Поиск по сайту

По Вашему запросу найдено 1253 ответов (Результаты запроса 1 - 50) :

Ел болашағы - білімді ұрпақ

Білім адамның ақылын қозғап отыратын керемет күш, адамзат ақиқатқа баратын жолда білу арқылы жапа шегіп жатады. Тоғышарлық болса – ештеңеге күдіктенбеуменен ештеңені білмеуімен, білгісі келмеуімен солай бола тұра бәрін білем деуімен мықты болғысы келеді.
Сабақ жоспары
Толық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Мақсаты:
1. “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
2. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту
Сабақ жоспары
Толық

Ұлттық валюта – тәуелсіздік нышаны

Мақсаты: Қазақстанның ұлттың ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.
Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру
Сабақ жоспары
Толық

1 желтоқсан - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні (Тәрбие сағаты)

1 желтоқсан - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні (Тәрбие сағаты)
Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Қазақстандықтар бұл мерекені биыл алғаш рет атап өтеді. Былтыр ел Парламенті Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен алғашқы Президент сайлауына байланысты осындай шешім қабылдаған болатын.
Сабақ жоспары
Толық

Қазақ кино саласы

Қазақ кино саласы
Құрметті оқырмандар!Қазіргі менің қозғағым келіп отырған тақырып,«Қазақ кино саласы». Яғни,қазіргі таңда кино саласы қарқынды дамып жатқанын айта кету керек.Нақтырақ айтатын болсам,қазақ зиялыларына арналып түсірілген кинолар жарыққа шығуда.Оның ішінде:Ахмет Байтұрсынов,Қаныш Сәтпаев фильмдерін айтсақ болады

Фильмдер & Мультфильмдер
Толық

NIS-тің мың домбырашысы Гиннесс рекордтар кітабын бағындырды

Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте биылғы оқу жылы айтулы және көптен күткен оқиға – домбыра сабағымен аяқталды, оны Гиннесс рекордтар кітабына «Ең ауқымды домбыра сабағы» атауымен онлайн тіркеу жоспарланып отыр. Қазақ халқының басты музыкалық аспабында бір мезгілде мың оқушы ойнады.

Жаңалықтар
Толық

Махамбет Өтемісұлы (1803-1846)

 Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат ауылдық округінің Қараой деген жерінде жерленген Жарсуат ауылынан 45 шақырым жерде жерленген - қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де....

Шығармалар
Толық

Ыбырай Алтынсаринның қысқаша өмірбаяны және өлеңдері

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.

Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды

kz
Толық

Жар (қыз, жігіт) таңдауда есте ұстауға тиіс 15 кеңес

Жастық шақтағы ең терең әрі салиқалы ойлардың төресі –  «жарымды қалай таңдаймын?», «жар таңдағанда неге мән беру керек?» деген сауалдар төңірегінде. Әйтеуір, біріміз Төлегеннің Жібегіндей, Абайдың Әйкеріміндей аруды аңсап жүрміз, ал екінші тарап қиялына Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пен оның сахабалары секілді иманды, парасатты жігіттердің образын сақтап қойған.

Кеңестер
Толық

Тәуелсіздік 30 жыл туралы эссе, шығарма жинағы

 Өткен күннен алыс жоқ,
Келер күннен жақын жоқ
(қазақтың халық мақалы)


Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлайды. Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы.
Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. Тарихи күш...... 

Шығармалар
Толық

Жұмысқа қабылдау өтініш жазу үлгісі

Жұмысқа қабылдануды ресімдеп жатқан қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қандай құжаттар қажет екендігін білуі тиіс. Мұны көбіне кәсіпорынның кадр бөлімінің қызметкерлері айтады. Әдетте, жұмысқа қабылданушы қызметкерден талап етілетін құжаттар төмендегідей болады:

kz
Толық

Ұстаздардың жұмысын жеңілдететін жаңа платформа іске қосылды

BilimUstaz педагогтар қауымдастығы қызметінің маңызды бағыттарының бірі — педагогтердің біліктілігін арттыру. Ол, негізінен, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру және вебинарлар өткізу арқылы жүзеге асырылады. Педагогтер біліктілігін арттыруға арналған онлайн-курстар bilimustazkz платформасында қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған әрі педагогика мен педагогикалық технологиялардың, мектеп психологиясының және цифрлық ресурстарды қолдана отырып оқытуды ұйымдастырудың өзекті мәселелеріне арналған.

