Қазақ тілі | Қазіргі қазақ тіліндегі жанасу байланысу формасы
Мазмұны
КІРІСПЕ…………………………………………………………………4
1 ЖАНАСУДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ………………………………………….7
2 ЖАНАСУДЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ…………………………….15
2.1 Жанасуға қатысты көмекші сөздер ……………………………….20
2.2 Есімді жанасулар, олардың түрлері ………………………………23
2.3 Етістікті жанасулар, олардың жасалу жолдары ………………….26
2.4 Жанасудың морфологиялық өзгерісі…………………….………..34
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………….38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………….40
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ……………………………………...41
Кіріспе
Тіл білімінің күрделі де қызық саласының бірі – синтаксис. Грек сөзінен шыққан «sintaxis» ойдың жемісін көрсететін сөйлемнің құрылысын зерттейді.
Синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынадай негізгі екі салаға бөлінеді: 1) сөз тіркесінің синтаксисі. 2) сөйлемнің синтаксисі.
Қазақ тіл білімі тарихында Ахмет Байтұрсынов пен Құдайберген Жұбанов ерекше орын алады. Тілдік тәсілдердің жұмсалу жүйелерін айқындап, оларға өзінше ат қойып, айдар таққан кісі Ахмет Байтұрсынов болады да, олардың жұмсалу, даму, қалыптасу заңдылықтарын айқындауға ерекше күш жұмсаған профессор Құдайберген Жұбанов болды. Екеуі де кезінде әділетсіздіктің құрбаны болды да, олардың ізін жас ғалымдар жалғастыруда. Олар мақала, кітап, оқулықтар жазса да, докторлық, кандидаттық диссертация жазса да, А.Байтұрсынов құрастырған тілдегі фонетикалық, грамматикалық жүйелік пен ұғым, категория атауларын пайдаланады. Бір қатары Қ.Жұбановтың салған жолымен шұғылданады. Солардың бәрі – қазақ тіл білімінің табысы.
Сөз тіркестерінің құрамы, олардың түрлері, тәсілдері, байланысу формаларын қарастыратын сөз тіркесінің синтаксисі 1950 жылы бой көтеріп, оның мәселері көптеген ғылыми зерттеудің обьектілері болып, синтаксис ғылымының бір саласы ретінде қалыптасты.
Осы аталмыш ғылымның тарихына үңілетін болсақ, 1950 жылға дейін «сөз тіркесі» термині қалыптасқан жоқ болатын, тек сөйлемдегі сөздердің байланысы деп көрсетіліп жүрді. Дегенмен де бірен – саран еңбектерде оқта – текте кездеседі. Мысалы, 1948 жылы Ғ.Бегалиев пен Н.Сауранбаевтың авторлығымен шыққан «Қазақ тілінің грамматикасында» сөз тіркесі термині айтылып, оған мынадай анықтама береді. “Сөздер жеке түрде де және бір – бірімен байланысып та айтылады, бір – бірімен мағына жағынан байланысқан бірнеше сөздердің тобын сөз тіркесі дейді”. [ 1. 149 ]
Қазақ тіл білімінің көшбасшылары А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектерінде сөйлем сөз болады да, сөз тіркесі синтаксисі туралы жазбайды.
Жоғарыда айтқанымыздай өткен ғасырдың 50-жылдарынан кейін ғана бұл термин қазақ тіл білімі саласында қолданысқа ие болып, 1954 жылы «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен көлемді кітап шығады. Қазақ тіл білімінің салалары – фонетика, лексика, және грамматика жөнінде жазылған елеулі еңбек болды. Ең басты жаңалығы – сөз тіркесі синтаксисінің бөлек қарастырылуы және сөз тіркесіне мынадай анықтама берілуі. “Сөз тіркесі дегеніміз – сөйлемдегі сөздердің синтаксистік байланыста айтылған мағыналық тобы”. [ 2. 337.]
