Қазақ әдебиеті | Ахмет Байтұрсынұлы және ХХ ғасыр басындағы орыс тілші ғалымдары
Мазмұны
КІРІСПЕ...................................................................................................................4-9
1 Қазақ орыс ғалымдары – Ахмет Байтұрсынұлы туралы............................ 10-19
2 Ахмет Байтұрсынұлының фонетикалық еңбектері – түркологиялық зерттеулердің негізі............................................................................................20-27
3 Ахмет Байтұрсынұлының грамматикалық зерттеулерінің жаңашылдығы.....................................................................................................28-38
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................39-40
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................41-43
Жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Ахмет Байтұрсынұлы түркі тіл білімі тарихында грамматиканың барлық саласында ғылыми жол бастаушы және негізін қалаушы ғалым екендігін салыстырудың қорытындылары бойынша дәлелдеу
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Ахмет Байтұрсынұлы – ағартушы, қазақ тіл лингвистикасының көш бастаушысы, рухани – мәдени тарихымыздың көрнекті өкілі, белгілі ғалым – педагог, қазақ теориясы мен сынының негізін салушы, ақын, аудармашы ,филолог, еңбек сіңірген ғылыми қызметкер.
Бұл жұмыстар Ахмет Байтұрсынұлының қазақ (түркі) тілтанымдық мұрасы ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі әлем тілтаныммен сабақтас екендігін көрсету болып табылады. Ахмет Байтұрсынұлы тіл біліміндегі мәселелердің негізін қалаушы ғалым екендігін салыстырудың нәтижесіндегі қорытындылар бойынша айқындаймыз.
Жұмыста қолданылған әдістер: Сипаттамалы, ғылыми-зерттеу әдісі, салыстырмалы ғылыми-зерттеу әдістері қолданылды
Жұмыстың өзектілігі: Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы негізінде ХХ ғасыр басындағы орыс тілші ғалымдар өздерінің тілтанымдық концепциясын жасады деген тұжырымды дәлелдеу
Пайдаланылған дерек көздері: Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми еңбектері және оған арналған зерттеу мақалалар, сондай-ақ Н.Ф. Яковлев, Е.Д. Поливанов, И.А. Бодуэн де Куртенэ, В.В. Виноградов, А.М. Кононов, П.М. Мелиоранский, А.Н. Самойлович, Л.Р. Зиндер және т.б. ғалымдардың тілтанымдық еңбектері қарастырылды
Тірек сөздер: термин, тұжырым, дыбыстық жүйе, қорытынды, қазақ тілі грамматикасы, тіл білімінің теориясы, тіл материалдары, практикалық жетістіктер, тіл категориясы, әдіс, орфографиялық норма
КІРІСПЕ
А. Байтұрсынұлы – ғұлама жазушы, энциклопедиялық білім иесі, рухани дүниесі биік ғұлама. Ахмет Байтұрсынұлының өзі және творчестволық мұрасы төрт рет репрессияға ұшырады. Бұл тарихи шындық. Көп жылдар бойы зерттемелері “құлыптаулы” қамал ішінде сақталды. Ахмет Байтұрсынұлы жер шарының алты бөлшегінің бір ұшын қамтыған мемлекеттің тарихында жиі кездесетін көп ақтаңдақтардың біреуі. Ахмет Байтұрсынұлы КСРО-да репрессияланған болса да, Қытай да, Монғолстанда, Түркияда, Германия мен АҚШ ғалымдарының еңбектерінде, А.А. Реформатскийдің, А.Н. Кононовтың және басқалардың зерттемелерінде ХХ ғасырдың ғұлама тілшілердің бірі ретінде танылды.
Бүгінгі таңда, Ахмет Байтұрсынұлы еңбектері терең зерттеле бастады. Бұл зерттемелер, мақалалар, естеліктер мен деректі кинофильмдер және тағы басқалар аз да болса, Ахмет атамыздың жазушылық, қоғамдық-мемлекеттік, педогогикалық қызметін сипаттайды.
