Қыз туралы ырымдар туралы ✍️
Басқа: 9
Қызына құда түсе келген адамның тілегін қабыл еткенде жағалы шапан кигізеді. Оны «шеге шапан» дейді. Бұл—құдалық баянды болсын деген ниет.
© Қазақ ырымдары
Қыз-келіншектер қара орамалды басына салмайды.Қара киім—қайғының белгісі деп ырымдалады.
© Қазақ ырымдары
Қыздар өзінен үлкен адамға немесе жігіттерге қарап тілін шығарып, жалақтамайды. Бұл әдепсіздікке жатады. Ал кейін тапқан баласы сақау болады деп..
© Қазақ ырымдары
Қыз бен жігіт алғаш қосылған түні жігіт жеңгесіне жолдық береді. Өйткені жеңгесі төсек салып, жайлы жатуларын тілейді. Қыздың пәктігіне куә болады..
© Қазақ ырымдары
Қыз балаға кәрі жілік ұстатпайды. Егер қыз кәрі жіліктің етін жеп, мұжыса—болашақ күйеуі кәрі қақсал болуы ықтимал деп жорылады.
© Қазақ ырымдары
Қазақ қыздары үйдегі қонақтың қарсы алдына келіп талтайып отырмайды. Мұндай қылық қызды ұятсыз іске ұрындырады, бақытсыздыққа душар етеді деп..
© Қазақ ырымдары
Қазақ қыз баланы қорламайды. Қыз—ару, болашақ ана. Ұрпақ қыз арқылы өрбиді. «Қыздың жолы жіңішке», «Қыз назы қырық кісіні мас қылады», «Қыз—жат..
© Қазақ ырымдары