Қазақ тілі | Зат есім мен етістіктің денотаттық және сигнификаттық мағынасы
Мазмұны
КІРІСПЕ
1 ЗАТ ЕСІМНІҢ ДЕНОТАТТЫҚ ЖӘНЕ СИГНИФИКАТТЫҚ МАҒЫНАСЫ
2 ЕТІСТІКТІҢ ДЕНОТАТТЫҚ ЖӘНЕ СИГНИФИКАТТЫҚ МАҒЫНАСЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Тілдің тарихы мен сөздердің тарихы халықтың тарихымен тығыз байланысты болады. Сөздердің тарихы, олардың шығуы мен даму құбылысы еш нарсені аңғартпайтын, өзімен-өзі қалып қоятын құбылыс емес. Сөздердің өзгеріп даму тарихынан, әсіресе олардың мағыналық жақтан даму тарихынан, адам ойлауының табиғат құбылыстары мен қоғам құбылыстарын ғасырлар бойында танып білуге ұмтылып күш салуының тарихы көрінеді. Яғни, табиғат пен қоғам жайындағы біздің қазіргі ұшан-теңіз білімдеріміздің шыққан бұлағы – түптеп келгенде, еңбек пен ойлау.
Сөз – күрделі тілдік единица. Оның күрделі табиғатын ашып айқындау үшін, ең алдымен, сөздің дыбыстық жағы мен мағыналық жағының арақатынасын және сөздің мағынасы мен ол арқылы білдірілетін ұғымның арақатынасын айқындап алу қажет. Сөздің екі жағы бар: оның бірі – сөздің дыбысталу жағы, екіншісі – сөздің мағыналық жағы. Дыбысталу (тіл дыбыстарының тіркесі) сөздің материялдық жағын құрастырса, мағына (мазмұн) сөздің идеялық жағын құрайды. Екі жақ – дыбысталу мен мағына сөздің бір-бірінен бөлінбейтін бөлшектері. Осы екі жақтың бірлігі – сөздің өмір сүруінің және қызмет етуінің шарты. Демек, сөз – дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұратын тілдік дербес единица.
Сөздің екінші жағы болып табылатын сөз мағынасының бірнеше бөліктері бар. Олар: сөздік мағына, тілдік мағына, лексикалық мағынаның құрамдас бөліктері, лексикалық мағынаның ұсақ бөлшектері. Менің қарастырайын деп отырғаным лексикалық мағынаның құрамдас бөліктері. Соның ішінде денотаттық және сигнификаттық мағына.
Зерттеушілердің қай-қайсы да сөздің семантикалық мағынасының өте күрделі екендігін мойындайды. Себебі, оны қалыптастыруға қисапсыз сыртқы факторлар мен ішкі факторлар қатысады. Олардың барлығының сыр-сипатын ашып, орын-орнына қою оңай шаруа емес. Бұл ретте лексикалық мағынаны құрамдас бөліктерге айырып-ажыратудың әдістемелік жағынан маңызы зор.
Мағына, бей-берекет, шым-шытырық жатқан әлем емес, бір жүйеге түсіп, бір тәртіпке бағынған, өзара тығыз байланысқан құрылымдық бөліктердің жиынтығы. Ал ол қандай бөліктер? Жоғарыда атап өткендей денотаттық және сигнификаттық мағыналар. Енді осылардың әрбіреуіне жеке тоқталып, кеңірек түсіндіріп шығайық.
Денотаттық мағына. Сөздің жеке адамдарға тәуелді болмайтын, белгілі бір қоғам мүшелеріне , сол тілде сөйлейтін адамдарға жаппай түсінікті мағынасы болады. Ол мағына өзімізді қоршпған дүниедегі заттарды, заттардың қарым-қатынасын, табиғат-құбылыстарын, іс-әрекеттерді, тағы басқаларды бейнелейді де, сөз мағынасының негізгі ядросын жасайды.
«Сөздің ақиқат дүниемен, ондағы заттармен, құбылыстармен байланысып жататын мағынасын тіл білімінде деноттатық мағына деп атайды» /1,15/.
Денотаттық мағынаға зерттеушілеріміздің берген анықтамаларына тоқталып өтсек.
«Сөздің ақиқат дүниемен, ондағы заттармен, құбылыстармен байланысып жататын мағынасы – денотаттық мағына деп аталады » /1,4/.