Енді қысқаша өмірбаянына тоқталып кетсек, Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 28 (15) қаңтарда сол кездегі Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5-ші ауылында Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Ахмет Байтұрсынұлының әкесі (Байтұрсын Шошақұлы) ауылға інісі Ақтасты іздеп келіп, ойран салған патша әскерлерінің полковнигіне қарсылық көрсеткені үшін әскери соттың шешімімен інісі екеуі 15 жылға сотталып, Сібірдің каторгасына айдалды.
Жетім қалған А. Байтұрсынов немере ағасы Ерғазының қолында тәрбиеленді. Ахмет ауылдағы молданың мектебінде (ислам дінінің негіздері, оқу, жазу, Шығыс әдебиеті, ауызекі халық әдебиеті (фольклор), түркі шежіресі, қазақ шежіресі, тағы басқа) сапалы діни білім алады. 1891 жылы Торғай қаласында екі кластық орыс-қазақ училищесін бітіреді. 1895 жылы Орынбор қаласында, кезінде Ы. Алтынсарин негізін қалаған “Мұғалімдер мектебін” бітіреді. 1895-1905 жылдары Ахмет Байтұрсынұлы Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы уезінде және екі кластық орыс-қазақ училищесінде мұғалім болып істейді. 1907 жылы Ресейдің отаршылық саясатына қарсы күреске қатысқаны үшін тұтқындалып, Қарқаралы қаласының абақтысына қамалды, одан Семей қаласының абақтысына өткізіледі, 1913 жылдың наурыз айынан 1917 жылдың соңына дейін Орынбор қаласында “Қазақ” газетінің бас редакторы болып жұмыс істейді. 1917 жылдың соңынан 1919 жылдың наурыз айына дейін “Алаш” партиясы жүйесінде және “Алашорда” атты уақытша Халық кеңесінің оқулықтар жазу Комиссиясының құрамында қызмет етеді. 1919 жылы наурыз айында Ахмет Байтұрсынұлы Совет үкііметін қабылдап, сол үкіметтің жүйесінде мемлекеттік істерде қызмет атқарады: 1920-1923 жылдары – Қазақстан Халық Ағарту Комиссариатының комиссары; 1921-1922 жылдары – Қазақстан Халық Ағарту Комиссариаты жанындағы Ғылыми Әдеби комиссияның төрағасы; 1921-1926 жылдары – Орынбордағы Қазақтың халық ағарту институтының мұғалімі; 1926-1928 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика (тәлім-тәрбие) институтының мұғалімі; 1928-1929 жылдары – Қазақ мемлекеттік университетінің профессоры, 1929 жылы колхоздастыру және конфискация жасау кезіндегі асыра сілтеушілерге ашық қарсы үгіт жүргізгені үшін тұтқынға алынып, Архангельск облысына жер аударылады. Дүниежүзілік Қызыл Кіреске М. Горькийдің жұбайы Е. П. Пешкованың жолдаған өтінішімен А. Байтұрсынұлы 1934 жылы мерзімінен бұрын айдаудан босатылады. 1936-1937 жылдары қайтадан тұтқынға алынады. 1937 жылы желтоқсан айының 8 күні атылады. 1988 жылы қараша-желтоқсан айларында ақталады /7, 13/.
Ұлы ғұламаның шағын өмірбаяны осындай. Қазақ даласының асыл перзентінің туған халқымыздың тарихы мен мәдениетіне қосқан үлесі қомақты. Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы – қазақ халқының айқын бейнесі. Ол тарихи тағдыр, сәулелі ойлар мен көкейкесті арманды білдіреді. Ұлы Ұстаздың әрбір сөзі бүгінде жеткіншек ұрпақтың тәрбиесіне игі ықпал етіп, рухани байлығымызды қалыптастыруға қызмет етеді. Оның тәрбиелік және эстетикалық идеялары бізді азаматтық және патриоттық сезімді көздің қарашығындай сақтауға баулиды. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінде өз қолтаңбасын қалдырған тұлға.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік тынысының ашылуы, ғылымының өсіп-өркендеуі қазақ зиялыларының ағартушылық қызметімен тікелей байланыста болды. Сол тұстағы саяси өзгеріс, іс-оқиғалар мен үлкен сілкіністер әсерінен мемлекеттік істерге, саясатқа қызу араласқан зиялы қауым оқу-ағарту ісіне де белсене атсалысты. Бұл кезеңде қазақ тарихына, мәдениетіне, рухани дүниесіне мол ізін қалдырған ағартушы қайраткерлер мен ақын жазушылар, ғалымдар шоғыры жарқырап шықты. Сондай бірегей тұлғалардың бірі – Ахмет Байтұрсынұлы сияқты қайраткерлер өз халқына өлшеусіз еңбек сіңірді. Ахмет Байтұрсынұлы ағартушылық қызметті қазақтың саяси тынысы мен әлеуметтік тіршілігіндегі ең қажет, ең игілікті әрекет деп қабылдады және оқу-ағарту жұмысы туған халқына теңдік, азаттық, бостандық, өркениетті даму алып беретін біден-бір жол деп ұғынды /20, 10/.