Бұдан соң шыққан еңбектердегі сөз тіркесі туралы анықтамаларға қысқаша тоқталатын болсақ. С.Аманжолов, А.Әбілқаев, И.Ұйықпаевтың авторлығымен шыққан 1961 жылғы «Қазақ тілі грамматикасы» атты еңбекте: «Толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір – біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын сөз тіркесі дейміз», - деген анықтама берілген. [ 3. 27.] Ал 1971 жылы шыққан М.Балақаев пен Т.Қордабаев «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында сөз тіркесі жайлы мынадай пікір айтады: «Синтаксистік қарым – қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз».[4.15] «Қазіргі қазақ тілі» атты 2004 жылы шыққан еңбекте де тап осылай берілген (авторлары М.Балақаев, Т.Сайрамбаев).
Бұл жерден шығатын қорытынды, ғалымдардың пікірінше, кемінде екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз, яғни бағыныңқы мен басыңқы сөздердің тіркесі.
Ал кейбір ғалымдар сабақтаса байланысқан сөз тіркесімен қатар салаласа байланысқан сөз тіркесі бар екенін айтады.
Бұл салада елеулі еңбек етіп жүрген профессор Р.С.Әміров сөз тіркесі туралы былай дейді: «Синтаксистік қатынасты білдіру үшін толық мағыналы екі сөздің сабақтаса, салаласа байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз».[5.11.]
Сонда сөздер сөйлемде салаластық қатынасқа түсіп байланысуы мүмкін дегенді айтады. Бұған мысал ретінде бірыңғай мүшелердің байланысуын келтіреді.Бұл байланыс түрін М.Балақаев 1949 жылы шыққан еңбегінде де атап өтеді. Әрине, бұл өз алдына сөз тіркесі синтаксисі зерттеу обьектісінің еншісінде.
Қай салада болмасын белгілі бір іспен шұғылданғанда сол іске керекті құрал – жабдықтар, материалдар т.б керек болатыны сөзсіз. Мысалы, сурет өнеріне түрлі бояулар , қағаз – қаламдар, материалдар т.б. қажет. Сол сияқты адам ойын бейнелеудің, қағазға түсірілуінің формасын сөз, сөз тіркесі, сөйлем бере алады. Ал сол құрылымдар өз ішінде белгілі ретпен, тәртіппен орналасқан болса, ойға қонымды, тілге оралымды келеді. Сондықтан осындай тәртіппен орныққан өзара тіркескен сөздердің синтаксистік тобын сөз тіркесі деп тану үшін, оның мынадай белгілеріне қарау керек.;
1) Сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады;
2) Ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық және синтаксистік байланыста айтылады. Олар салаласа байланыспайды, тек сабақтаса байланысады;
3) Тіркескен сөздер анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалады.
Сөзіміздің басынан бері сөз тіркесі туралы анықтамаларды бір шамасын тізіп жазғанымыз, мәселенің мәніне бару және тақырыптың (бітіру жұмысының) сөз тіркесіне тікелей қатысы барын айқындау.
Әр ғылым ғылым болып қалыптасқаннан кейін оның қарастыратын мәселесі, зерттеу нысаны, мақсаты болады. Осының негізінде сол ғылымның айқын көрінісі пайда болып, бір жүйеге түседі. Сонымен сөз тіркесінің зерттеу нысанының мынадай типтері болады:
1) Байланысу формалары. Олар – қиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу.
2) Байланысу тәсілдері – аналитикалық, синтетикалық, аналитика –
синтетикалық.
3) Синтаксистік қатынас – анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық.
4) Сөз тіркесінің түрлері – есімді, етістікті, ортақ басыңқы. Мысалы, алтын сағат қабыса байланысқан, анықтауыштық қатынастағы, есімді тіркес.
Сөз тіркесі кемінде толық мағыналы сөзден құрылғаннан кейін сөз тіркесінің белгілеріне сай және зерттеу нысанындағы заңдылыққа бағыну керек. Сөйлем болған соң, ол сөз тіркесінен, сөзден болады. Ал сөз тіркестері белгілі бір дәрежеде бір сөз екінші бір сөзбен байланысады. Соның нәтижесінде сөз тіркесінің синтаксистік байланысу формалары шығады.
Жоғарыда айтқанымыздай, қазіргі қазақ тілінде бес байланысу
формасы бар және бұл бізге мектеп бағдарламасынан таныс.
