meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Адам туралы  ✍️


Басқа: 7
Мақал-мәтелдер жинағы: 543
Жұмбақтар жинағы: 26
Балаларға арналған тақпақтар: 9
Ақын өлеңдері жинағы: 462
Жаңылтпаштар жинағы: 9
Қанатты сөздер жинағы: 730
Туындылар: 6
Әңгімелер жинағы: 56
Ертегілер жинағы: 6
Поэмалар: 4
Шығармалар жинағы: 6
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 5
Аңыздар жинағы: 2
Эсселер жинағы: 3

Ат болатын құлынның,
Бауыры жазық келер,
Адам болатын баланың,
Маңдайы жазық келер.
Ат қартайса,
Есекпен достасады.
Адам қартайса,
Төсекпен достасады.
Екі тізгін жоқ болса,
Ат басын адам бұра алмас.
Жаман атқа жал бітсе,
Жанына торсық байлатпас.
Жаман адамға мал бітсе,
Жанына қоңсы қондырмас.
Сырын білмес адамға
Сырыңды айтпа.
Сырын білмес атанға
Жүгіңді артпа.
Ауыр жол— атаңды сынайды,
Ауыр іс — адамды сынайды.
Арық қой — тырысқақ,
Аш адам — ұрысқақ.
Жақсы ат аяғынан қалады,
Жақсы адам құлағынан қалады.
Жақсы кісінің ашуы - шай орамал кепкенше.
Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.
Жақсы адам тауып сөйлейді,
Жаман адам қауып сөйлейді.
Адам мен адам арасы, аспан мен жердей.
Құс жаманы саңғығыш,
Адам жаманы қаңғығыш.
Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.
Ақсұңқардың баласы,
Алдына қоймай ас жемес.
Анық жақсы баласы
Адамнан туса жат демес.
Ағаш көркі - жапырақ, адам көркі - шүберек.
Бір кісі мың кісіге олжа салар.
Күйесіз қазан жоқ, қайғысыз адам жоқ.
Адам ойға тоймас, қасқыр қойға тоймас.
Адам бір-біріне қонақ.
Бір лақ екі адамды талтаңдатады.
Адамның жүзі ақылдың айнасы.
Адамға адам жат емес.
Адамның сырты алдамшы.