Ағартушылық қызметі мұрат тұтып, ұлттық мектептерде, жоғары оқу орындарында дәріс беру, оқу-ағарту жұмыстарын қалың жұртшылық арасына насихаттаумен қатар, жекелеген пәндерден оқу құралдарын жазудың үлгілі көшін бастаған – Ахмет Байтұрсынұлы. Оның қазақ халқына сіңірген санқырлы қызметі өзінің бастау арнасын ағартушылық қызметтен алады /19, 10-11/.
Мәселен, Рәбиға Сыздықова бұл мәселе жайлы былай деген: “Ахмет Байтұрсынов демократтық-ағартушылық қызметті өзінің азаматтық борышы және ұстаған жолының негізі деп санаған. Ол білім-ғылымнан кенже қалған, малын бағып, марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан, сол марғаулықтан маса болып ызңдап оятып, алып шығуды өмірінің мақсаты етіп қояды. Сонда, қазақ мәдениеті, әдебиеті көгінде Ахмет Байтұрсынов – жалаң ағартушы болып көрінеді ”/7, 18-23/.
А. Байтұрсынұлы – аса ірі қоғам қайраткері, көрнекті ақын, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту үшін аянбай күрескен, тіл ғылымының негізін салған тіл зерттеушісі, қазақ поэзиясын теориялық тұрғыдан тануда жүйелеп ізге салған теоретик-ғалым, халыққа білім беру саласында еңбек сіңірген педагог –ұстаз. Мәселен, Зәки Ахметов: “Ахмет Байтұрсыновтың баға жетпес бірнеше сапалы еңбегін тереңдеп зерттеу – алдағы зор міндеттердің бірі. Байыптап тексерген сайын қоғам қайраткері, ақын, ғалым кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған асыл мұраның мәні толығырақ ашылып, айқындала түспекші”, – деген екен.
Ахмет Байтұрсынұлы – халқымыздың ұлы перзенттернің бірі, әмбебап ғалым, аудармашы, журналист, көсемсөз шебері... Бір сөзден айтқанда, “сегіз қырлы, бір сырлы” адам. Ахмет Байтұрсынұлының сан қырлы қасиеттерінің бірі қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі болып табылады. Мәселен, осы күнге дейін Ахмет Байтұрсынұлының аса ірі қоғам және мемлекет қайраткері, айлалы саясаткер ретінде қызметі туралы жеткіліксіз айтылып, аз жазылып келеді. Оның басты себебін, Зейнолла Қабдолов: “Ахмет – Алаш қозғалысы аясындағы қоғам қайраткері ғана емес, кеңестік Қазақстанның алғашқы жылдарында жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкер атқарған адам. Ахмет Байтұрсынұлы өткен осындай күрделі жол оның қайраткерлік сан қырлы және саясаткерлік қызметін зерттеушілер үшін айтарлықтай қиыншылықтар тудырады. Солай болғанына қарамастан, Ахмет Байтұрсынұлы мемлекеттік жүйелердің қайсысында жұмыс жасамасын, ол бірінші кезекте өзіне нысана етіп жалпыұлттық, бүкілхалықтық мәселелерді таңдап алды да, оларды туған елінің мүдделеріне сай шешу үшін еңбектенді”, – деп еңбегінде көрсетеді /2, 123/.
