - әдебиеттану, сын әлемі хақында, бесінші кітап – шығармашылық, лаборатория мәселесін қарастыруға бағытталған.
Бұл кітап бір проблемаға арналады. Назарға алынған мәселеге орай әр кітаптың алғашқы бөлімінде (Арыстар) не ақын, не жазушы, не балалар әдебиет өкілі, шығармашылық портреті жасалады. Олар екінші бөлімінде (Ағыстар) тақырыптас проблемаларға сабақтасады. Бірін-бірі толықтырып, тақырыптас кітап өмірге осылай келеді. Жалпы қазақ әдебиетінде, оның ішінде әдеби сында мұндай тақырыптық кітап жасауға талпыну тәжірибеде жоқ-ты. «Арыстар мен ағыстар» қазақ әдеби сынына тақырыптық кітап жасау тәжірибесін әкеліп отыр. Бес кітапты тұтастыра айтқанда, қазақ түркологиясы негізін салушы, көрнекті ғалым Бейсенбай Кенжебаев пен қазақ балалар әдебиеті негізін салушы Өтебай Тұрманжанов жайында жазылған тарау көркем деректі проза мен зерттеу аралығындағы ғұмырнамалық дербес туындыдай қабылданады. «Қайырымсыз уақыттың қайсар ұланы» (б.Кенжебаев), «Заманы аямаған, тағдыры аялаған » (Ө. Тұрманжанов) екі саланың екі ірі тұлғасы өмірін олар өмір сүрген қоғам өзегімен бір өрбіп, бұралаң соқпақтармен, өрістермен олардың тағдыр ауыртпашылығын жан-жақты ашып, баяндайды. «Дүлдүл ақын, дүлей жыр» (С.Торайғырұлы), «Сүлей ақын, сыршыл жыр» (Ә.Тәжібайұлы), «Бұлбұл ақын, бұла жыр» (С.Мәуленов) да осыған жете қабыл. ХХ ғасырдың қадау-қадау ақындық тұлғалары жайындағы әсерлі толғамдар. «Бір өлең» - ұғым ретінде әдебиетте әредік кездесіп қалады. Бірақ, өте сирек. Сыншы «Бір өлең» атап бір бөлім құрайды. Сұлтанмахмұт, Сәбит, Қасым, Мұқағали ақындардың бір-бір өлеңін ала отырып, әрқайсысына әр қырынан келіп қарайды. Тарихына барады, таласқа да кетеді. Сыртқы фактурадан ішкі иірімге де өтеді. Әйтеуір, бір өлеңді бөлшектей талдап береді. Бір өлеңнің жазылу тарихын қалай дегенде қызықты. Әйтпесе, «Қолжазбадан кітапқа, немесе жабық рецензияның ашық сипаты» мақаласын алып қарайық. Ж.Жақыпбайұлының қолжазбасына сыншы жабық пікір жазған күйінде жыр жинағы жарық көрген соң, жабық пікірді ала отырып, оны жарық көрген жинақпен салыстыра талдайды. Бұл әдеби сын үшін тың форма, сыншы ізденісі өрісін танытады. Екінші кітаптағы «Жұмбақ жан» да Тәкен Әлімқұловтай табиғаты бөлек жазушы. Өмірі мен шығармашылық табиғатын өзара бірлік-байланыста қарастыратын деректі, ғұмырнамалық дүние дер едік. Ал, Дулат Исабеков жайында жазылған «Тағдырлар толғауы» дербес монография делік. Осы тұста бір жайды айта кету орынды. Әдебиетші еліміздің ішкі, сыртқы архивтерін көп ақтарған. Мейлі, шығармашылық очерк, әйтпесе сын мақала жазса да ол архивтік сирек деректерді ұтымды пайдаланады. Асылы оның жазғандарын деректі әдебиеттану дегізерліктей. Тың сүрлеу, соны соқпақ. Екінші кітаптағы мақалалар әдебиетшінің қазақ прозасы сынына тиісінше маманданғанын, уақытқа ілесе, жанр өріс-өркенін қадағалай жазып отырғанын айқын аңғартады. Үшінші кітап – түп-түгелімен балалар әдебиеті мәселелеріне арналған мақалалардан бас құрапты. Қазақстан жазушылар Одағында балалар әдебиеті кеңесін басқарысқан ол, біреу елеп, біреу елей бермейтін сала жөнінде көп мақала жазып, көп баяндама жасапты. Соның баршасын тақырыптық кітапқа жинақтағанда – қазақ балалар әдебиетінің түу бастауынан кешеге дейін желі тартыла жететін тарих, жанрлық түрлену жолы, авторлық құрам түгенделіп шыға келеді екен.
Шабытты жазу, табысты дүниелік! Әдебиеттану сын қайраткерлері көбіне өзгелер жайында сөйлей жүріп, өздерін ұмытып кете баратын. Төртінші кітапта әкесіндей болған Бейсенбай Кенжебайұлының рухани ерліктерін деректі, дәйекті баяндаудан тартып, белгілі сыншы Бақыт Сарбалаұлына дейін өз көзімен, өз көңіл дүрбісімен қарап тұлғалапты. Сын тарихына бару жанрдың бір жылдық тәжірибесін қорыту, марқұм сыншы Қалжан Нұрмаханов күнделігімен сырласу, жанрға өрістану сөздері, сыншы жазған публицистикаға, мемуарға зер салу - әдебиетшінің әріптестері еңбегін елеу ғана емес, өткір жанрдың кешегісі, бүгіні, ертеңі жайында ой толғау деген сөз. «Бір өлең...» секілді, «Арыстар мен ағыстардың» бесінші кітабында «Бір роман...» аталатын көлемді тарау, кемел зерттеу бар.
