Шәйнек туралы  ✍️


Басқа: 2
Жұмбақтар жинағы: 6
Ақын өлеңдері жинағы: 1

Шәйнек сатып алу—бір кісімен ұрысу.
©  Түс жору
Шәйнек—отбасындағы берекет пен бақыт.
©  Түс жору
Қайнадым қара шәйнекте...
Қайнадым қара шәйнекте,Дауасы су деп дертiмнiң.Жаңбыр жауғанда әйнекке,Сағыныш болып шертiлдiм.Көзiмде жас боп қалды дүр,Ойнаған тамшы..
©  Қасымхан Бегманов
«Ш»-дан бастап жазғанда,
Шай қайнатып аласың,
«Ш»-ны орнынан алғанда,
Терезеге саласың.

жауабы
Шәйнек - Әйнек
Қалпағы бар,
Басы жоқ.
Тұтқасы бар,
Топсасы жоқ,
Аузы бар,
Тісі жоқ.
Қарыны бар —
Кіші тек,
Түтігі бар —
Көші көп.
Бір нәрсе өзі жансыз,аяғы жоқ,
Су менен шөптен басқа қорегі жоқ,
Ішін ашып қарасаң бір мезгілде,
Тұрады жеген жемі жабағы боп.
Адамға қарайтұғын қабағы жоқ,
От пенен судан басқа тамағы жоқ.
Біраздан соң қарасаң аузын ашып,
Ішіндегі қалады жабағы боп.
Тақия, мұрын, бір құлағы бар,
Самаурын қасында тұрағы бар.
Отқа қойсаң елпiлдеп,
Быж-быж етiп тұншығар.
Тақиясы селкiлдеп,
Танауынан бу шығар.