Күріш туралы  ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 2
Жұмбақтар жинағы: 4
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 1
Жаңылтпаштар жинағы: 2
Қанатты сөздер жинағы: 1
Әңгімелер жинағы: 1

КҮРІШ ЖЫРЫ
Әр баланың мінезі әрқалай: бірі – ашық-жарқын, бірі–томаға-тұйық... Басқаны қайдам, Қамбар құдды бір сәт тынып тұрмайтын ағын су секілді,ішінде..
©  Сейітқұл Оспанов
Күріш көрсең—біраз ғана ақша аласың.
©  Түс жору
Күріш пен күрмек
Жайқалып күріш тұрды,Береке, ырыс тұрды.Қасында Күрмек тұрды,Күрішті күндеп тұрды:«Күрішті ел құрметтейді,Мені тек Күрмек дейді.Бірге өсіп, бір..
©  Абдрахман Асылбек
Күріш
Дақыл өзі суда өсер,Биік емес бойы аса.Піскенде де буда өсер,Май палауға ал, той, аса.
©  Құл-Керім Елемес
Күріш,Күріш суымен ырыс. 
Төбесі аптапта,Табаны батпақта.Күріш егісі
©  Мұзафар Әлімбаев
Біздің ел – күрішті,Ырысты-күрішті.Күрішті оруғаЫрысты кірісті.
Мен күрішке тек тағамдық дән деп қарамаймын. Ата-бабамның, атамекенімнің байырғы дақылы деп қараймын. Сондықтан жақсы көремін. 
©  Ыбырай Жақаев
Шөпті ішке үйгізші,Күрішті де түйгізші.
Алыстан көрсем ақ тас,
Жақыннан көрсем – дәмді ас.

Жауабы: Күріш
Табаны суды сүйеді,
Қабағы күнге күйеді.

жауабы
Күріш
Күріш арқасымен күрмек су ішеді.
Өнеді суда,
Өседі суда.
Береді өнім
Айналып нуға.