Қазақ әдебиеті | В. Скотт шығармаларының аудармасындағы тарихилық пен көркемдік
Мазмұны
КІРІСПЕ
1-ТАРАУ. В. СКОТТ - ТАРИХИ РОМАН ЖАНРЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ.
1.1 В. Скоттың шығармашылығы
1.2. Көркем аударма және тарихи романдағы диалог қызметі.
2 ТАРАУ. В. СКОТТ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АУДАРМАСЫНДАҒЫ ТАРИХИЛЫҚ ПЕН КӨРКЕМДІК.
2.1 В. Скоттың «Квентин Дорвард» романындағы диалогтардың тәржімалануы.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Әр халықтың өмір сүру кезеңіндегі тарих өзінің баға жеткізгісіз рөлін атқарады. Адамзатқа қажетті рухани негіз тіл, дін, салт-дәстүрмен бірге, тарих сол халықты танытатын керемет өмір оқулығы.
Тарихын өткеннің көркем түрде сипаттау адамды эстетикалық және идеялық тәрбиелеуге ықпал етеді. Сол кезеңде өмір сүрген адамдарды өткен уақыттың оқиғаларын шынайы, бар болмы-бітімімен, тарихи аяда бейнелеуге әркімнің батылы бара бермейді. Және бұған үлкен жауапкершілік, терең тарихи білім, шығармашылық, шеберлік, талант, қаламгерлік тәжірибе керек./1,3/
Қазіргі заман әдебиетінде тарихи роман мен тарихи роман-эпопеяның үлесі барған сайын ұлғайып келеді. Бұл құбылыстың себебі мен мәнін ашуға арнаулы зерттеулер де жазылып жүр. Тарихи роман жанрына мұншама көңіл бөлінуі оның осы күнгі әдебиеттен алып отырған орны мен маңызын сипаттаса керек.
Тарих туындылардың тамыры антикалық дәуірден тарайды. Сол кездегі үлкен тарихи оқиғалар Геродот, Руфь, Флавий, Аррион, Диодор жазбаларында сақталды. Олардың басты ерекшелігі болған оқиғаның шынайы болмысын жеткізгендігі.
Өзінің басты объектісі адамды бейнелеу арқылы әр дәуірдің сан қилы сыр-сипатын көрсететін көркем әдебиеттің даму кезеңдеріне көз салғанда, оның нақтылы тарихи адамдар мен тарихи оқиғаларды бейнелеу ерекшелігі, яғни әдебиеттегі тарихилық мәселелері айрықша назар аудартары хақ. Ал, әр дәуір жыршысының өз заманының тарихи кескінін бейнелеуге әрекет еткен шығармасы тек белгілі бір ұлт әдебиетінің жасын межелеуге ғана емес, сол әдебиеттің осы өзекті мәселе тұрғысынан алғандағы жүріп өткен жолын бағдарлауға да мүмкіндік береді. Сөз жоқ, ол жолды азаматтық тарихпен тікелей жарысып отыратын жол деп тануға болар еді. Өйткені, онан белгілі бір халықтың рухани есею жолын, тағдыры, таразыға түскен небір тарихи тайталастарының мәліметтерін табасыз.
Көркем әдебиеттегі тарихилық сапалық тұрғыдан алғанда ғылымдағы тарихилықтан ерекшелеу болып келеді. Өйткені, ғылым белгілі бір дәуірдің тарихи даму заңдылықтарын тұжырымдармен өрнектесе, ал әдебиет сол тарихи құбылыстарға деген адам қатынасын оның кісілік құлқы, әрекет харакеті таным дүниесіндегі өзгерістері арқылы көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда, «белгілі бір дәуірдің нақты тарихи мән-мазмұны, оның қайталанбас келбеті мен ерекше бейнесін көркемдік әдіспен игеретін әдебиеттің тарихилық» мәселесі осы қасиеті арқылы өзіне ерекше назар аударуды талап ететіні хақ /7,3,5/.