«Денотат сөздің мағынасы арқылы білдірілетін обьектив дүниедегі заттар мен құбылыстар» /2,95/.
Лингвистикалық түсіндірме сөздігінде денотаттық мағынаға төмендегідей анықтама берілген.
«Денотат (лат. Denotatum – таңбаланушы) – белгіленетін зат». «Денотат» термині мынандай мағыналарда қолданылады:
1) нақтылы сөз бөлігінің денотаты референтпен пара-пар деп саналады (Ч. Огден, А.Ричардс);
2) белгілі бір тілдік (абстрактылық) бөліктің денотаты – болмыс обьектілер жиынтығын (заттар, қасиеттер, қатынастар, құбылыстар, жағдайлар, процестер, әрекеттер т.б) атайтын тіл бөлігі.
Тіл бірлігінің сигнификаттық мағынасының маңызды қырлары неғұрлым көбірек болса, соғұрлым оның денотаты нақтылы болады. Тілдегі сөздердің арасында «тұрақты» референциясы бар сөздердің («Иллияда» авторы, «Абай жолы» авторы ) бір элементі денотат болады. Сонымен қатар, көп элементті денотаты бар сөздердің референциясы «тұрақсыз» болатынын да ескерген жөн» /3,89/.
Қазақ тілі энциклопедиясында денотатқа төмендегідей анықтама берілген.
«Денотат (лат. Denotatum – белгілеу) – заттың, белгілі бір нәрсенің атауы. Денотат бірнеше мағынада қолданылады:
1) Референт орнына жұмсалады, екінші сөзбен айтқанда, сөйлеушінің түсінік – қабілетіне байланысты тілден тыс беллгілері бойынша атау болып келеді.
2) Денотат – белгілі бір топтағы заттардың, қасиеттердің, қатынастардың, жағдайлардың, процестердің, қимыл-әрекеттердің ұқсастықтарына қарай ортақ атау немесе солардың әрқайсысының атауы.
3) Денотат адамның қызмет бабына, атақ-дәрежесіне т.б қатысты да пайдаланылады » /4,93/.
Ал орыс тілші ғалымдарымыз денотаттық мағынаны референттік мағынамен қатар ала отырып, әрбіреуіне жеке анықтама беріп, ажыратып жазады.
Д.Э.Розенталь мен М.А.Теленковалар пікіріне назар аударсақ:
«Денотат ( латынның denotare – белгілеу, білдіру сөзінен ) белгілі бір сөзді білдіретін обьектив дүниедегі зат не құбылыстар » /5,66/.
«Референт ( латынның referens,referentis хабарлайтын деген сөзінен) белгілі бір тілдік элемент қатынаста болып, ойдың элементтерін де тән алатын, ойда бейнеленген обьектив дүниедегі заттар мен құбылыстар» /5,266/.
И.А.Стернин референт пен денотатты салыстыра отырып:
«Таңбаның (сөздің) референті сөйлеу кезінде байқалатын, барлық қасиетін толық қамтыған нақтылы жеке зат. Таңбаның денотаты ойлау процесі негізінде бөлініп алынып дерексізденген заттардың жеке дара белгілері» /6,45/. Соңғы анықтаманың көрсетуінше денотат референттің құрамына енеді де, сөз мағынасының негізгі ядросын жасайды. Сондай-ақ референттің құрамына енген заттардың барлық қасиеті сөздің мағына құрамына ене беруі шарт емес. Сондықтан да И.А.Стернин денотат дегеніміз белгілі бір сөзді айтқанда ойымызға келетін зат не оның белгілері дейді. Мысалы, үстел дегенде көз алдымызға төрт немесе үш аяқты, үсті тегіс, тамақ ішу не жазу үшін болжалданған жиһаз келеді. Бұл оның денотаттық мағынасы. Ал үстелдің төрт бұрышты не дөңгелек болуы, аласа не биік болуы, түсі қандай заттардан жасалынғандығы т.б референттің құрамына енеді.
Міне, денотатқа берілген анықтамаларға тоқталып өттік. Олардың өн бойынан байқағанымыз денотатты кейде референт, десигнат ұғымдарымен байланыстырып жатыр. Ескерте кетерлік жағдай мынау: денотат, десигнат, референт терминдерінің мағыналарында айырмашылық болса да, олар көбінесе синоним ретінде бірінің орнында екіншісі қолданыла береді. Тек арнайы зерттеу обьектісі етіп алғанда ғана денотат пен референт арасындағы айырмашылықтар есепке алынады.