Бұл жұмысымызда байланысу формасының бесінші түрі – жанасудың зерттелу тарихы, жасалу түрі және оның түрлері жайында зерттеу жасалмақ. Бірінші тарауда жанасудың зерттелу тарихына кеңінен тоқталмақшымыз. Мұнда өткен ғасырдың бірінші жартысынан бастап қазірге дейін синтаксис саласын зерттеген ғалымдардың жанасуға берген анықтамалары және бұл байланысу формасын көрсететін мысалдар келтіріледі. Сонымен бірге осы бөлімде жоғары оқу орындарының оқулықтарында, мектеп грамматикаларында жанасудың синтаксистік байланысу формасы ретінде аталу керек пе, керек емес пе деген мәлімет жайында да сөз болады.
Екінші тарау жанасудың жасалу жолдарына арналады. Бұл тарау үш бөлімнен тұрады. Профессор Т. Сайрамбаевтың ғылыми зерттеуін негізге ала отырып, бұл жұмыстың тақырыбын кең түрде ашуға, қазіргі кездегі жанасудың берілу күйін ескеріп, жасалу жолдары, түрлері беріледі.
Өмірдегі барлық құбылыс, тіршілік, заман шырғалаңдары, адамдар арасындағы қарым – қатынас, табиғат суреттері көркем әдебиет арқылы санамызда жаңғыртылады. Сонда «көркем әдебиет - өмір айнасы» деп айтуымызға болады. Ал сол көркем шығарманың тілін, сөзін, сөз тіркесін, сөйлем құрылысын зерттеп қарау біздің еншімізде. Сондықтан да жанасудың жасалу жолдары, түрлеріне байланысты мысалдарды көрсету үшін осы көркем әдебиеттегі сөйлемдерді, сөз тіркестерін теориялық жағына сай алынады.Бұл тағы да халқымыздың сөздік қорының, сөз қолданысының кең көлемін, қыр – сырының мол қазынасын көрсетеді. Яғни осы байлықтың ашылуы барысында қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркесі синтаксисінің байланысу формаларын көрсетуге мол мүмкіндік береді.
1 ЖАНАСУДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Қазіргі кезде синтаксистің ең бір үлкен саласы сөз тіркесі екені даусыз. Бұл жайлы бірнеше мақалалар, монографиялар, жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтар да шығып отыр. Сөйтіп «сөз тіркесі» ұғымы қалыптасып, синтаксистің жан – жақты зерттеу обьектісіне айналды. Әйтсе де кейбір мәселелер арнайы қарауды қажет етеді. Әсіресе, сөз тіркесінің байланысу формалары туралы жайттарды айтса болады.
Сөз тіркесінің негізгі зерттеу обьектілерінің бірі болып табылатын байланысу формалары басқаларына қарағанда ең алғаш зерттеле бастады. Дегенмен әлі де болса олардың мектеп, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтардағы берілу дәрежесі, әрқайсысының жасалу жолдары сияқты мәселелерін қарау керек.
Сөйлемде бірнеше сөз болса, олар бір – бірімен үйлесіп байланысуы міндетті. Үйлесімсіз құрастырылған сөйлем белгілі бір тиянақты ойды білдірмейді. Орын тәртібі арқылы түсінікті, тиянақты болып сөздер орналасса, онда сөйлемде сөздердің байланысу формалары пайда болады.
Сөздердің өзара байланысу тәсілдері негізінде қалыптасқан синтаксистік байланыс жүйесін сөздердің байланысу формалары дейміз.
Енді осы байланысу формалары біздің оқулықтарымызда қалай беріліп жүргеніне тоқталсақ. Сосын жұмыстың тақырыбына байланысты бірнеше анықтамаларды көрсетсек.
Қазіргі қазақ тілінде сөздердің байланысы бес түрге бөлінеді. Олар – қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу.
Синтаксистік байланыстың көп қолданылатын, сөздердің сабақтаса байланысуының бір түрі – қиысу.Бастауыштың жақтық, жіктік, көптік мағынасына сәйкестене баяндауыштың да сондай мағынада, сондай тұлғада байланысуын қиысу дейміз, яғни бастауыш пен баяндауыштың арасындағы байланыс. Сонда сөйлем болған жердің барлығында қиысу болады деп айта аламыз. Мысалы, мен көрдім, біз бардық.
