Бала туралы ырымдар туралы ✍️
Басқа: 21
Баласы тұрмай жүрген адам жаңа туған баласына кигізетін ит көйлегін иттің басына кигізіп алып, сонан соң баласына кигізеді.
© Қазақ ырымдары
Баласы тоқтамай өле берген немесе түсік тастай берген әйел бір баланы аман-есен туа қалған жағдайда жеті әйелдің бұтының арасынан өткізіп алып, оған..
© Қазақ ырымдары
Баласы көп үйдің бесігін жақсы ырымға жорып, тек жақын туыстары қалап алып, жаңа түскен келіннің отауының төріне қояды.
© Қазақ ырымдары
Баланың тісі ұсақ болса—әнші болады. Жаңа туған нәрестенің саусақтары жіңішке, ұзын болса, елге сыйлы, өнер иесі болады.
© Қазақ ырымдары
Баланың тілі шығып, есі кіре бастаған кезде, ауылдың ақсақалын шақырып, баладан: «Өлең аласың ба, көген аласың ба?» деп сұратады. Сонда бала: «Көген..
© Қазақ ырымдары
Баланың төбесіндегі орайы екеу болса, ұл балаға—екі рет үйленеді немесе қыз балаға—екі рет тұрмысқа шығады деп жориды.
© Қазақ ырымдары
Баланың төбе шашын ұзын өсіріп, моншақ араластырып өріп қояды. Бұл «айдар» деп аталады. Айдарлыадам айбарлы көрінеді, оған тіл-көз тимейді деп біледі.
© Қазақ ырымдары
Баланың мойны тез және түзу беку үшін оның шілдеханасына сойған қойдың мойын омыртқасын тұтасымен асып, тесігінен шыбық өткізіп, кептіріп қояды.
© Қазақ ырымдары
Баланың маңдайынан қақпайды, бір адамның бақ пен соры оның маңдайына жазулы болады. Маңдайға ұрса, бақ қашады.
© Қазақ ырымдары
Баланың қырқынан шығару ырымын жасағанда, өберелі-шөберелі қарт бәйбіше қырық қасық суды баланың үстіне құйып тұрып: «Отыз омыртқаң жылдам бекісін..
© Қазақ ырымдары
Баланың қарын шашын алған соң, тастай салмай, сақтап қояды. Бала қырқынан шыққанша, жеті ай толғанша әлсіз болады. Сондықтан бір тал шашын тастамай..
© Қазақ ырымдары
Баланың қарын шашын адам аяғы баспайтын жерге көміп тастайды. Өйтпесе, бала бақытсыздыққа ұшырайды.
© Қазақ ырымдары
Баланың ит жейдесін далаға тастамайды, біреуге бермейді. Себебі, нәрестенің бақыты сол жейдені киген күннен басталады, сол жейде сол бақытты сақтайды..
© Қазақ ырымдары
Баланың желкесі шұқыр болса немесе желкесінен сүйсе, қырсық, кесір болып өседі.
© Қазақ ырымдары
Баланы сыпыртқымен, көсеумен ұрмайды. Бұлай істегенде балаға пәле жабысады, қырсық шалады деп ырымдалады.
© Қазақ ырымдары
Баланы сүндетке отырғызғанда сертпені тастамай, киіз үйдің құрулы тұрған шиінің басына іліп қояды. Бұл— бала ержетіп, отау тіккенде босағасы берік..
© Қазақ ырымдары
Баланы бесікке салып жатқанда барлық әйелдер үн шығармай жым-жырт отырады. Сөйлеп қойса, бала жылауық, есейгенде өсекші болады деп ырымдайды.
© Қазақ ырымдары
Баланы асырап алғанда ер балаға—асықты жілік, қыз балаға тоқпан жілік ұстатып, көпшілікті бұған куә етеді.
© Қазақ ырымдары
Балаға сойылған малдың бүйені мен өкпесін жегізбейді. Қуырдаққа басқа етпен қосып пісірілгенде жеуіне болады. Тек өзін ғана жесе, бала сылтаушыл..
© Қазақ ырымдары