meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Қыз туралы  ✍️


Басқа: 8
Мақал-мәтелдер жинағы: 154
Жұмбақтар жинағы: 4
Балаларға арналған тақпақтар: 15
Ақын өлеңдері жинағы: 908
Жаңылтпаштар жинағы: 6
Қанатты сөздер жинағы: 56
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 28
Баталар жинағы: 4
Туындылар: 3
Әңгімелер жинағы: 139
Ертегілер жинағы: 14
Поэмалар: 16
Шығармалар жинағы: 6
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 20
Аңыздар жинағы: 38
Эсселер жинағы: 5

Судың түбін шым бекітер,
Даудың түбін қыз бекітер.
Ұлың өссе – ұлы жақсымен жақын бол,
Қызың өссе - қызы жақсымен сыйлас бол.
Ұлдың ұяты – әкеге, қыздың ұяты – шешеге.
Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.
Қыз мінезді келсін,
Ұл өнерлі келсін.
Арсыз болса — қыз қорлық,
Ақылсыз болса — ұл қорлық.
Пұлыңды берсең, нарға бер,
Жолында жүк қалдырмас.
Қызыңды берсең ерге бер,
Жолдасын жауға алдырмас.
Қыз құшпаған ер арманда,
Қызғалдақ жемеген қозы арманда.
Бетеге, жусан — бел көркі,
Білімді ұл, қыз — ел көркі.
Әдепті елдің қыздары —
Қырмызы-қызыл жібектей.
Қызым келіннен ғибрат алып өседі,
Ұлым елімнен ғибрат алып өседі.
Ұлың өссе,
Ұяттымен ауылдас бол,
Қызың өссе,
Қылықтымен ауылдас бол.
Жаман етікші біз таңдайды,
Жаман жігіт қыз таңдайды.
Отаулап берген қыздың
Отын, суы аз болмас.
Жібекті түте білмеген жүн етер,
Қызды күте білмеген күң етер.
Озар елдің қызы мінезді,
Ұлы өнерлі келеді.
Бір жақсы қыз,
Екі жаман ұлға татиды.
Қыз кетсе — қуаныш,
Тұрақтаса — жұбаныш.
Қыз жоқ жерде — қызық жоқ.
Теңін тапсаң — тегін бер.
Жетім қыздың жеңгесі көп.
Қызғаншақтың қызы
Күйеусіз қалады.
Үкісіз қыз болмас,
Тікенсіз гүл болмас.