Денотаттық мағына таным теориясымен өте тығыз байланысты. Екінші сөзбен айтқанымызда, адамның сезім мүшелеріне түйсік туғызатын заттың қасиеттері ғана денотаттық мағына жасай алады. Адамзат дүниені тануды түйсіктен бастайды. Адамзат миының артықшылығы сол – ойлау негізінде сезім мүшелері қабылдай алмайтын заттардың түрлі қасиеттерін де анықтай алу мүмкіндігі бар. Мысалы, адам жақсы, жаман қасиеттерді тікелей сезім мүшесі арқылы қабылдай алмайды, бірақ көп жылдық тәжірбие, адамдар арасындағы қарым-қатынас нәтижесінде бір адам екінші бір адамға ( не затқа) баға беріп, жақсы, жамандығын анықтайды. Сондықтан да сөз мағынасы мен обьектив дүниедегі заттар туғызатын түйсік тең түседі деу дұрыс емес.
«Заттардың, құбылыстардың – сезім мүшелерімізге тікелей әсер еткенде – жеке белгілерінің бейнеленуі түйсік деп аталады » /1,15/.
Айналамызды қоршаған заттар туралы білімді біз түйсік, қабылдау, елестеу, ойлау, ұғыну арқылы аламыз. Осылар арқылы қоршаған ортадағы заттар, құбылыстар жайында түсінігіміз қалыптасады.
Көптеген зерттеушілердің пікіріне қарағанда, денотаттық мағына іштей екіге бөлінеді:
1) материалды денотат
2) идеялды денотат
«Адам санасындағы өмір сүретін ұғымның негізін жасайтын шындық өмірдегі заттар мен құбылыстар материалды денотат деп танылса, сөздің мағынасы арқылы білдірілетін шындық өмірдегі заттар мен құбылыстар идеалды денотат деп есептелінеді » /1,15/.
Сезім мүшелері арқылы қабылданған түрлі информациялар мида анализ, синтез жасалынып, сол заттың түп нұсқасына жуық бейне жасалынады. Кейде сезім мүшелері арқылы алынған информациялар заттың толық бейнесін жасауға жеткіліксіз болуы да мүикін. Соңғы жағдайда адамның өмір тәжірбиесі, білімі көмекке келеді. Қысқасы сезім мүшелері арқылы қабылданған информациялар негізінде заттың, обьектив дүниедегі түрлі құбылыстар мен қозғалыстардың субьектив бейнесінің жасалуына көмегі тиеді. Осы субьектив бейне сөз мағынасы мен ұғымның негізін жасайтын элемент болып саналады. Әрине түйсік арқылы қабылданған субьектив бейне мен обьектив дүниедегі заттар, құбылыстар тең келмейді. Мысалы, қарапайым адамдар үшін тас – таудың қатты жынысының бірі болса, геологтар үшін тас – түрлі минералды заттардың жиынтығы. Геологтар тастың түрін көріп-ақ олардың құрылымдық ерекшелігін, құндылығын анықтай алады. Осы себепті заттар мен құбылыстар туралы қарапайым, күнделікті өмірде қалың көпшілік қолданатын түсінік бір басқа да, ғылыми түсінік бір басқа дейміз.
Обьектив дүниедегі заттар мен сол заттардың адам санасындағы бейнесі арасына теңдік белгісін қоюға болмайтындығы анық. Сонымен бірге ол екеуінің арасында ешқандай ұқсастық жоқ деуге де болмайды. Ондай ұқсастықтың бар екендігі, бірақ ол заттың фото-көшірмесі бола алмайтындығы анық. Мысалы, Алматының өзі қызыл, иісті, үлкен алмасын көргенде, жемей тұрып-ақ оның дәмді екенін сеземіз. Оның түйсік арқылы қабылданған обьектив дүниедегі заттардың барлық белгілері, қасиеттері сөздердің лексикалық мағынасының құрамына ене бермейтіндігін айтқан болатынбыз. Демек, сөздің лексикалық мағынасы біз түйсік арқылы қабылдаған заттар туралы информацияның жиытығы болмайды, тек сол мағынаны құрастыратын элементтердің бірі болып саналады.
