meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Тас туралы  ✍️


Басқа: 5
Мақал-мәтелдер жинағы: 59
Жұмбақтар жинағы: 5
Балаларға арналған тақпақтар: 4
Ақын өлеңдері жинағы: 128
Жаңылтпаштар жинағы: 6
Қанатты сөздер жинағы: 13
Әңгімелер жинағы: 6
Ертегілер жинағы: 3
Поэмалар: 1
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1
Аңыздар жинағы: 2

Қандай
Туғандар, жүрген қандай, жатқан қандай,Жатқан сайын жамбасқа батқан қандай?Ақ нұрды жарқыраған от деп ұғып,Білмей жатып таспенен атқан қандай?
Тағы..
©  Сұлтанмахмұт Торайғыров
Түспейді жазсам жазу қара тасқа
Түспейді жазсам жазу қара тасқаАуырлық түсті биыл біздің басқа.Биенің құлынындай жарасушы ем,Айрылдым мен әкемнен жеті жаста.
Не жаздым жеті жаста..
©  Сұлтанмахмұт Торайғыров
Әкесі бар баланың жебесі тастан өтеді. 
©  Бұқар жырау
Құм жиналып — тас болмас, құл жиналып — бас болмас. 
©  Бұқар жырау
Таудан аққан тас бұлақ тасыса құяр теңізге,Қанша малы көп болсын, бай қуанар егізге. 
©  Бұқар жырау
Талап пен ақыл
Талап деген бiр жүйрiк тұлпар сынды‚Бабын таппай мiнгендi қылар жынды.Тауға ұра ма басыңды, тасқа ұра ма,Ал ендi оған кiсi қайтiп мiндi?
Талап..
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Тасқа айналған нан
Бір бай әйел ертеде, ханшадай ғұмыр кешеді,Қызметшілер жүгіріп, асты-үстіне түседі,Азық толы қоймалар, бейқамсыз күндер өтеді,Сараңдықта алайда..
©  Нұрбол Бимұрзаев
Кесек атқанға - тас ат. 
©  Құтып
Таста тамыр жоқ, ханда бауыр жоқ. 
©  Майқы би
Теректің сыйы
(М. Ю. Лермонтовтан)
Асау Терек долданып, буырқанып,Тауды бұзып жол салған, тасты жарып.Арыстанның жалындай бұйра толқынАйдаһардай бүктеліп, жүз..
©  Абай Құнанбаев
Сиырда аунамақ жоқ,
Жылқыда күйсемек жоқ,
Тамда белдеу жоқ,
Таста тамыр жоқ,
Суда қаймақ жоқ.
Талаптының тоқпағы тасқа шеге қағады
©  Бауыржан Момышұлы
Әр тастың бөлек-бөлек белгісі бар.
Алтын — жай тас, босқа жатқан жердегі,
Қазып алса — бек тәжінің өрнегі.
Алтын-күміс әманда таспен бірге жүреді.
Алтынның құны түспейді,
Тастың бағасы артпайды.
Ақымақ мың батпан тасты көтереді,
Бір ауыз сөзді көтере алмайды.
Ақыл бастан шығады,
Асыл тастан шығады.
Ақыл жастан шығар,
Жүйрік аттан шығар.
Ақыл қарттан шығар,
Асыл тастан шығар.
Ақыл надан басқа кірмейді,
Темір шеге тасқа кірмейді.
Тауды, тасты су бұзады,
Адамзатты сөз бұзады.
Жұмсақ сөз тасты жібітеді.
Жапалақты таспен ұрса да,
Жапалақ өледі.
Жапалақпен тасты ұрса да,
Жапалақ өледі.
Ілім басқа жұғады,
Қына тасқа шығады.
Асыңды бермесең берме,
Бірақ тасыңмен перме