Матасу – сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сөздің басыңқыға және басыңқының бағынынқыға қарай тұлғаланып байланысуы. Осылайша бірімен – бірі қарама – қарсы, матаса байланысатын сөздердің бірі ілік жалғауда, екіншісі тәуелдік жалғауда айтылады. Мысалы, ағаштың бұтағы, сенің дәптерің.
Бір қызығы матасу байланысу формасы 1939 жылы С.Аманжолов пен Н.Сауранбаевтың авторлығымен шыққан мектеп грамматикасында кездеспейді.
Сөздердің синтаксистік байланысының үшінші түрі – меңгеру. Меңгеру – сөз тіркесіндегі бағыныңқы сөздің басыңқымен мағыналық үйлесімі негізінде септік жалғауларының (іліктен басқа) біріне тұрып байланысуы; меңгерілетін сөз барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғауларының бірінде тұрады. Меңгеретін сөз етістік, есім не сол екеуінің ортақтасқан тобы болады. Мысалы, жолда жатты, қойдан жуас, айтуға тілім жетпейді.
Қазақ тілінде өте жиі қолданылатын байланыс формасы – қабысу. Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарының басыңқымен жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысы осылай аталады. Қабыса байланысатын сөздер тұрған орындарын өзгертпейді. Мысалы, темір күрек, биік тау, айтылған сөз, ілгері жүріп кетті деген сияқты тіркестер.
Жоғары оқу орындарына арналған оқулықта осылай байланысу формасының төрт түрінің анықтамасын, мысалдарын, түрлерін айтып келеді де, бесінші формаға келген кезде оқулықта жанасуға мынадай мәлімет береді: “Ал бірқатар қабыса байланысатын сөздер сөйлемдегі орнын өзгертіп, өздері бағындыратын сөздерінен қашықтап та тұрады. Ондай алшақ байланыс жанасуға жатады”. [ 6. 39]
Содан ойлаймыз, егер ол алшақ байланыс болса, неге біз оны синтаксистік байланысу формасының бір түрі деп аламыз, қабысудың ішінде қарастыра бермейміз бе? Осындай орынды сұрақ туады. Бірақ біз бұл сұраққа профессор Қ.Жұбановтың «Сөздер бір-бірімен жанасады» деген ұстанымы негізінде жауап береміз.
Ал ендi қазақ тiлiндегi байланысу формалары туралы мектеп оқулықтарында мынадай деп берiлiп жүр.
Бастауыш пен баяндауыштың жақ-жағынан бiр келкi (үш жақтың бiрiнде) болып, немесе көптiк мағынасы (көптiк тұлғалы,көптiк мәндi жалғау арқылы) жағынан бiр келкi болып келуiн олардың қыйыса байланысуы деймiз. Мысалы, мен келдiм.
Бағыныңқы мүшенiң белгiлi септiк жалғауда тұру арқылы басыңқы мүшемен байланысын меңгеру деймiз. Сонда барыс, табыс, шығыс, жатыс және көмектес септеудегi сөздердi, көбiнесе, етiстiк меңгерiп тұрады. Мысалы, бiлiмдiден шыққан, талаптыға болсын.
Сөйлемде iлiк және тәуелдiк жалғаудағы сөздердiң өзара байланысуын матасу деймiз. Ағаштың жапырағы, менiң жолдасым, сенiң талабың.
Бағыныңқы мүшелердiң бағынатын сөздермен ешбiр жалғаусыз қатар айтылу арқылы байланысуын қабысу деймiз.
Қабыса байланысатын сөйлем мүшелерi мыналар: 1.Жалғаусыз жұмсалатын анықтауыштар мен анықталатын сөздер: биiк тау, темiр пеш, қызық заман, саналы жас т.б. 2.Пысықтауыштармен оларға қатысты етiстiктер: тез кел, ақырын сөйле, жоғары көтерiлдi т.б. 3.Жалғаусыз айтылған пысықтауыштар мен оларды жетектейтiн етiстiктер: баяндама жасадым, арқан байладық, ел араладым, кiтап оқыдым т.б.
