Қазан туралы ырымдар туралы ✍️
Басқа: 5
Қазанды есік жаққа қаратып қисайта аспайды. Ол құласа: «Несібе төгіледі, ырыс шайқалады, ас азайып, дән далаға қашады. Отқа төгіліп, дән күйеді. Күл..
© Қазақ ырымдары
Қазанда қайнап жатқан сүт отқа төгілсе, малдың желініне қотыр шығады. Сүт отқа күйіп жатқанда малдың емшегіндегі сүт күйеді.
© Қазақ ырымдары
Қазақ үйінде қазан құр тұрмайды. Тым болмағанда бір қалақ май тамызып қояды. Бұл «қазан қаңсымасын» дегені. Қазан толы болса, уайым жоқ.
© Қазақ ырымдары
Қазақ қазан-ошақты теппейді. Ондай істегенде, аяқ дертке шалдығып, кем болады. Қазанның қарасы, ошақтың киесі атады деп есептейді.
© Қазақ ырымдары