1895 жылдан 1909 жылдарға дейін 13-14 жыл бойы ауылдық, болыстық мектептер мен екі кластық училищелерде мұғалім болып қызмет атқарады. Оның ішінде 1896 жылдан 1907 жылдарға дейін Қарқаралыда әуелде екі кластық орыс-қазақ мектебінде, кейін қалалық училищеде сабақ берген. Бұл жылдарда А. Байтұрсынұлы қазақ графикасымен (жазуымен) айналыса бастайды. Ол үшін алдымен қазақ тілінің фонетикалық (дыбыстық) жүйесін зерттеуге кіріседі. Бұл екі әрекеттің екеуіне де Ахметті әкелген оның ағартушылық қызметі еді, яғни қазақ балаларының сауатын ашатын “Әліпби” мен ана тілін үйрететін “Тіл құралын” жазу мақсаты ең алдымен графиканы жөндеп алуды қажет етті.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеттерінің беттерінде білдіре бастайды. 1912 жылғы 9-10 нөмірлерінде “Шаһзаман мырзаға” атты мақала жазып, онда қазақ дыбыстарын білдірмейтін кейбір араб таңбаларын қазақ алфавитіне енгізбеу керектігін, сөздің тұтас жіңішкелігін білдіру үшін оның алдына дәйекше дейтін таңба қою қажеттігін дәлелдейді.
А. Байтұрсынұлының араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер қауымы ешбір талассыз қабылдады. Себебі, А. Байтұрсынұлының реформасы қазақ тілінің табиғатына, яғни сингармонизм заңдылығына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған болатын.
Сөйтіп, қазақ дыбыстарының табиғатын айқындап, тануы ғылымға қазақтың жаңа әліпбиін жасауға мүмкіндік берді. Баспа беттерінде жарияланған мәліметтерге қарағанда, 1915 жылдың бір өзінде бұл емледен 15-тей кітап басылып шығыпты. Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған “жаңа емле” 1913 жылдардан бастап мұсылман медреселерінде де, қазақ-орыс мектептерінде де қолданыла бастағандығы айтылады. Сөйтіп, араб әріптері негізінде лайықталған қазақ графикасы 1924 жылы ресми түрде қабылданады. Бұл – өз кезінде қазақ халқының мәдени дүниесінде үлкен роль атқарған, қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба дүниелердің дамуына, баспа жұмысының жандануына игілікті қызмет еткен прогрессивтік құбылыс болды /4, 37/.
А. Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған. Күш жұмсауға тура келген себебі мынада: қазақ балаларына арналып 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептің өзінде шәкірттер сауатын орыс тілінде ашатын. Сондықтан әр мұғалім өз ыңғайына қарай не орыс, не араб жазуларын пайдаланатын. А. Байтұрсынұлы мен өзге де бір топ қазақ интеллигенциясы уәкілдері болып, 1905 жылы 26 маусымда Ресей Империялық Министрлер Советінің Председателі атына петиция жазады. Мұнда бір пункт етіп қойған талаптары “қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын, оқу ана тілінде жүргізілсін” деген болатын. Осы талаптың жүзеге асуы үшін Ахмет Байтұрсынұлы қазақша сауат ашатын тұңғыш әліппе құралын жазады. Оны “Оқу құралы” деген атпен 1912 жылы Орынборда басып шығарады. Демек, Ахмет Байтұрсынұлының “Оқу құралы” – тұңғыш әліппеміз. Ол кейін де бірнеше рет басылған.
Ахмет Байтұрсынұлы тек мектеп оқушыларына ғана емес, ересектердің де сауаттарын ашуға арналған “Әліпби” жазған, ол 1924 жылы Орынборда, 1926 жылы Семейде басылды.
1912 жылы мектеп балаларын қазақша сауаттандыратын “Оқу құралын” жазғаннан кейін көп ұзамай енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған І бөлімі “Тіл құрал” деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көреді. Ол әрі қарай бірнеше рет басылған, 1927 жылғы Қызылордадағы басылымы 7-ші деп көрсетілген “Тіл құралдың” қазақ тілінің морфологиясына арналған ІІ бөлімі бұдан да бір жыл бұрын 1914 жылы баспадан шыққан, оның 1927 жылғы басылымы 6-шы деп көрсетілген. Синтаксиске арналған ІІІ бөлімі де бірнеше басылым көрген. Оның 6-шы басылымы 1928 жылы Қызылорда-Ташкенттегі “Казгосиздаттан” шыққан /7, 4-17/.
