Мал туралы ырымдар туралы ✍️
Басқа: 22
Малдың мезгілсіз қашқаннан кейін туған төлін қазақта малдың иесі малданбайды, басқа бір күйі нашар кісіге садақа ретінде береді.
© Қазақ ырымдары
Малдың жетім бауыр аталатын бауыры да болады. Оны балаларға жегізбейді. Егер жеп қойса—жетім қалады деп жориды.
© Қазақ ырымдары
Малдың бірінші сауымынан алынған майды қазақтар асқа қолданбайды—онымен жақтау, табалдырықтың жоғары бөлігінің, киіз үйдің сол жағын жауып тұрған..
© Қазақ ырымдары
Малдың басын үйіткенде алдымен бауыздау жағынан бастап үйітеді. Бұл—пышақтың жүзіндегі қылау өртенсін дегені.
© Қазақ ырымдары
Малды қу шыбықпен, көсеумен айдаса, сүті күйіп кетеді деп, жас шыбықпен айдайды.
© Қазақ ырымдары
Малды бауыздар алдында басын құбылаға қаратып тұрып, бата жасайды. «Бұйыртып жегіз» деп тілек айтады. Онысы—малдың еті дәмді, адал болсын дегені.
© Қазақ ырымдары
Малға ұсталатын құралдарды (құрық, бұғалық, көген т.б.) аттамайды. Бәрінің киесі бар деп сенеді.
© Қазақ ырымдары
Малға оба тисе, қасиетті саналған адамдардың моласынан топырақ әкеліп, малды ұшықтайды. Себебі оба да бір қасиеттің белгісі. Оның да күшті қорғаушысы..
© Қазақ ырымдары
Мал төлдеп жатқанда, балалардың асық ойнауына тыйым салынады. Өйткені асық ойнағанда сақа мен кенейлерді соғыстырып, шықылдаған дыбыс шығарады. Міне..
© Қазақ ырымдары
Мал төлдеп жатқанда кереге басына, бақанға, қойдың құйрығына қызыл шүберек байлап іліп қояды. Оны елдің көзі төлге түспей, құйрыққа түссін дегені.
© Қазақ ырымдары
Мал төлдеп жатқанда басқа біреуге мал сыйламайды. Төлді біреуге атамайды және сатпайды. Бұлай істесе, Шопан ата шамданады, шамырқанады. Жаңа туған..
© Қазақ ырымдары
Мал төлдеп жатқан кезде сақал, мұрт, шаш алуға тыйым салынады. Өйткені төл шала туады, дертке шалдығады деп жорылады.
© Қазақ ырымдары
Мал сойған кезде төс шеміршегін кесіп алып, жарға не босағаға лақтырғанда жабысып қалса, ол үйдің аты бәйгеден бірінші болып келеді.
© Қазақ ырымдары
Мал өріске кеткен соң мал қораның есігін ашық тастамайды. Жын-шайтан кіріп кетеді деп ырымдайды.
© Қазақ ырымдары
Мал етін бұзғанда балта, шот қолданылмайды. Сүйектерді жүйесін тауып пышақпен ғана ажыратады. Балталаса, берекесі кетеді деп ырымдайды.
© Қазақ ырымдары
Мал әбзелдерін лас жерге, аяқ астына тастамайды.Оларды арнайы таза орынға іліп қояды. Әйтпесе, мал иесі өкпелейді.
© Қазақ ырымдары
Қысты күні қарғалар ағаш басына шығып қарқылдап, үстерін шұқып тазалана бастаса, көп ұзамай—ақ қар жауады.
© Қазақ ырымдары