Бесiншi байланысу формасы туралы мектеп грамматикасын жазған ғалымдардың еңбектерiне назар салсақ.
Бұл туралы ғалымдарымыз қандай пікірде екенін көру үшін олардың еңбектеріне көз жібергенді жөн көрдік.
Осы кезеңге дейін сөз тіркестерінің байланысу формаларының берілуінде әр түрлі алшақтықты көруге болады. С.Аманжолов, Н.Сауранбаевтар мектеп грамматикасында сөйлем мүшелерінің бір – бірімен байланысу жолының төрт түрін қиысу, меңгеру, қабысу, жанасу деп берсе, ал 1950 жылдардан кейін оған матасуды енгізгені белгілі. Осыдан кейін ғалымдар сөз тіркесінің байланысу формаларының бес түрі – қиысу, меңгеру, матасу, қабысу және жанасу деп бөліп береді. Осы пікірді Н.Сауранбаев, Т.Қордабаев, Р.Әміров, Ш.Әуелбаев, Ғ.Әбуханов т.б. қолдайды.
Профессор М.Балақаев сөз тіркесі туралы арнайы еңбек жазып, олардың байланысу формаларына қарай 1949 жылғы мектеп грамматикасында беске бөліп берсе, ал жоғары оқу орындарына арналған оқулығында байланысу түрлерінің төрт түрін береді де, қабысудың бір түрі деп жанасуды атаумен шектеледі. Ал қазақ энциклопедиясының авторлары Ә.Нұрмаханова, А.Әбілқаев төртке бөліп жанасуды ескермейді.
“Сөз тіркесінің байланысу формалары сан жағынан да, атаулары жағынан да әр түрлі беріліп жүр. Бұл байланысу формаларының ішінде аталуы да, жасалуы да жағынан таласқа түсіп жүргені жанаса байланысу формасы”,-деп қазіргі кезде нақты, келелі пікір айтып жүрген профессор Т.Сайрамбаев7. 35 Жанасу байланысу формасының төңірегінде, осы жерден, екі мәселені атап айтуға болады. Біріншіден, мектеп грамматикаларында арнайы түрде берілген жанасу формасы, жоғары оқу орындарының оқулықтарында еленбейді. Екіншіден, мектеп бағдарламасына сай жасалған оқулықтарда жанасудың жасалу жолдары жайлы да бірізділік жоқ.
1939 жылы С.Аманжолов пен Н.Сауранбаевтың авторлығымен шыққан мектеп грамматикасында жанасу былай көрсетілген: “Пысықтауыш пен баяндауыштың байланысын жанасу дейміз”. Жанасудың жасалу жолдары:
а) үстеу мен етістік – былтыр келдім, кеше келді,
ә) көсемше етістік – оқып келді
б) септік жалғаулы мезгілді, мекенді білдіретін – түнде келді, кешке келді т.б.
в) шылаулы сөз – етістік – адам баласы үшін күресті, оқу үшін келдім, сабақтан кейін барды, саған бола аялдадық. [8. 31]
Ал 1940 жылғы «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» деген еңбегінде негізінде осы пікірді қайталай келе, оған адам сияқты сөйледі деген модаль сөзді топты да жанасу деп біледі.