“Тіл-құрал” – қазақ мәдениетінде бұрын болмаған құбылыс. Оның қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін Ахмет Байтұрсынұлының өзі де ескертеді. Кітабының “Сөз басында: “Тіл құрал” деген ат қандай жат көрінсе, ішкі мазмұны да әуелгі кезде сондай жат көрінер, өйткені бұл – қазақта бұрын болмаған жаңа зат. Халықта бұрын болмаған нәрсе жат көрініп, бірте-бірте бойы үйренген соң қалатын”, – дейді /5, 142/.
Және де қазақ тілін талдап-тануда Ахмет Байтұрсынұлының еңбегін тағы бір тұрғыдан ерекше бағалау керек: ол – термин жасаудағы іс-әрекеті. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша термин ұсынды. Осы күнгі қолданып жүрген “зат есім, сын есім, етістік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш” деген тағы басқа сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Мәселен, олардың өте сәтті жасалғандығын күні бүгінге дейін қолданып келе жатқан өміршеңдігі дәлелдейді. Оның термин жасаудағы ұстаған негізгі принципі – ең алдымен қазақ тілінің өз мүмкіншіліктерін пайдалану болса, сонымен қатар 1912 жылдың өзінде “Айқаптың” беттеріндегі мақалаларында грамматика, фонетика, морфология деген халықаралық сөздерді қолдану оның орыс тілі арқылы келетін интернационалдық терминдерден бас тартпайтын принципінде көрсетеді. Біздің ойымызша, бұл принциптер осы күнгі терминологиямызда басты орын алып отырған бағыт-бағдар екені мәлім.
Тағы бір ескеретін нәрсе – қазақ тілінің фонетикасы мен морфологиялық тұлға-тәсілдерінің бірсыпырасын Ахмет Байтұрсынұлы жаңаша талдап, дұрыс көрсетуі деп есептейміз. Орыс лингвистикалық мектебінен сусындап, негізін содан алғанмен, қазақ тілі грамматикасын тануда ол көп ретте тілдің типологиялық ерекшелігін ескеру принципін ұстаған. Бұл мәселеге кейінірек тоқталамыз. Негізінен, қазақ тіл білімінің басталар тұсындағы ізденістері мен кемшіліктерін дұрыс тауып, мұқият зерттеу – алда тұрған міндеттеріміздің бірі. Әзірге бір ақиқат, ол – ана тіліміздің іргетасын қалаушы Ахмет Байтұрсынұлы екендігі. Олай дейтін себебіміз мынада, Н.И. Ильминскийдің 1861 жылы Қазанда басылған “Материалы к изучению киргизского наречия” деген кітабы қазақ тілінің грамматикалық жүйесін танытқан тұңғыш еңбек болды. Бұл “Материалдар” орыс тілінде жазылды, онда қазақша лингвистикалық терминдар жасалған жоқ. Ал, қазақ тіл білімінің ұлттық терминологиясын жасаған Ахмет Байтұрсынұлы болды.
Ғалымның тіл үйретуде жасаған еңбегі мұнымен де шектелмейді. Ол қолданбалы грамматика дегенді жазған. Бұл жұмысын “Тіл жұмсар” деген екі бөлімді екі кітап етіп 1928 жылы Қызылордада жарыққа шығарды. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілін оқыту методикасының іргетасын қалаушы болып табылады. Ол – қазақ тілінде дыбыс негізінде сауаттандыру әдісінің негізін салушы. Ахмет Байтұрсынұлы бұл салада 1910 жылдан бастап, 1927-1928 жылдарға дейін бірнеше мақала жариялаған. 13-14 жыл бойы бала оқытқан тәжірибесінде түйген методикалық нұсқауларын 1920 жылы Қазанда “Баяншы” деген атпен кітапша етіп шығарды. Мұнда автор мұғалімдерге “әліппені” пайдаланудың, сауат ашу әдістерінің жол-жобасын көрсетті. 1921 жылы Ташкентте шағын көлемді тағы бір методикалық құралды шығарады.