Түйсік арқылы қабылданған заттардың түрлі қасиеттері арасындағы бүтіндік жойылады да, жеке-жеке белгілерді береді, олардың бірі екіншісімен байланыспайды. Сезім арқылы қабылданған субьектив бейне мен обьектив бейне тең дәрежеде, бірақ олар тең түсіп жататын, бірі екіншісінің фото-көшірмесі не дәл түсетін көшірмесі деп түсінбейміз. Міне осы обьектив дүниедегі заттар мен құбылыстарға жақын келетін көшірмесі болып саналатын бейнесін біз идеалды денотат деп атаймыз.
Идеалды денотат ойдың бір элементі ретінде материалды денотаттың құрамына енеді. « Идеалды денотатты екінші сөзбен ұғымдық мағына деп атауға болады » /1,17/. Идеалды денотат тікелей жүйке тамырларына түйсік туғызу арқылы қабылданған информация болып саналады.
«Сөздің лексикалық мағынасын обьектив дүниемен байланыстырып тұратын, мағыналарға негіз болатын осы идеалды денотат » /2,161/. Түсінірек болу үшін мысал келтірейік. Қасқалдақ деген сөзді естігенде көбіміз оны тек «үйректің бір түрі » деп білуіміз мүмкін. Бұл – оның идеалды денотаттық мағынасы. Ал оның тұмсығының үсті қызыл, тамағының асты ақ, дене пішімі үйректерден әлдеқайда кіші болатындығы, қамысты, қалың қоғалы көлдерде жасайтындығы, етінің кез-келген басқа құстардан дәмді болатындығы, көктемде ұшып келіп, күзде ұшып кететіндігі қасқалдақ сөзінің сөйлескендегі адамдардың түсініскен мағыналарының құрамына енбейді. Бұл типтес мағына мен заттардың белгілері арасындағы тең түспеу қасиеті барлық сөздер мен заттар аралығында кездеседі.
Материалды денотат – адам санасында өмір сүретін ұғымның негізін жасайтын шындық өмірдегі заттар мен құбылыстар. Ал, идеалды денотат – сөздің мағынасы арқылы білдірілетін шындық өмірдегі заттар мен құбылыстар. Денотаттық мағынаны арнайы зерттеу обьектісі етіп алғанда ғана бұларды әр мысалдардың өн бойынан ажыратуға болар еді.
Ал денотаттық мағына – сөздің ақиқат дүниемен, ондағы заттармен, құбылыстармен байланысып жататын мағынасын айтамыз. Яғни, денотаттық мағына сөз мағынасының негізгі ядросы болып табылады.
Сигнификаттық мағына. Денотаттан басқа сөздің лексикалық мағынасының құрылымдық элементтерінің бірі болып сигнификаттық мағына саналады. Зерттеушілердің сигнификаттық мағынаға берген анықтамаларына тоқталып өтейік.
Лингвистикалық түсіндірме сөздігі.
«Сигнификат ( лат.signify-catum – белгіленетін ) – тілдік белгінің ұғымдық мазмұны. Гносеологиялық тұрғыдан алғанда сигнификат адам санасындағы қайсібір денотат қасиеттерінің бейнесі болып табылады.
«Сигнификат» термині де екі мағынаға ие болады. Біріншісінде, идеалды, психологиялық нәрсе ретінде – материалды денотатқа қарама-қарсы қойылады. Екіншісінде, сигнификат тіл жүйесіндегі сөздің номинанты ретінде қабылданады.
Белгілі бір референтті әртүрлі сигнификаты бар белгілермен айқындау – көркем әдеби тексте кездесетін құбылыс. Мысалы, «Мастер және Маргарита» ролманында кейіпкердің әр түрлі сигнификаттық атаулары бар: «азамат», «ала киімді», «субьект», «аудармашы», «регент», «алаяқ Фагот», «Коровьев», «Фагот» т.б» /3,98/.
О.С.Ахманова сигнификат терминіне анықтама берместен сөздің сигнификайциялық қызыметіне анықтама береді: « Сигнификаттық функция ағылш. Significative function 1) Диференциялық қызметі. Дыбыстардың сигнификаттық қызметі. 2) Сигнификация ағылш. Signification; фр. Signification. Мағынаның төл тілдік жағы, сөз мағынасы лекскмк ретінде (инвариант) қарайды. Ал сигнификация деген жерде: «Сөйлесу кезінде білдірмейтін мағынадан өзгеше тілдік элемент ретінде сқздің білдіретін мағынасы», - деп көрсетеді » /7,403/.
