Мысық туралы  ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 20
Жұмбақтар жинағы: 24
Балаларға арналған тақпақтар: 30
Ақын өлеңдері жинағы: 29
Жаңылтпаштар жинағы: 2
Қанатты сөздер жинағы: 8
Туындылар: 2
Әңгімелер жинағы: 16
Ертегілер жинағы: 16
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 3
Эсселер жинағы: 1

Ыстық пешке бiр рет отырып қалған мысық, қайтып ыстық пешке отырмайды. Суық пешке де. 
©  Марк Твен
Біздің мысық
Бір басуға ерініп,Әзер-әзер ілбиді.Күншуақта керіліп,Күн ұзаққа мүлгиді.Қонған шыбын-шіркейдіҚағады ол мұртымен.Үркітеді кей-кейдеҚұлағының..
©  Қайрат Жұмағалиев
Көзін жұмады,
Көзін ашады.
Сыбысын білдірмей,
Ақырын басады.

Жауабы: Мысық
Мысық пен тышқан
Тышқан қабырғадағы тесіктен 20 қадам ұзақта. Мысық тышқаннан 5 аттам ұзақтықта. Мысық бір аттағанда тышқан 3 қадам баса алады...
Тонын киіп туған,
Жалап бетін жуған.

Жауабы: Мысық
Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар, шапаны жоқ.

Жауабы: Мысық
Ажалы жеткен тышқан
Мысықтың ернін тартып жатады.
Мысықтың баласы дәл анасындай мияулайды.
Мысықты етке қарауыл қойды.
Жүз мысыққа бір тышқан.
Ашық құмыраны көргенде,
Мысыққа ұят не керек.
Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек.
Денесіне қапталған,
Сырты түбіт тоны бар.
Дыбыссыз кіріп шығады,
Бүкірейген жоны бар.
Еріксе,
Құйрығымен ойнайды.
Зеріксе,
Ұйқыға бір тоймайды.
Түссе күннің шуағы
Көзді еріксіз жұмады.
Жылы жерді сүйеді,
Беті-қолын жуады.
От басында бүкір шал,
Құдайына шүкір шал.
Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ,
Тоны бар, киерінде шапаны жоқ.
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп-шығар сапары жоқ.
От басында құмған,
Екі көзін жұмған.
Мұртын сипап күн бойы,
Бетiн сусыз жуады.
Тысырды аңдып түн бойы,
Тышқанды көп қуады.
Денесiне қапталған,
Сырты түбiт тоны бар.
Дыбыссыз кiрiп-шығады,
Бүкiрейген жоны бар.
Ерiксе,
Құйрығымен ойнайды.
Зерiксе,
Ұйқыға бiр тоймайды.
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады.
Мысық жоқта тышқан төбеге шығады.
Үй жинаған ұқыпты,Бір қыз бопты ертедеТыңдамаған мысықты,Салыпты ғой әлекке. жауабы - Мақта қыз бен мысық
Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар, шапаны жоқ.