Тарихи шығарманың халық тарихындағы елеулі құбылыстар туралы жазылуы шарт деген пікір орынды. Бұл жерде тарихи шығарманың халықтың тарихы, тарихи өткені туралы жазылуы қажетті дау тудырмайды. Ал тарихи шығарма негізінде халық тарихындағы аса маңызды оқиғалар мен құбылыстар ғана жатуы керек дегенде, халықтың өткен тарихын оның мазмұнына қарай екшеген болып шығамыз /8,9/.
Расында да, тарихтағы кейбір ірі оқиғалар белгілі бір дәуірдің бетін басты мазмұнын анықтайтындай сипатымен бөлектеніп тұрады. Сондықтан мұндай тарихи кезең шындықтары туралы шығарма жазғанда, сол дәуірдің басты типтік ерекшелігін белгілейтін оқиғаларды ескермеуге болмайды. Онсыз дәуір тынысын толық жеткізу мүмкін емес.
Халықтың парасат, кәмелеті артқан сайын қазіргі халін де, өткендегі тарихын да тереңірек, толығырақ білуге ден қоятыны мәлім. Соңғы жылдарда қоғамдық ғылым саласында қол жеткен жаңалықтар осы заңдылықтың айғағы секілді. Солардың кейбіреуін тізіп, санап өтсек те, бұл салада көрнекті табыстар бар екенін түсінеміз. Қазақстан археологтары бұдан жүздеген жыл бұрын түрлі себептен қираған, үйіндіге айналған шаһарлар орнын тауып, ежелгі мәдениеттің қымбат жәдігерлерін жарыққа шығарды.
Орта Азияның көне цивилизациясы ошақтарының бірі—Отырардың қазылып, зерттеле бастауы ғылымда көп соны тұжырым жасауға мүмкіндік бергелі отыр. Тіл мамандары кемінде бір жарым мың жылдық тарихы бар түркі Орхон-енисей жазуының құпиясын тауып келеді. Кезінде дүние жүзінің екінші ұстазы атанған Әбунасыр Фарабидың еңбектері араға мың жыл салып барып өз отаны—Қазақстанда кітап болып шыға бастауы да халқымыздың мәлени өрлеуі белгілі белеңге көтерілгенін әйгілейтін нышанның бірі. Мұндай мысалдар көп. Мұның бәрі, Сөз жоқ, тарихтың бұралаң жолын, көп қалтарысын білуге деген ықыласты оятатын фактор.
Совет әдебиетінің тарихи дәуірлер мен оқиғаларды көркем бейнелеп елестеткен шығармалар шоғыры аз емес. Бұл ретте А. Толстойдың, М. Әуезовтың, М. Айбектің, В. Шишковтың, В, Янның, С. Бородиннің, Д. Демирчянның, К. Гамсахурдиянның, Н. Рыбактың т. б. шығармаларын еске түсірсек те жеткілікті. Осы топтағы туындылардың молдығы және бір-бірінен өзгешелігі соншалық—олардың өзі тарихи жанрдың түрлі тарамдарын құрайды.
Мәселен, тарихи проза жанрының ішінен тарихи роман, тарихи- биографиялық роман, тарихи -ұлттық роман, тарихи- революциялық роман, роман-хроника деген сияқты салалар жіктеледі. Бұлардың бәріне ортақ ұқсас сипаттар да, материал мен авторлық идеяның аңғарына байланысты елеулі ерекшкеліктері де болады. Шығарма талдағанда тарихи жанрдың өз ішіндегі айырмашылықтарды елемей, бір ғана өлшеммен жалпылама қарау шындықты ашуға көмектеспейді. ол былай тұрсын, жанрдың жігін есептемей сөйлеу, үкім айту жаңсақтыққа соқтырады.¬¬/2,53/
Өткен заманда өмір кешкен үстем тап өкілдерінен төрі қалың бұқараның қарапайым өкілінің тұлғасын шығару анағұрлым қиын, өйткені ондай езілген тап адамдарының өмірінде сырт көзге жалтылдап көрінетін оқиғалардың көп ұшырамауы мүмкін. Сондай жандардың тіршілігіндегі өміршіл немесе өкінішті жайлардың көркемдік шындығын табу үшін суреткер мол ізденуі лазым.