«Сөздің лексикалық мағынасының құрамында идеалды денотат болғанымен, оның бір өзі толыққанды мағына жасай алмайды. Сөздің лексикңалық мағынасының құрамдас бөліктерінің бірі болып сигнификаттық мағына саналады. Денотаттық мағына адамның сезім мүшелеріне әсер етіп, көрнекі-нақты ойлау негізінде қабылданып, ұғым негізінде қалыптасқан ақиқат дүниенің обьект бейнесі болса, сигнификатифті мағына – абстракті, дерексіз ойлау негізінде пайда болған субьект бейне. Сондықтан мұны қазақ тілінде пайымдық мағына деп атауға да болады » /1,18/.
Л.А.Новиков сөздің сигнификаттық мағынасы тек обьективті дүниедегі заттардың түрлі қасиеттерін бейнелеумен байланысты мағына деп есептейді / 8,97/.
М.В.Никитин денотаттық мағына мен сигнификаттық мағына арасын жалпылық пен жылқылыққа байланыстыра отырып анықтайды. « Пікір алысу кезінде сөздер ( авторша имя ) жеке зат туралы пікір білдірсе, біз оны денотаттық мағына деп санаймыз. Керісінше, пікір білдіру кезінде сөз жалпы туралы ой білдірсе, біз оны сигнификаттық мағынаны білдіреді дейміз» /9,7/. Мысалы: Петр жасөспірім – деген сөйлемде Петр жекені көрсетеді, сондықтан денотаттық мағынаға ие. Ал, жасөспірім, заттық, сындық сипатын білдіреді де сигнификаттық мағынаға ие. Бірақ автордың кейінгі мысалдарында жалқылық пен жалпылық жеке сөздерге байланысты болмаақ контекстен де анықталатынын көрсетеді. Жолбарыс – жыртқыш сөйлемінде жолбарыс жыртқыш аңдардың тобын көрсеткендіктен сигнификаттық мағынаға ие /9,8/. Денотаттық, сигнификаттық мағыналарды бұлай ажырату семасиологияға жаңалық қоса алмайды және денотаттық мағына компоненттері мен сөздердің сигнификаттық мағына элементтері байланыспай бөлініп қалады.
Жоғарыдағы анықтамаларды негізге ала отырып, сигнификаттық мағына жайында түсінігімізді жазайық.
Сигнификат денотат та емес, сондай-ақ ұғым да емес екен. Екінші сөзбен айтқанда сигнификат нақтылы заттың белгісі мен түрлі қасиеттерінен қол үзген идеалды денотаттқа сүйенеді. Ал ұғымнан айырмашылығы – ұғымда мидың қызметі негізінде түйсік арқылы алынған информациялар анализ, синтез жасалынып жеке адамның өмір тәжірбиесіне, біліміне, рухани қалпына т.б қарай мағыналық мән қосып күрделенсе, сигнификатта ондай жеке адамға тән индивидуалдық қасиет болмайды. Соның үшін де сөз мағынасына анализ жасағанда семаларға ажыратады. Осы семалар сигнификаттық мағынаның негізінде жатады.
Сигнификаттық мағына бір жағынан денотатпен (ішкі не идеалды денотатпен), екінші жағынан гнесиологиялық бейнемен байланысып жатады. Сондықтан да денотат (идеалды денотат) арқылы қабылданған бейне обьектив дүниедегі заттардың (материалды денотаттардың) көшірмесі ретінде өмір сүреді де субьектив характерге ие болады. Ал гнесиологиялық (танымдық) бейне таным процесінің бір басқышы болғанымен, сигнификаттық мағынаның құрамына енеді. «Сигнификаттық мағына деп түйсік арқылы қабылданып, жалпыланған субьективтік бейнені айтамыз» /2,12/.
