Қонақ туралы ырымдар туралы  ✍️


Басқа: 10

Үйге келген қонаққа үйдей өкпеңді айтпа дейді. Бұлай істесе, құт қашады, қонақ шамданады. Ырзық ашынады, береке-бірлік бұзылады деп ұйғарылады.
©  Қазақ ырымдары
Үйге келген қонақ адам болсын, болмасын «ассалаумағалейкүм» деп сәлем беруі керек.
©  Қазақ ырымдары
Қонақтың пышағы немесе бәкісі дастарханмен бірге жиналып кетсе, қайтарып берілмейді. Қонақ ет турағанда пышағын өзі сүртіп қынына салып алуы керек...
©  Қазақ ырымдары
Қонақты сыйламас бұрын үй қожасының өзі астан ауыз тиюі керек.
©  Қазақ ырымдары
Қонаққа тартылатын бастың тұмсығы, сөзсіз, төрде отырған ең сыйлы қонаққа қаратып қойылады. Егер үйдің есігіне қаратып қойылса—онда үй иесінің..
©  Қазақ ырымдары
Қонақ өзі түскен үйге алып жүрген найза, қылыш, мылтық, сойыл-шоқпарын алып кірмейді. Үйге кірерде сыртқа сүйеп қойып, тек қамшы алып кіреді. Бұл—..
©  Қазақ ырымдары
Қонақ қыз босағаға емес, қарттар отыратын құрметті орынға отырады. Әйтпесе үй иесі бақытсыздыққа ұшырайды.
©  Қазақ ырымдары
Қонақ келгенде есікті үй иесінің өзі ашады. Ал қонақ шығарда есікті үй иесі ашпайды, қонақтың өзі ашып шығады. Қонақ үйге келгенде құт бірге кіреді..
©  Қазақ ырымдары
Қонақ боп барған үйінде қызды төрге отырғызады. Себебі «қызда қырық көліктік бақыт бар». Төрде отырса, сол бақыттың жұғыны қыз отырған төрде қалады...
©  Қазақ ырымдары
Қазақ үйіне қонған қонақты да ырымдайды. Қонақ қонған түні мал төлдесе, көтен асып қонақты сыйлайды. Әрі киіт кигізіп: «Ақжолтай қонақ» деп шығарып..
©  Қазақ ырымдары