Денсаулық туралы  ✍️


Басқа: 3
Мақал-мәтелдер жинағы: 137
Жұмбақтар жинағы: 3
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 11
Қанатты сөздер жинағы: 66
Туындылар: 3
Әңгімелер жинағы: 3
Шығармалар жинағы: 7
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1
Эсселер жинағы: 4

Жұғын бар жерде шыбын бар,
Шыбын бар жерде шығын бар.
Жан ауырса тән азады,
Қайғы басса, жан азады.
Арық семіреді,
Ауру жазылады.
Сынықтан өзгенің бәрі жұғады.
Ажал ажарыңа да қарамайды,
Базарыңа да қарамайды.
Жеңіл барып, ауыр қайт,
Аман барып, сау қайт.
Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса, жан тәтті.
Аяншақ көзге шөп түскіш.
Күлегештің көңілі азбас,
Күтіншектің өзі азбас.
Қырықта қылау,
Сексенде шылау.
Ұрынарға қара таппай,
Емдетуге жара таппай.
Жасырғанның жарасы асқынады.
Сақинаны сәнге салмайды,
Тазалыққа таразы.
Тіс бүлінді дегенше
Іш бүлінді десеңші,
Іш бүлінді дегенше,
Іс бүлінді десеңші.
Арақ түбі — дерт,
Ұшқын түбі — өрт.
Қайғы — қартайтады,
Қуаныш — марқайтады.
Жарлының байлығы —
Дәнінің саулығы.
Ауру — астан,
Дау —қарындастан.
Ауруын жасырған өледі.
Ауру кісі күлкі сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес.
Денің сау болса,
Жарлымын деме.
Жолдасың көп болса,
Жалғызбын деме.
Тазалық. — саулық негізі,
Саулық — байлық негізі.
Көзің ауырса, қолың тый,
Ішің ауырса, тамағың тый.
Ақша қарда көп жүрсең,
Көзің бір күн қарығар,
Алыс жерде көп жүрсең,
Көңілің бір күн тарығар.
Ауырып тұрдың,
Аунап тұрдың.
Ауырып, жазылған жан олжа,
Жоғалып, табылған мал олжа.