Бұлар бірі екіншісінен үзіліп қалған, байланыспайтын түсініктер де емес, керісінше бірі екіншісіне өтіп, оның құрамды бөлшегі болып отырады. Сондықтан да, материалды денотат болмаса, оны сезім мүшелері арқылы қабылдамасақ, онда идеалды денотат болмаған еді. Ал идеалды денотат жалпыланып, талданып, өзінің материалды негізінен қол үзіп субьективтік бейне болып қана сигнификаттық мағынамен жалғасады. Идеалды денотат болмаса, сигнификаттық мағына да болмаған еді. Денотаттық, сигнификаттық мағыналар сөз мағынасының екі жақты байланысқа түсуіне жағдай жасайды. Яғни, «денотаттық мағына сөзді обьектив дүниемен, обьектив дүниедегі заттармен, құбылыстармен байланыстырса, сигнификаттық мағына оны ұғыммен, ой элементтерімен байланыстырады » /10,30/.
Сөздердің лексикалық мағынасы денотаттық және сигнификаттық мағыналарының бірігуі негізінде жасалады десек те, барлық сөздердің өн бойынан осы екі мағынаны тауып, ажырату мүмкін бола бермейді. Кей сөздердің семантикасынан денотаттық мағына айқын айқын танылса, кей сөздерден сигнификаттық мағына айқын сезіледі. Мысалы, зат есімдерден денотаттық мағына, сын есім, сан есім, етістіктерден сигнификаттық (пайымдық) мағына анық та айқын байқалып тұрады.
1 Зат есімнің денотаттық және сигнификаттық мағынасы
Зат есім мен етістіктің денотаттық және сигнификаттық мағыналарын анықтау үшін, оларға мысалдар келтіріп, оны талдап, нақты көз жеткізетін боламыз. Жұмысымыз жүйелі болу үшін осы бөлімді екіге бөлдік. Бірінші зат есімді, екінші етістікті жеке-жеке қарастыратын боламыз.
Зат есім. Зат есімнің денотаттық және сигнификаттық мағыналарына бармастан бұрын зат есім дегеніміз не, және оның жоғарыда көрсетілген мағыналары жайында тілші ғалымдарымыз не дейді, қысқаша осыларға тоқталып өтейік.
Қазақ тілі энциклопедиясында зат есімге мынандай анықтама берілген: «Зат есім – лексикалық тұрғыдан алғанда өзқ алдына мағыналық дербестігі бар сөздер. Сөз тобы жағынан есім сөздер тобына кіреді. Қоршаған дүниедегі зат пен жануар атаулыға, барша құбылыс пен уақиға, болмыс атаулыға есім, атауыш болып келетін сөздердің бәрі де зат есімдер. Зат есімдердің мағыналық өрісі кең екенін аңғару үшін бұл тұста оның қамтуына кіретін сөздердің мынандай лексикалық топтарын атап өту жөн. Мысалы, тұрмыстағы түрлі заттар, жан-жануар, өсімдіктердің, табиғат денелері мен құбылыстардың, адамның мамандығын, кәсібін, әдет-ғұрыпқа байланысты атауларды атауға болады» /4,151/.
Төлеуов Ә. сөз таптарына арналған еңбегінде зат есімнің басқа сөз таптарынан мағыналық ерекше белгілері не деген мәселені қарастырған кезінде оған былайша тұжырым жасаған екен. «Зат есімдер лексика-семантикалық жағынан тек заттардың атын білдіретін сөздер болып қоймай, сонымен бірге, әр алуан оқиғалардың, құбылыстардың аттарымен байланысты заттық, сапалық, қимылдық, мезгілдік мәнді әр түрлі атаулардың аттарын білдіреді: жел, күн, жарыс, түтін, ағаш, бала, қыз, қуаныш, ой, білім т.б. Осындай зат атаулы сөздердің семантикалық мағыналары да бірдей емес» /11,8/.
М.Балақаев, Т.Қордабаев, А.Хасеновалардың еңбегіне назар аударатын болсақ, онда да зат есімдерді лексикалық тұрғыдан алғанда өз алдына дербестігі бар сөздер екенін және семантикалық өрісінің мейілінше кең екенін атап өтеді.
