О әрпі туралы  ✍️


Басқа: 1
Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Жаңылтпаштар жинағы: 17

Орал
О дегенім – Орал ғой,Батыстағы бай қала.Арнасында Ақжайық,Ағып жатыр жай ғана.Ойжайлауда салған әнОйылға барып жетеді.Құт-береке дарыған,Қазақтың..
©  Нұртан Төлепбергенұлы
Шорқақта бар,Ақында жоқ.Қорқақта бар,Батырда жоқ.(О)
©  Ескен Елубаев
 Оңашада Оңалсынның,Ою оюы орынды.Орындықта отырыпОмардың оқу-оқуы орынды.
©  Ескен Елубаев
О әрпі: Қазақша – орысша – ағылшынша сөздік
ОВЕРИТ оверит overiteОВЕРШОТ овершот overshotбағыттаушы шұңғымасы бар ~ / ~ с направляющей воронкой overshot with bowlжуылып алынатын ~ / ~ с..
©  МҰНАЙ МЕН ГАЗ: ҚАЗАҚША-ОРЫСША-АҒЫЛШЫНША СӨЗДІК
Орақты ора аласың ба?Орамалға орала аласың ба?
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Ойбайлама, Орынбай,«Ойбай» оғаш одағай.Осы оғаш ойбайың,Ойсыз олаң Ордадай.
Ол да шылбыр есті,Мен де шылбыр естім.Ол шылбырды сылбыр есті,Мен шылбырды ылдым-жылдым естім.
Ол бір қыл шылбыр есті,Бұл бір қыл шылбыр есті.Ол да,Бұл даҚыл шылбырды тым сылбыр есті.
Оңғар Жоңғар туралы сұрады,Оңғарға керегі Жоңғар туралы томдар.Томдар болмаса ОңғарБәрін домбарлап, домдар...
Омар көп шай ішіп жүр,Құмар шөп шай ішіп жүр.Ал ШынарБұл маңда жоқ шай ішіп жүр.
Он бөгелекке,Он көбелек келіп қосылды.Он бөгелек он бөлек,Он көбелек он бөлек кетті.
Ол алқапты олар орар,Бұл алқапты бұлар орар,Орал ормаса, Омар орар.
Орта таудың басынаОтау тiкпек айнала,Отауымды қотаныма тiгем,Қотанымды отауыма тiгем.
Орманбай аңшы,Марқабай малшы,Тұра қап алшы,Құрығыңды суға малшы.
Оқуға салақтар,Тек кетіп парақтар.Сабақта алақтарДалада далақтар.
Озған сәл алды,Бәйгені шал алды.Шал әлі әлді.
Ол да Ділдә,Бұл да Ділдә.Ол да Әбділдә,Бұл да Әбділдә.
Орын берсең кіргенде,Үлкен кісі есіктен.Үлгілі екен демей ме,Үйренген ғой бесіктен.
Ол аралда да марал,Бұл аралда да марал.От екен маралға да арал,Оттайтын аралда да марал.
Он қап,Он қапты қақ,Он қапты қақ та,Қатта.