Көкөніс туралы ✍️
Басқа: 1
Жұмбақтар жинағы: 2
Балаларға арналған тақпақтар: 16
Қырыққабат
Қырыққабат жайынБіл де, жеп жүр дәйім.Ас қорытуға боларАсқазаның дайын.Ұшан-теңіз емі,Әсері жоқ кері.Қатерлі көп дерттенҚорғап жүрер сені.
© Қастек Баянбай
Қызылша
Көкөніс бұл ғажап,Атын айтар өзі-ақ.Қызылшаға құмарОқушылар озат.Әр бақшада жатыр,Жеймін десең, мақұл.Зейініңді ашып,Берер саған ақыл.
© Қастек Баянбай
Қызанақ
Ем-дауасы мәлімҚызанақ ол – дәрің.Көбейеді жесеңБойда қуат, әлің.Көрсең күнде дәмін,Берер қажет нәрін.Таза болып терің,Толығады қаның.
© Қастек Баянбай
Қияр
Кірпігің мен қасың,Тырнағың мен шашыңБерік өссін десең,Қияр болсын асың.Бойда болса дертің,Берер саған серпін.Өкпең тыныс аларОйнағанда еркін.
© Қастек Баянбай
Сәбіз
Сәбіз жесең жиі, ұқ:Өсер бойың биік.Пайдасы көп оның,Ал ойыңа түйіп.Өтсе де дерт түйреп,Қалмайсың сен күйреп.Сау болады дәйімБауыр менен бүйрек.
© Қастек Баянбай
Жап - жасыл, сопақ дақыл жерде жатыр,Дер кезінде жинамасаң, сарғайып кетер батыр. Жауабы: қияр
ҚЫРЫҚҚАБАТ
Мақтанғаннан не пайда?Менсіз дәмді щи қайда?Мені қосса самсаға,Бәрі жейді тамсана!
Бақшада піседі
Көп өнім береді.
Жауабы: Көкөніс
Көп өнім береді.
Жауабы: Көкөніс