Ол өзі көп жылдан бері сүйіп, зерттеп келе жатқан Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» романының жазылу тарихы жайында. Әдетте әдебиетші, сыншылар жинақтауға бар да, талдауға сараңдау келетіні белгілі. Ал, автор мәселені «Бір роман...» - деп алып, әдебиетке құбылыс болып келген бір шығарманы ішек – қарнына дейін ақтарып, талдайды. Жеке шығарманың жазылу тарихы, творчестволық лаборатория, шығармашылық психологиясы – Құлбек Ергөбектің арнайы бағыт етіп, ұстап жүрген саласы. Ол бұл саланы
арналандырып алып бара жатыр.
Адам уақыт перзенті. Уақыт перзентін жарық дүниеге әкелді, есейіп, ер жеткізіп, күндердің күнінде жарық дүниеден алып кетеді. Жарық дүниеге келу мен одан көшудің аралығында табиғаттың ең даулы жемісі, қайталанбас түлегі – адам баласы шарқ ұрып ізденеді. Тіршілік бақыты үшін күреседі. Кейде адам баласы бақытты болып туады, өзін бақытсыз ететін акдамның жұмыр-тіршілікті мәңгіліктей көріп, селқос қарап, жауапсыздыққа айналдыратын өзі деп те жатамыз. Кейде одан жарық дүниеге бақытсыз болып келіп, күресіп жүріп бақытқа жетіп, соңына із қалдырып өтеді дейміз дүниеден. Бұл ұғымдардың қай-қайсысында да тіршілік тәжірибесі, тағдырға айналған соқпа-соқпа сырлар жатыр. Тағдыр қызық: орта адам толмайтындай, толысқан адам ортаймайтындай көреміз.
Иә, тағдырдың сан тарау, өмірдің соншалық күрделі екеніне ел таныған, халық мақтанышына айналған аяулы адамдардың тіршілік жолы арқылы үңілу қызықты-ақ. Мысалға, өмір сапары, творчестволық тағдыры барынша күрделі, халық жадына терең ұялаған, жарық дүниеден:
«Осы да жетті деген тілегіне, жол таптым бар қазақтың жүрегіне»,- деп аттанған Сәбит Мұқановты алайықшы. Елдес жерлестерінен естіген әңгімеге қарағанда, Сәбит Мұқановтың арғы атасы ауқатты, дәулетті болыпты. Қазақ үшін дәулетті деген ұғым да шартты. Халқымыздың дәулет санап, байлық салыстырары – мал. Сол малдың ұзын-ырғасын көңілге медет еткен байырғы қазекем бірінен-бірі биіксіп сөйледі, біріне-бірі үстемсіп, шекесінен қарап жүрді. Біз оқулықтан немесе халқымыздың тұтас бір кезеңін шежірелейтін тарихи, этнографиялық сипаты мол «Өмір мектебі» трилогиясынан сіңірі шыққан кедей ретінде білетін Сәбит Мұқановтың арғы атасы алдынан қора-қора қой өргізген ауқатты адам болса керек. Тіпті мыңғырған малы бар бай болғанда не тұр, өйткені әңгіме кедей-шаруа ретінде қабылданған Сәбит Мұқановтың не әкесі, не өзі туралы болып отырған жоқ қой. Керісінше, әңгіме халық сүйген жазушының арғы ата-бабалары жөнінде болып отыр.Демек, жазушының бабасы бай болыпты деп суынатын, кедей еді деп қызынатындай ештеңе де жоқ. Сәбит Мұқановтың өзінше философиялап қайырсақ:
Байлыққа, бақ пен таққа мәңгі ие жоқ,
Кер келмей кете берер еш кие жоқ.
Басында шалқып, тасығанымен,
Түбінде таусылмайтын дүние жоқ.
Сәбит Мұқанов жиырмасыншы ғасырдың табалдырығын мал түгілі басқа жарымаған, бақ-дәулет түгілі әке мен шешеге зар, ішер асқа, киер киімге кенде, маңдайы тайқиған батырақ – жалшы болып аттады. Бірақ, жетім баланың жұлдызы жарқырап жанғалы тұр еді.Барша бай бабаларынан гөріаты әлемге кең тараған, рухани кемелдік жөнінен барынша бай ұрпаққа айналғалы тұрды. Бір жұрттың – байлықтан өзге ештеңесі жоқ жазушының арғы аталарында кісі мақтанарлық, тектілік тұтатындай қандай қасиеттер бар еді? Бұл сұраққа Сәбит Мұқановтың өзі жауап берген. «Өмірбаянына» аталатын топтама төрттағандарға ден қойсақ, алтыншы әжесі – жаугершілікте қолға түскен қалмақ қызы. Төртінші атасы – Сырымбет батыр болыпты.
Төртінші атам Сырымбет батыр екен,
Қан майданда қырқысқан жауларменен.
Дұшпаныма белімді бекем буып,
Сол атамның салтынан қумадым мен, -
дейді ол. Әрине атасы сырт жауларға қарсы күрессе, бұл тап жауларымен жағаласты. Сол жолда адасты да......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык жумыс Қ. Ергөбек Сәбит Мұқанов шығармашылығын зерттеуші дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар казак адебиет жобалар дипломдық жұмыстар