Сөйтіп, тұңғыш қазақ лингвисі Ахмет Байтұрсынұлы өзінің алдына жүйелі программа қойғанға ұқсайды: ол әуелі қазақша сауат аштыруды мақсат еткен, бұл үшін “Оқу құралды” жазған; одан соң қазақ тілінің грамматикалық құрылымын ана тілінде талдап беру мақсатын қойған. Бұл үшін “Тіл құралды” жазған; үшінші – тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көрсетуді көздеген, бұл үшін “Тіл жұмсарды” жазған, төртінші – сауат аштыру, тілді оқыту методикасын жасауды міндетіне алған, бұл үшін “Баяншыны” жазған. Міне, бұлар ұлы тұлғамыз Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің грамматикасын зерттеудегі және оқу-ағарту майданындағы істеген істері мен жасаған еңбектері.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ ғылымына жасаған қызметі тек тіл білімі саласында емес, әдебиеттану саласында, этнография, тарих мәселелерімен де шұғылданғанын айта кету шарт.
Сөйтіп, Ахмет Байтұрсынұлы, біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, ерекше із салған жаңашыл ағартушы.
Екіншіден, ғалым – араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлы жасаған жаңа жазу күні бүгінге дейін қолданыс тауып келеді: Қытай Халық Республикасы, Ауғанстан, Иран сияқты елдердегі қазақ бауырларымыз сауаттарын осы жазумен ашып, баспа дүниелерін осы графикамен шығарады. Шетелдік бауырлас қазақтарға арнап, осы күндерде өзіміз шығаратын “Біздің Отан” атты газетіміз де А. Байтұрсынұлы реформалаған араб жазуын пайдаланады.
Үшіншіден, Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші тұңғыш филолог-ғалым және Қазақстан ғылымын алғашқы ұйымдастырушылардың бірі.
Төртіншіден, Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқына, үкіметке, қоғамға адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері /2, 4/.
Мәселен, Т. Қордабаев Ахмет Байтұрсынұлы жайлы “Қазақтың тұңғыш лингвист ғалымы” мақаласында: “Басқа ғылымдар мен рухани өмірдегі сияқты ақтаңдақтар қазақ тіл білімінде де күні кешеге дейін орын алып келеді. Ғылымымыздың қалыптасу даму тарихына арналған зерттеулерде шындықты айтуға тыйым салынғандықтан, қазақ тіл білімі қалыптасуының ширек ғасырдан астам уақыт жауып тасталды. Міндет – ғылым мен мәдениет саласындағы қайраткеріміздің бір кезде жабылған пәле-жаладан ақталып, қатарға қосылғанына шын көңілмен ризалық білдіре отырып, еңбегін әділ бағалау керек” /17, 2/. Және де Қазақ тіліне қатысты біраз мәселенің қырын өткен ғасырда Н. Ильминский тәрізді миссионер түркологтардың орыс тілінде және осы тілдегі терминдерді қолдана отырып қазақ тілі грамматикасын жазғандары белгілі. Бірақ олардың ешқайсысы да ғылым негізіне жататын сүбелі салаларды түгел қазбалап қамти алған жоқ. Бұлардың көбісі шағын көлемді практикалық еңбектер еді. Сондықтан да, осындай зерттеушілерді қазақ тілі ғылымының негізін салды деп айта алмаймыз. Ал, ақиқатына келсек, қазақ тілі ғылымының негізіне жататын салаларды түгел қамтып, олардың терминдерін байырғы сөздеріміздің негізінде қалыптастырып, алғаш рет баяндап берген басқа ешкім емес, ол – Ахмет Байтұрсынұлы. Сонда, жоғарыдағы пікірлердің негізінде, Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл ғылымының негізін салушылардың бірі емес, өзі деп танимыз /18, 4/, – деген еді.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык жумыс А. Байтұрсынұлы және ХХ ғасыр басындағы орыс тілші ғалымдары дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы на казахском, дайын дипломдык жумыстар казак адебиет жобалар дипломдық жұмыстар