Атап өтерлік және бір мәселе—совет жазушылары өткеннен тек әлеуметтік факторларды іздеп қоймайды, сонымен бірге мәдени, адамгершілік, психологиялық қайшылықтар мен тартыстарға да тереңдеп барады.
Бұл арада тоқталарлық мәнді мәселенің бірі – тарихи шындық пен қиялдаудың өзара байланысы турасында. Көп жазушылар, соның ішіінде Толстой, тарихи тақырыпты шығармалардың өзінде қиялдау элементі басым болуға тиіс деп есептеген. Оған жазушының мына сөздері мысал: «В каждом художественном произведений, в том числе—в историческом романе, в исторической повести мы ценим прежде всего фантазию автора, восстанавливающего по обрывкам документов, дошедших до нас, живую картину эпохи и осмысливаюшего эту эпоху». Өмірде болған қаһарман да, қиялдан жасалған кейіпкер де шығармада толыққанды өмір кешуі керек. Тарихи оқиғалардың тартымдылығы қандай қажет болса, қиялдың табиғи тұтастыққа ие болуы шарт. Тарихи оқиғаларды тізе беру де, тарихты ұмытып, қиял күшіне ғана сүйенушілік те шығарманы бір жақтылыққа алып кетпек. /2,54/
Тарихи романның негізін Батыс Европада Вальтер Скотт, орыс әдебиетінде А.С. Пушкин салды және бұлардың шығармаларында тарихи деректер көркемдік элемент, эстетикалық мәнділік дәрежесіне көтерілді.
Қазақ әдебиетіндегі тарихи тақырыпқа шығарма жазу әуелі поэзияда көрініс тапты. Олар көбінесе тарихи материалдар негізінде тарихи кейіпкерлер турасында жазылғанмен, аңыз желісіне құрылды. Поэзиядағы Абай, Шәкәрім шығармашылығын тапқан тарихи тақырып дәстүрі Мағжан, Сәкен, Ілияс, Иса т.б. ақындар арқылы жалғастық тапты, жаңа көркемдік үлгіде дамыды.
Өткен жылдарда тарихи тақырыпты меңгеру талабы елеулі нәтижелер бергенін атап өту лауазым. Бұл тұста І. Есенберлиннің «Алмас қылыш», «Жанталас», Ә.Әкімжановтың «Жаушы», «Отырардың күйреуі», М. Мағауиннің «Аласапыран», С.Сматаевтың «Елім-ай», Ә. Кекілбаевтың «Елең», «Алаң», «Үркер» шығармалары жарық көрді.
Тарихи роман жазу кеңестік кезеңде қазақ қаламгерлік үшін шығармашылық еркіндікпен жүзеге асқан жоқ. Жазушы тарихи туындының атақ-абыройынан гөрі, азап-сорынан қиянат шекті. Мұны қазақ әдебиетіндегі алғашқы ірі көлемді, тарихи эпопея М.Әуезовтың «Абай жолы» бастан кешірді «Көркемдік пайымдаудың тарихилығы жоғары дәрежесімен ерекшеленетін» «Абай жолы» романының тағдыры «тар жол тайғақ кешуден» өтті. /1,7/
Әйтсе де қазақ әдебиетінде тарихты талғаған, көркем суреттелген шығармаларымыз баршылық. Солардың ішінде «Абай жолы» романымен бірге көрнекті суреткер Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы тарихи романдар шоғырында шырқау биікте тұр. Ч. Гусейінов «Көшпенділерді» «Трилогия «Кочевники» является великолепным творением самопознания народа самого себя!» деп бағалады. Шын мәнінде «Көшпенділерде»-қазақ халқының күллі тарихы, тұрмыс-салты, мәдениеті, діні жалпы қазақтың бір ғасырлық өмірі жазылғандай. Туынды әр Қазақстан азаматының намысын оятып қана қоймай, тарихи тұлғаларымызды тануға, олар өмір сүрген дәурдің ерекшелігін білуге себепкер болды. Бұл шығармалар тарихи тақырыпқа жазылған туындылардың бастамасы деп ойлаймын. Өйткені, қазақ елінің сан-қилы тарихи оқиғаларын зерттеп біту мүмкін емес. Болашақта Қазақстанда тарихи тақырыпқа сыр шертетін қаламгерлеріміз әлі де талай кездеседі деп сенейік.
