Сәбіз туралы  ✍️


Басқа: 1
Жұмбақтар жинағы: 10
Балаларға арналған тақпақтар: 4
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Әңгімелер жинағы: 1

Сәбіз
Сәбіз жесең жиі, ұқ:Өсер бойың биік.Пайдасы көп оның,Ал ойыңа түйіп.Өтсе де дерт түйреп,Қалмайсың сен күйреп.Сау болады дәйімБауыр менен бүйрек.
©  Қастек Баянбай
Сәбіз көрсең—көңілденесің.
©  Түс жору
Қанша сәбіз еді?
Біздің үйде көжек көп,Іштерінде өжет көп.Әсіресе бес көжек,Маған нағыз дос көжек.Бес көжекке достасқанСәбіз бердім қос-қостан.Бір сәбізім..
©  Сұлтан Қалиев
СӘБІЗ
Кім бар сәбіз шырынынЖастайынан ішпеген?мені жеген адамдарКем болмайды күшке де!
Сәбіз
Өсіретін бойыңды,Өсіретін ойыңды,Қоянға да азықпыз,Сәбіздерміз жазықсыз.
Сәбіз бен шомыр
Қожанасыр түнде біреудің бақшасына түсіп, қабын сәбіз бен шомырға толтыра бастайды. Кенеттен келіп қалған бақша иесі:— Ей, Әпенді, сіз мұнда не істеп..
©  Қазақ халық ауыз әдебиеті
Сексен сегіз сәбіздіКүнде өгізге жегізді.Күнде сексен сегізСәбіз жеген өгіз семіз.
Өзі жерде бұғып жатыр,
Сақалы сыртқа шығып жатыр.

Жауабы: Сәбіз
Жер астына түседі,
Сап-сары боп өседі.
Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым.

жауабы
Сәбіз
Қызыл, қызыл, қызыл қыз,
Бұрымы кеткен ұзын қыз.
Өзі ұйқыға батады,
Бұрымы сыртта жатады.

жауабы
Сәбіз
Сары балам ішкері,
Сақалдары тысқары.

жауабы
Сәбіз
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.
Жер астында жез қазық,
Жеуге болар ас қазық.
Жер астында қызыл қыз отыр.
Жер астында темір қазық.
Бұйра тұлымы,
Желмен ойнайды.
Қызыл мұрыны,
Жерге бойлайды.