Жаңалықтар
Толық

Оқулықтың электронды нұсқасы балаларды ауыр сөмкеден қашан құтқарады

Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының директоры Елдос Нұрланов БАҚ өкілдеріне мектеп оқулықтарының электронды нұсқасын қолданысқа енгізу мүмкіндіктері туралы мәлімет берді.

Жаңалықтар
Толық

«Жылдық айналымымыз 300 миллион теңгеге жетеді»

Көпшілік табысқа жету қаржысы көп саланы таңдауға байланысты деп ойлайтыны өтірік емес. Ал компаниясының жылдық айналымын биыл 300 миллион теңгеге жеткізуді жоспарлап отырған тәжірибелі зергер әрі кәсіпкер Самат Ажибеков бизнесті дұрыс жүргізе білсе, ақша барлық салада бар деп есептейді. Еліміздегі үздік зергерлік шеберхананың негізін қалаған ол Dauletten.kz сайтына берген сұхбатында қызығушылығын осы кәсіпке қалай айналдырғаны туралы баяндап, кәсіп ашу, команданы басқару, даму жөніндегі білім-тәжірибесімен бөлісті.  

Бизнес және қаржы
Толық

Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын тексеруге арналған мәтіндер

Қазіргі бастауыш мектептердегі деңгейлеп-саралап оқыту әрбір оқушының жұмыс қарқынын, қабылдау, есте сақтау, ойлау қабілеттерінің ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Кез-келген деңгейлеп-саралап оқытудың түпкі мақсаты – оқудың сапасын арттыру. Бірсыдырғы оқу түрлері оқушының оқуға деген қызығушылығының жоғалуына әкеліп соқтырады, сондықтан дауыстап....

Мәтіндер
Толық

Студенттік өмір

… бірінші курс «балмұздақ» атанып,үлкен оқу орнын қызықтап, мұғалімді көріп арыстанды көрген қояндай қорқып, жан жаққа жалтақтап жүретін, екінші курс, университет қабырғасында бой үйреніп, сынақ кітапшасын тоқсанға толтырып, мәз болып жүретін, үшінші курс, білім алудан ұйқыны артық көретін, мұғаліммен құрбы құрдасша сөйлесіп жақсы балды қоржынға салып жүретін, төртінші курс, практика, диплом деген екі сөзді көп қайталай беретін, төрт....

Оқиғалар
Толық

Абай Құнанбаев туралы қазақша реферат жоспарымен

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Рефераттар
Толық

Дара зат есім

Жеті атасын білген ұл

Жеті жұрттың қамын біл.

Өзін ғана білген ұл,

Құлағы мен жағын жер.

Тақпақтар
Толық

Ыстық қой, шіркін туған жер!

Тарихқа көз жүгіртсек сонау ықылым заманнан сан ғасырлар бойы естіп өзімізбен бірге жасасып келе жатқан Шоқан Уалихановтың Қашқария сапары, «Орбұлақ» шайқасы, «Ұлы Жібек Жолы», VII ғасырдан астам уақыт тамырын тереңге жайған «Әулиеағаш», тұтастай ағаш арқылы Тянь-шань шыршасынан бірде-бір шегесіз қиюластырылған тарихи мешіті де еріксіз еске түседі. Дей тұрғанымен Қытаймен шекаралас жатқан бұл тұнған тарихқа толы өлкені біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Сондай-ақ бұл өлке «Желтоқсан» көтерілісінің батырлары Ләззат Асанова мен  Ербол Сыпатаевты, қазақ бейнелеу өнерінің дарабозы атанған Әбілхан Қастеев есімдерін дүниеге әкелген Алматы облысына қарасты Жазиралы Жаркент қаласы.

Тіпті атынан ат үркитін, атағы айғайлап тұрған адамның да қарадан бастап ханға дейін айналып келер, табан тірейтін мекені Туған жері бар емес пе? Иә, бұл менің Туған Жерім қазақылықтың қаймағы бұзылмаған орта саналатын Жазиралы Жаркентім. Осы орайда Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытов атамыздың: «Туған жердің....