Әр халықтың, әр ұлттың, тіпті әр азаматтың өзінің тарихы, өзіндік ой мақсаты , өмірлік көзқарасы осы тарихи шығармаларды дүние жүзі әде-биетіне ең бірінші болып әкелуші ағылшынның ұлы жазушысы Вальтер Скотт екенін ұмытпауымыз керек. Өзінің тарихи шығармаларын әлемге паш еткен Вальтер Скотт - ұлы жазушы, тарихшы, ойшыл және аудармашы. Әлемнің түпкір-түпкіріндегі әр ұлтты халықтар мен ұлы ғұлама ойшылдар мен жазушыларға дейін В. Скотты оқыды. Олардың әр қайсысы Скотт шығармаларын таңдай қаға оқып, түрлі пікірлер айтты. Солардың бірі орыстың ұлы жазушысы В.Г. Белинский Скотты: «Тарихи романның Шекспирі мен Гомері, әрі өнер саласындағы Колумб» десе, немістің атақты жазушысы Гете оны «Өзіне ешкімді теңестірмейтін ұлы талант» деп баға берді.
Расында да ,жазушының бояуы қанық кестелі тілі, оқыс басталып кететін тартымды сюжеті тапқыр диалогтары оқушыны еліктіріп еріксіз ерітіп әкетеді.
В. Скотт 1771 жылы 15 тамызда Эдинбургта заң қызметкері отбасында дүниеге келді. Әкесі заңгер, ал анасы медицина профессорының қызы болған. Бала кезіндегі қауіпті ауруының салдарынан өмір бақи бір аяғынан ақсақ болып қалды. Жастайынан әкесінің аңыз-әңгімелерімен сусындап өскен жас Уотти (бала кезінде осылай атаған) тарихи әңгімелер жаза бастады.
1783 жылы Вальтер Эдинбург Университетінің адвокаттығына емтихан тапсырды Университетте оқып жүргенде ол ұлы тарихшы Робертсон, философ Стюарт пен Фергюсонның лекцияларын қызыға тыңдады. Вальтер Батыс ағылшын тарихына үлкен көңіл бөліп, қызыға бастады. Сол студенттік жылдары Маккензи, Хоума сияқты жазушылардың үйірмелеріне қатысты. 15 жасында оған Шотландияның ұлы ақыны Роберт Бернспен танысудың сәті түсті. Бір естелігінде Вальтер Скотт «Оның маған қарап жылы сөйлегенін әлі күнге дейін ұмытпаймын» деп ақынның құрметпен қарағанына қуанышын білдірді.
Вальтер Скоттың шетел тілдерін аз уақытта үйреніп алатын дарыны болушы еді. Университет қабырғасында оқып жүрген қысқа ғана уақыт ішінде ол өз бетімен итальян, неміс, француз, тілдерін меңгеріп италияның ойшыл ақындары Ариосто мен Боярдоның еңбектерінің түпнұсқасын оқып, өзі де тарихи шығармалар жаза бастады. Ал 1796 жылы ол неміс жазушысы Бюргердің «Ленора», «Жабайы бақташы» атты балладаларын ағылшын тіліне аударды.
1797 жылы В. Скотт француз эмигрантының қызы Шарлотта Шарпантьеге үйленді. Шарлотта мен Вальтер отыз жылдай бірге өмір сүрді. Оның осындай шығармашылық атаққа бөленуіне сүйікті жары Шарлоттаның аялы қамқорлығы зор.
1826 жылы сүйген жары Шарлотта қайтыс болғаннан кейін, ол өзінің денсаулығының нашарлығына қарамастан романдар, тарихи еңбектер мен сыни мақалаларды, бірінен соң бірін үздіксіз жаза берді.
