Дұшпан туралы  ✍️


Басқа: 5
Мақал-мәтелдер жинағы: 61
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 62
Қанатты сөздер жинағы: 34
Әңгімелер жинағы: 4

Етекті кессең – жең болмайды.
Ежелгі дұшпан – ел болмайды.
Дұшпанның сырты сұлу, іші – қара.
Дұшпанды дос тұтпа,
Дұшпандығын жасайды.
Дұшпан көпірінен де өтпе.
Менің көргенімді,
Дұшпаным да көрмесін.
Дұшпанға қарсы құрал әзірлеген –
Тұтқыр болады.
Құрал әзірлемеген – тұтқын болады.
Дұшпанды біреу шабады,
Атақты сәду алады.
Күні тайғанның дұшпаны қырағы.
Дұшпаныңның тұспалына сенбе.
Тату болсаң досыңмен,
Берерсің төтеп дұшпанға.
Ашу ақылдың дұшпаны,
Нәпсі иманның дұшпаны.
Табансыз соғыс,
Тағдырыңның дұшпаны.
Досың мың болса аз,
Дұшпаның біреу болса көп.
Досыңа көз алартсаң,
Дұшпаның семсерін жарқылдатар.
Мың досың аз, бір дұшпаның көп.
Кішкене қасың болса, үлкен пілдей көр.
Надан достан тура дұшпан артық.
Өлген соң арыстаннан тышқан артық,
Қадір білмес досыңнан дұшпан артық.
Ер дұшпансыз болмайды,
Есек тұсаусыз болмайды.
Дос - егіз, дұшпан - сегіз.
Дос жылата айтар,
Дұшпан күлдіре айтар.
Досыңа өтірік айтпа,
Дұшпаныңа сырыңды айтпа.
Доспен дос болғанға шаттан,
Дұшпанмен дос болғаннан сақтан.
Алыстағы дұшпаннан,
Аңдып жүрген дос жаман.
Аузың толған қан болса да,
Дұшпанның алдына төкпе.