Міне, зат есімдерге қатысты өзімізге бұрыннан бері таныс осындай анықтамаларды білеміз. Ал атауыш сөздердің мағына жағынан бір ізді емес екені анық. Ертеден келе жатқан традиция бойынша, атауыш сөздер есімдер және етістіктер болып екіге бөлінеді. Бұлардың өз арасында лексикалық та грамматикалық та өзгешеліктері бар. А.А.Уфимцева атауыш сөздерді:
а) заттың атын білдіретін (предметный)
б) заттың түрлі қасиет белгісін білдіретін (признаковый)
деп бөліп жүр. Бірінші топқа тек зат есімді енгізіп, екінші топқа сын есім, үстеу, етістікті енгізеді /12,36/.
Уфимцева бөліп көрсеткендей, заттың атын білдіретін зат есімдердің денотаттық және сигнификаттық мағыналарына тоқталып өтейік. Ол дәлелді болу үшін төменде бірнеше мысалдар келтіріп жаздық.
1.Орындық /ҚТТС-7,476/.
Мысалы, Жаңыл ерсілі-қарсылы жүгіріп, орындықтарды реттеп жүр (М.Дүзенов, Ақ әже).
Денотаттық мағынасы: орындық сөзін айтқанда көз алдымызға төрт аяғы бар, биіктеу келген арқа сүйегіші бар, отыратын жері бар ағаштан жасалынған зат елестейді.
Сигнификаттық мағынасы: орындықтың жасалған материалы ағаш не темір т.б заттар болуы, үлкен не кішкентай көлемді, отыратын жері домалақ, төртбұрышты келуі, кейде арқасының болмауы, түрлі-түсті боялған не материалмен қапталып келуі, отыруға арналып жасалғандығы.
2. Үстел /ҚТТС-10,10/.
Мысалы, Үстелге сүйеніп, көзі үмітсіз мөлдіреп, Қапан ауыр ойға батып отыр (Б.Майлин, Шығ.).
Денотаттық мағынасы: үстел сөзін айтқанда көз алдымызға жіңішке жасалынған төрт сирақты, оларды біріктіріп тұрған оның жазық беті және көбінесе ағаштан жасалынған зат елестейді.
Сигнификаттық мағынасы: Үстел сөзін ойлағанда әр түрлі материалдан (ағаш, темір) жасалынған, домалақ, төртбұрышты, үлкен-кішілі көлемді, жазу жазуға, тамақ ішуге, сабақ қарауға, түрлі заттар жинап қоюға арналған әр түрлі түсті үй жиһаздарын елестетеміз.
3. Ине /ҚТТС-4,454/.
Мысалы, Ине өткен жерден жіп өтеді (мақал).
Денотаттық мағынасы: ине сөз айтқан кезде көз алдымызға жіңішке, темірден жасалынған, бір жақ басында жіп өткізетін тесігі бар, бір жақ басы жіңішке үшкір аспап құрал.
Сигнификаттық мағынасы: әр түрлі іс, үй бұйымдарын, киім кешектерді тігу үшін қолданылады, үлкен-кіші көлемді болып жасалынады.
4. Сағат /ҚТТС-8,92/.
Мысалы, Ықылас үстел үстінде қалған Дәмелінің қол сағатын көрді (С.Ерубаев, Шығ.).
Денотаттық мағынасы: ағаштан т.б заттардан жасалынған, беті әйнекпен қапталынған, ішінде он екіге дейін сандары бар, бір үлкен, бір кіші тілдері бар зат.
Сигнификаттық мағынасы: тәулік ішіндегі уақытты өлшейтін, әр түрлі: қолға тағатын, тамға іліп қоятын, үстелдің үстіне қоятын т.б әр түрлі безендірілген, түрлі көлемді болып (домалақ, төртбұрышты, басқа заттар бейнесінде келетін: үй, телефон т.б) келеді.
5. Балға /ҚТТС-2,78/.
Мысалы: Қолмен басатын көрік, темір төс, құлаштап ұратын сом балға – ұстаның құрал-сайманы осы еді (К.Смайылои, Мамандық).
Денотаттық мағынасы: балға сөзін айтқанда, көз алдымызға бір жақ басы үшкірлеу, екінші жағы төртбұрыштылау, қолға ұстайтын сабы бар зат елестейді.
Сигнификаттық мағынасы: үй шаруашылығында (шеге қағу т.б) заттарды қағуға, ұруға, шыңдауға арналып, басы темірден, сабы ағаштан жасалынған аспап.......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык жумыс Зат есім мен етістіктің денотаттық және сигнификаттық мағынасы дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар казак тили жобалар дипломдық жұмыстар