Шығармалар
Толық

5-6 сынып

Аңдатпа

Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы 5–6 - сыныптар үшін «Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасына сай құрастырылған. Әр сыныпқа ғылымдық және тәрбиелік мәні бар мәтіндер енгізіліп отыр. Оқу-әдістемелік құрал (оқыту қазақ тілді) қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдеріне ұсынылып отыр.

 
Пікір жазғанғандар:
А.А.Токкужин  Новоселов орта мектебінің жоғары санатты қазақ тілі мен әдедиет пәні мұғалімі
Г.Б. Бекиш Аудандық білім бөлімінің әдіскері

Диктанттар
Толық

Мақтаншақ бақа

Мақтаншақ бақа 2-сыныпта оқиды. Достарының барлығы оның ерекше мақтаншақ екенін бұрыннан білетін. Бірақ бүгінгі қылығы есте қаларлық болды. Әдебиеттік оқу сабағынан кейін мұғалім оқу қарқынын тексеретінін айтты. Жапалақ мұғалім екінші жарты жылдықта 55-60 сөз оқи алуымыз керек екенін айтты. Барлық оқушылар....

Әңгімелер
Толық

Өлеңнің серті кетіп, дерті қалса...

Поэзия деген не десе, бір сөзбен айт десе, поэзия деген серт дер едім. Бұған біреулер «Көркемдік ше, көркемдік?» деп таласа кетуі мүмкін. Ал мен оларға: «Ант пен серттен асқан қандай көркемдік бар?!» деп айтар едім. Ант пен серт жүректен шығады, сондықтан да ол көркем болады. «Құран ұстап ант еттім», «Семсер ұстап серт еттім» дегендей сөздер содан қалған жоқ па. Ант пен сертте жалғандық та болмайды емес пе.
 

kz
Толық

“Ұлы халықтың - ұлы Абайы”

Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын сыныптан тыс сайыс арқылы насихаттау.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Ақпараттандыру технологиясының пайдасы және зияны

Жасөспірім балалар компьютер алдында қанша уақыт отыру қажет, адамға компьютердің қандай зиянды әсері бар?
Компьютере 1 - 2 сағаттан артық отырмайды. Жұмыс барысында мүмкіндігінше, 5 - 10 минут үзіліс жасап тұрады.
Тәрбие сағаттар
Толық

Туған жер – алтын ұям, байтақ мекен

Туған жер – алтын ұям,байтақ мекен
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан» деп сыбырлаған.
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!,- Мұқағали Мақатаев ағамыз жырлап кеткендей туған жеріміз алтын ұямыз. Кең байтақ сахарамыз бойында қасық қаны қалғанша жан алып жан беріп арпалысып өткен бабаларымыздың батырлығымен бізге жеткен ұлы даламыз. Миллиондаған жылдардың белесінде....

Шығармалар
Толық

1 сынып оқушыларына арналған тақпақтар

Балауса көкпеңбек,

Көктем бұл шырайлы.

Күн шуақ көктен кеп,

Төккені ұнайды.


Тәп-тәтті қырдағы бүлдірген,

Таңдайға балдай боп жағатын.

Бүлдірген тереміз бір-бірден,

Біреуі ауызды табатын.

Тақпақтар
Толық

Мектеп жасындағы есту қабілеті дамуы бұзылған баланы инклюзивті ортада әлеуметтендіру жолдары

 

Есту қабілеті бұзылған балалардың бірнеше ерекшеліктері бар. Есту қабілеті бұзылған балалары есте сақтау үшін көмекші құралдарды қолданады. Еліміздің қоғамдық өмірінде болып жатқан өзгерістер мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендірудің объективті жағдайларын айтарлықтай өзгертеді.Бұл мақалада осы процестердің анықтамалары келтірілген, сонымен қатар мектеп – жасындағы оқушыларға психологиялық - педагогикалық сипаттама берілген.

kz
Толық

Келттердің Төре-Билері

Друидтар қазақ тарихымен тығыз байланыста және келттік «друид»  терминінің тамыры қазақ мәдениетінен бастау алады. Бұл пікір менің жалпы қазақ тарихы мен мәдениетінің ықылым замандағы іздерін зерттеп, барлық
халықтардың ата-тегінің қазақтар болып табылуын дәлелдеуге негізделген
ғылыми еңбектерімде әлемнің бірқатар ұлыстары мен қазақтардың, олардың
қатарында, қазақтар мен келттердің ата....

kz
Толық