Ырымдар туралы  ✍️


Басқа: 24
Әңгімелер жинағы: 1

Ашық күні дауылды жел соқса, артынан жаңбыр болады.
©  Қазақ ырымдары
Ауылдан атқа мініп аттанғанда артынан ит ере шықса, қуалап зорлықпен кері қайтармайды. Өйткені ит иесіне опадар. Мүмкін, жолы болар, сапары оң болар..
©  Қазақ ырымдары
Ауа райының құбылысы да әртүрлі ырыммен парықталады. Күн тұтылса—мұсылманға, Ай тұтылса— кәпірге көрінеді, патшалары өледі деп жориды.
©  Қазақ ырымдары
Аттарының жалы оң жағына қарай жығылып жатса, оны мінген кісінің жолы болады деп жориды.
©  Қазақ ырымдары
Атты кісі бейіт тұсынан шауып өтпейді. Бұл әруақты сыйламағанның қылығы. Сондықтан әруақ атады, сайтан жабысады, әруақ соңынан қуалап үйге келеді..
©  Қазақ ырымдары
Атпен келе жатқан адам бейіттің қасынан шауып өтпейді. Қайта іштей дұға оқып, әруаққа сиынады. Оң аяғын үзеңгіден шығарып, «Қиямет жақын, қиямет..
©  Қазақ ырымдары
Қазақ халқының ырымдары
1. Бос бесікті тербетпе.2 Бесікті ашық қалдырма.3. Кісіге қарап керілме.4. Беліңді босқа буынба.5. Бас киімді теріс киме.6. Таңдайыңды қақпа.7. Аяқ..
©  Қазақ ырымдары
Ат үстінде тұрып шіренбейді. Бұлай істеу—әулекіліктің, дарақылықтың белгісі деп біледі жұрт.
©  Қазақ ырымдары
Ат жер тарпып тұрса, жақсы жолды көксегені. Алыс сапар басталады. Мұны жылқы жер көксеп тұр деп жақсылыққа жориды.
©  Қазақ ырымдары
Ас-тұзды төгіп шашпайды. Кесірлі кесапат сөздерді айтпайды. Нан тептілік істемейді. Бұл—ашаршылық тартпасқа, тоқшылық қадіріне жетеді дегені.
©  Қазақ ырымдары
Ас-тамақтан, жел-құздан, иіс-қоңыстан ұшынған адамдарды ұшықтау ертеден келе жатқан емдеу тәсілі. Жығылған адамның бір жері ауырып қалса да, сол..
©  Қазақ ырымдары
Астың соңында ат бәйгесі, жорға жарыстыру, балуан күрестіру, көкпар тарту, теңге ілу, қара ату сияқты ұлттық ойындар өткізіледі. Бұл—қайғының соңы..
©  Қазақ ырымдары
Аспаннан ағып түскен жұлдызды көрген қазақтар «менің жұлдызым жоғары» дейді.
©  Қазақ ырымдары
Асқа, тойға арнайы әкелінген қымызы толы сабаны түгел сарықпайды. Түбінде азғантай болса да сарқыт қалуға тиіс. Себебі, саба кеуіп, семіп қалмасын..
©  Қазақ ырымдары
Асқа сойылған малдың етінен үй иесі дәм татпай тұрып қан-жынын итке жегізбейді. Адал малдың етін иман айтып жемей тұрып, қан-жынын ит жесе, адал..
©  Қазақ ырымдары
Асқа пісірілген жауырынды мұжып болған соң, соған қарап жол ашатын салт бар. Бұл салтты әйел кісінің жасауына болмайды.
©  Қазақ ырымдары
Асқа немесе тойға толтырылып қымыз әкелген саба біржола сарқып босатпайды, түбінде міндетті түрде бір ожау болса да қымыз қалуы керек.
©  Қазақ ырымдары
Ас үстінде қолын сілкімейді. Бұлай істегенде, ас сілкінеді, дәм-тұз атады.
©  Қазақ ырымдары
Арқан-жіп ескен кезде жасөспірім балалардың керілген жіптің астынан өтуіне тыйым салынады. Бойы өспей тапал болып қалады деп жориды.
©  Қазақ ырымдары
Аңдағы бірінші олжа ешкімге сыйланбайды, бірінші олжа қоян, ал кейінгісі қасқыр немесе түлкі болса да солай етеді.
©  Қазақ ырымдары
Алыс жолға шыққан адамдар қара шаңырақтан немесе үлкен кісінің үйінен дәм татып аттанады.
©  Қазақ ырымдары
Алдыға қойған асты қастерлеу керек. Табақпен ас келгенде өзінің алдынан ғана алуға тиіс. Басқалардың алдына қол созбайды. Бұлай істеу—ырыздыққа..
©  Қазақ ырымдары
Алдыға келген асқа мін тағып, жамандамайды. Ішкісі келмеген жағдайда «асыңа разымын» деп ықылас білдіреді. «Ас— дамның арқауы» саналады. Асты..
©  Қазақ ырымдары
Айдың мүйізі үшкір болса, ауа райы жақсы болады, ал мүйіздері шалқақ болса күн бұзылады.
©  Қазақ ырымдары
Киiз үйге қатысты ырымдар мен тыйымдар
Киіз үйге найзағай түспес. Ата-енеңнің (қайнағаңның) төсегіне отырма.Ата-енең (қайнағаң) жатқан жерге жатпа.Атқа теріс мінбе.Ауылға атпен шауып..
©  Сайын Назарбекұлы