Скоттың сүйген жары Шарлотта қарапайым ғана француз қызы болған. Шарлотта қайтыс болғанда Скотт қатты қиналды, жалғыссырады және осы жалғыздықтың емі тек қолынан қаламын тастамай жаза беру деп ұқты. Ол әйелінің оның жұмыс бөлмесіне жаймен кіріп, күлімсіреп жанына келіп асқа шақыруын немесе түрлі сұрақтар қоюмен жұмысына кедергі келтіргенін жиі есіне алып және сол сәттерді сағынатын. Көп ұзамай алты жылдан кейін, яғни 1832 жылы 15 қыркүйекте ұлы жазушы В. Скотт Аббатсфордта ауыр науқастан көз жұмды.
1825 жылы 18 желтоқсанда жазылған Скоттың мына бір күнделігінде оның бүкіл өмірі суреттелгендей: “Менің сүйікті,әрі қамқоршы отбасым, болашағынан үлкен үміт күтетін балаларым, көптеген достарым бар, ал дұшпандарым мүлдем жоқ. Шығармашылық еңбегімде сәттілік қатар жүреді.

1.1 В. Скоттың шығармашылығы.
Вальтер Скоттың шығармалары туралы сөз қозғасақ, оның еңбектері үлкен бір кітапхананы құрайды десек қателеспейміз. Расында да, Скотт өзінің өмірінде 29 роман және бірнеше повестер мен әңгімелер, тарихи қолжазбалар, сыни еңбектер, поэмалар, өлеңдер жазып қалдырды. Оның романдарының көбісі Шотландия тарихына арналған. «Шотланд романдары»: «Уеверли», «Гай Маннеринг», «Антикварий», «Пуритане», «Роб Рой» және т.б. Англия тарихына «Айвенго», «Монастырь», «Кенилворт», «Вудсток», романдары, ал «Квентин Дорвард» романы Франция елінің тарихына арналған.
Француздың атақты жазушысы Ж. де Петиньи Скотты меңзей отырып: «Кімнің шығармаларының шығуын тоғатсыздана күтеміз, кімнің шығармаларын Европаның барлық білімділері оқиды, кімнің шығарма жинақтары Англияда, Германияда, Францияда жаппай басылып жатыр»-деген екен. Демек, В. Скоттың шығармаларын дүние жүзінің ұлы тұлғалары А.С. Пушкин, Шекспир, Гете, В.Г. Белинский, Андри Потен, Ж. де Петиньи және т.б. қызыға оқып, жақсы баға берген. Өйткені, Вальтер Скотт тарихи романды әлем әдебиетіне ең бірінші болып әкелуші. Көптеген жазушылар мен оқырмандар және сыншылар барлығы дерлік Вальтер Скотты жаңа заманның ұлы жазушысы деп санайды және өздеріне ұстаз тұтады.
В. Скотт 1814 жылы әлемді дүр сілкіндірердей әдебиетке ең алғаш рет «Уэверли» атты тарихи роман жариялады. Ол романды бүркеніш есіммен жазды. Бұл оқырмандарды қызықтыра бастады және қаланың барлық редакциялары ол туралы түрлі әңгімелер жазды. Сөйтіп оқырмандар оған «Ұлы бейтаныс адам» деп ат қойды. Роман өте сәтті шықты, сонымен қатар романға деген сұраныстардың көбеюінен мыңдаған тираждармен жаппай, үздіксіз басыла бастады. /30,5/.
«Уэверли» романын оқи отырып Гете «роман осы уақытқа дейінгі шығармалардың ең үздігі»-деп баға берді.
Романда Шотландия өміріндегі ең маңызды оқиға, яғни 1745 жылғы көтеріліс суреттелген. Жас ағылшын жігіті өмірдің бәрін романтикалық тұрғыда елестетіп кейіннен қанды шайқасты көріп, барлығына төтеп беріп, шынайы өмір сүреді. Романда 1745 жылы соғыста басты кейіпкерлер Уэверли мен Фергусонның бастан кешкен хикаялары шебер суреттелген /32, 160, 175/......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык жумыс В. Скотт шығармаларының аудармасындағы тарихилық пен көркемдік дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар казак адебиет жобалар дипломдық жұмыстар