Пышақ туралы ырымдар туралы  ✍️


Басқа: 3

Пышақтың жүзі шалқасынан қарап қалса, сол үйдің малы пышаққа ілінеді, пышақ жерге шаншылып түссе, үйге еркек келеді. Қасық түссе, қатын, болмаса қыз..
©  Қазақ ырымдары
Пышақты пышаққа жанымайды. Бұл қылық—жаман әрекеттің нышаны. Елдің берекесін қашыратын соғыс болады деп жориды.
©  Қазақ ырымдары
Қазақ пышақтың жүзі көкке қарап жатқанды жаман ырымға жатқызады. Ондай пышақ өлім тілеп жатыр деп ырымдап, пышақты жалпағынан жатқызады.
©  Қазақ ырымдары