Жаңғақ туралы  ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 5
Жұмбақтар жинағы: 9
Балаларға арналған тақпақтар: 2
Ақын өлеңдері жинағы: 3
Жаңылтпаштар жинағы: 2
Қанатты сөздер жинағы: 4
Әңгімелер жинағы: 2
Ертегілер жинағы: 1
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1

Мүсəпірге мың жаңғақ,Көппен бірге айрықша таяқ.
©  Түркі халықтары
«Ішінде дәні жоқ жаңғақ шағылғанда ұятқа қалады», — Дейді сағиди.
©  Талдаубек Әшімханұлы
Мейіз, жаңғақ жесең—олжалы табыс.
©  Түс жору
Егер кісі түсінде грек жаңғағын жесе—онда өңінде оның ішіп-жем қоры мол болады.
©  Түс жору
Талғат, балға тап,Оншақты жаңғақ шақ,Шақсаң, сақ шақ.
©  Ескен Елубаев
ЖАҢҒАҚ
Ішінде дəні жоқ жаңғақЖарылса болмай ма қаңбақ?!Ендеше жан-жақты барлап,Сөзіңді айтқан жөн аңдап.
©  Ақылбек Шаяхмет
Жаңғақ жыры
Төңірекке өң беріп,Аялаған анадай,Тұрды тауда тербеліп,Тәкаббар бір қарағай.Жапырағы жайқалғанЖұпар иіс таратты.Жаңғақтарын май тамғанЖеген аң, құс..
©  Абдрахман Асылбек
Тоғыз ағайынды бір жаңғақ бөлісті.
Жаңғақтар
 Мұраттың 7, Мақсаттың 8 алмасы бар, ал Асанның алмасы жоқ. Алмаларды үшеуі бес бестен теңдей қылып бөліп жейді. Кейін Асан үйінен 30 жаңғақ алып..
©  Логикалық сұрақтар
Тынармын ба жан-жаңғақ сарқып шақпай
Мен өзімді іздедім бала жастан,Жұп-жұқана сиқыма қарамастан.Тауға да ұрдым басымды, тасқа да ұрдым,Ерте қозды делебем — ала қашпам.Адыр-адыр қыр..
©  Естеу Нүсіпбеков
Еш саңлауы жоқ жаңғақтың ішінен жыбырлап жуан сары құрт шыққанда, Алланың Құдіретін танымай амалың жоқ.
©  Нұрхалық Абдырақын
Тәңірше бөлейін бе, пендеше бөлейін бе?
Әрқашан да парасатты, білімді адамдардың балаларға үйір келетін әдеті ғой, сондай-ақ Қожа да кішкентай балалармен ойнауға әуес болған. Ақшәһар..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Жаңғақ
Чечен шалы Ахмет таң алакеуімде бұрын болмаған таңғажайып елеспен тілдесті. Түс деуге де келеді. Әуелі көз алды тұманданып, қызыл-жасыл бояу жүзді..
©  Дүкенбай Досжан
Қабығы қатты жаңғақтың,Дәні тәтті. 
Жаңғақ ағашы
Қариядай кәрі ағаш,Келе жатқан қашаннан.Бірақ жаны әлі жас,Жылда көктеп жасарған.Жапырақ жайып сақтағанШаңқай түс,күн көзінен.Бұтақтар қанша..
©  Сырбай Мәуленов
Егер ұзақ өмір сүргің келсе...онда ұнтақталған грек жаңғағы аралас балды үзбей жей бер.Ибн Сина
©  Жібек Ысқақова
Жаңғақ
Базарда көп жаңғақ,Алам оны таңдап.Сырты сондай қатты,Дәні бірақ тәтті.
©  Тұрысбек Еділбаев
Тиыншыл Тиін
Қызықтырып көк тиын,Жаз жаңғағын Ақ ТиынСатып-сатып тауысты,Болды сөйтіп «табысты».Аяз қысқан қыс күні,Сатып ескі-құсқыны,Сол жаңғақтыКөп..
©  Қадыр Мырза Әли
Қожанасыр жолда келе жатып жаңғақ ағашының астына көлеңкелеп отырады. Ағаштың маңында асқабақ бақшасы бар еді. Қожа: «Мына табиғаттың..
Талғат балға тап,Оншақты жаңғақ шақ,Шақсаң, сақ шақ.
Егер ұзақ өмір сүргің келсе...онда ұнтақталған грек жаңғағы аралас балды үзбей жей бер. 
©  Ибн Сина (Авиценна)
Кіп-кішкене қазан,
Іші толы тағам.

Жауабы: Жаңғақ
Мезгілсіз піспейді.
Піспей түспейді,
Шыңнан құласа,
Шекесі іспейді.

Жауабы: Жаңғақ
Қатты тас.
Ортасында –
Тәтті ас.

Жауабы: Жаңғақ
Әрбір жаңғақ – дөңгелек,
Әр қайсысы әр бөлек.