Ары қарай осы анықтамаларды жалғастыра берсек 1948 жылғы мектеп грамматикасында Ғ.Бегалиев, Н.Сауранбаевтар жанасу деп пысықтауыштың етістіктен болған баяндауышпен мағына жағынан жанамалап байланысуын атаймыз дейді де, мынадай мысал келтіреді: Алты жүк машина ауылдан қатарласып өте берді. Пысықтауыш болып тұрған «қатарласып» сөзі толықтауыш сияқты септеуде тұрған жоқ, я анықтауыш сияқты қабысып айтылмаған, көсемшеде тұрып баяндауышқа жанаса айтылған, дейді ғалымдар. [1. 149 – 151]
“Бағыныңқы мүшелердің өзі қатысты сөзімен жақын да, қашық та тұрып, мағыналық байланыста айтылуын жанасу дейміз”, - делінген 1949 жылғы М.Балақаевтың мектеп грамматикасында. Автор ойын былай жалғастырады: “Жанасу – қабысудың бір түрі. Жанаса байланысатын сөйлем мүшесі - мезгіл, көсемше тұлғалы қимыл пысықтауыштар”. [9.10] «Кеше мен де жиналыста болдым, асықпай сұраққа жауап бердім» деген сөйлемдердегі үстеу мен көсемшенің етістікпен тіркесін ғана жанасуға жатқызады. Жанасудың қабысудан негізгі айырмашылығы ретінде автор орын тәртібін басшылыққа алады. Бірақ осы принципті қолданғанымен, ғалымның қабысу мен жанасу байланысу формаларына берілген мысалдары араласып кетеді. Мысалы: «тез кел» дегенді қабысуға жатқызса, ал «кеше мен де жиналыста болдым» деген сөз тіркесін жанасуға жатқызады. Бір ғана үстеудің іргелес тұрып байланысуын қабысуға, ал алшақ тұрып байланысуын жанасуға жатқызады.
Бұл ғалымдардың пікірінше, алдыңғы авторлар жанасуды пысықтауыш пен баяндауыштың мағына жағынан байланысуы деп таныса, соңғы автор ең алдымен жанасуды қабысудың бір түрі деп алып сөз тіркесіндегі бағыныңқылардың басыңқыларға жақын да, қашық та тұрып байланысуын айтады.
1950 жылғы С.Аманжолов пен Ғ.Бегалиев алғашқы жанасуға берген анықтамаларын өзгертіп, жаңаша түрде ереже ұсынады: “Орын жағынан еркін, пысықтауыш сұрағына (қалай, қайтіп, қашан, қашаннан бері, не арқылы, қайткен сайын, кім арқылы, кейде кімнің арқасында?) жауап беретін сөйлем мүшелерінің пысықталатын сөз бен қарым – қатынасын жанасу дейміз. Сын пысықтауыштардан басқа пысықтауыштардың бәрі өзінің пысықтайтын сөзінен бұрын, бірде оған жақын, бірде одан алыс тұра береді. Мысалы, Қапаш еліне былтыр кетті.
Бұл келтірілген сөйлемнің пысықтауышын сол сөйлемдегі сөздердің ең басына шығарып қоюға да,ортасына да апаруға да болады”. [10. 87]
Осы жерде тағы да мынадай қорытынды жасауға болады. Ғалымдар байланысу формасының бес түрі болатынын және жанасуды сын пысықтауыштардан басқа пысықтауыштың етістіктен болған баяндауышпен мағына жағынан бірде жақын, бірде алшақ байланыс түрі деп атайды.
Әр жылдардағы осы байланысу формасына берілген анықтамаларға тоқталуымыз, жанасудың мәнін, байланысу түріндегі орнын, жасалу жолдарын анықтау және осы мақсатпен анықтамаларды салыстыру.
Кіріспеде көрсетіліп кеткендей 1954 жылы көлемді де елеулі еңбек шығады. Бұл еңбектің редакциясын басқарған профессор М.Балақаев болды. Сонда жанасу байланысу формасына біраз мәліметтер берілген. Біріншіден, түркі тілдерінің грамматикасында жанасуды синтаксистік байланыстың бір түрі деп қарамағанымен, мұндай фактының барлығы көзге көп түседі. Екіншіден, жанасуды қабысудың бір түрі деп қарастырып, оған «жанасу» деген атаудан гөрі «алшақ қабысу» деп атау әлдеқайда ұғымды болар еді дегенді айтады.
Мектеп грамматикаларының кейбір авторлары оны тек пысықтауыштың пысықталатын сөзімен байланысуы деп қарайды. Біз жанасуды тек алшақ байланыстағы пысықтауыш пен пысықталатын, анықтауыш пен анықталатын сөздердің қабыса байланысуының ерекше бір түрі деп қараймыз. [2.409]......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык жумыс Қазіргі қазақ тіліндегі жанасу байланысу формасы дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар казак тили жобалар дипломдық жұмыстар