meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Жүрек туралы  ✍️


Басқа: 5
Мақал-мәтелдер жинағы: 63
Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 16
Ақын өлеңдері жинағы: 964
Қанатты сөздер жинағы: 96
Баталар жинағы: 1
Туындылар: 5
Әңгімелер жинағы: 17
Поэмалар: 1
Аңыздар жинағы: 2
Эсселер жинағы: 2

Жүрегім, нені сезесің
Жүрегім, нені сезесің,Сенен басқа жан жоқ па?Дүниені, көңілім, кезесің,Тиянақ жоқ па, қой, тоқта!Сезгеніңді сездіріп,Жете алмадың ортаққа.Тірі жаннан..
©  Абай Құнанбаев
Жүрегім менің қырық жамау
Жүрегім менің қырық жамауҚиянатшыл дүниеден.Қайтып аман қалсын сау,Қайтқаннан соң әрнеден.Өлді кейі, кейі — жау,Кімді сүйсе бүл жүрек.Кімі — қастық..
©  Абай Құнанбаев
Жастықтың оты, қайдасың
Жастықтың оты, қайдасың,Жүректі түртіп қозғамай?Ғылымның біліп пайдасын,Дүниенің көркін болжамай?Адамның тауып айласын,Кісілікті ойламай.Қаруын көңіл..
©  Абай Құнанбаев
Жастықтың оты жалындап
Жастықтың оты жалындап,Жас жүректе жанған шақ.Талаптың аты арындап,Әр қиынға салған шақ.Уайым аз, үміт көп,Ет ауырмас бейнетке.Бүгін-ертең жетем..
©  Абай Құнанбаев
Жаннан безген жырдан басқа, жас жүректің кімі бар?! 
©  Бернияз Күлеев
Оты сөнген ер жүрек қалар мұздап. 
©  Бернияз Күлеев
Жатсаң – ойда, тұрсаң – жырда, жанған жүрек емі бар. 
©  Бернияз Күлеев
Домбыраға қол соқпа
Домбыраға қол соқпа,Шымырлатып бір-бірлеп.Жүрегім, соқпа, кел тоқта,Жас келер көзге жүр-жүрлеп.Қайғылы көңілім қайдағыБұрынғымды жаңғыртар.Қайратты..
©  Абай Құнанбаев
Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол
Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол,Қаза көрген жүрегі жаралы – ол.Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,Зарланып неге әнге салады ол?Күйеу келтір, қыз..
©  Абай Құнанбаев
Білімдіден шыққан сөз
Білімдіден шыққан сөзТалаптыға болсын кез.Нұрын, сырын көруге,Көкірегінде болсын көз.Жүрегі - айна, көңілі - ояу,Сөз тыңдамас ол баяу.Өз өнері тұр..
©  Абай Құнанбаев
Ауру жүрек ақырын соғады жай
Ауру жүрек ақырын соғады жай,Шаршап қалған кеудемде тулай алмай.Кейде ыстық қан басып кетеді оны,Дөңбекшіген түндерде тыншыға алмай.Қараңғы саңырау..
©  Абай Құнанбаев
Алла деген сөз жеңіл
Алла деген сөз жеңіл,Аллаға ауыз қол емес.Ынталы жүрек, шын көңіл,Өзгесі хаққа жол емес.Дененің барша қуатыӨнерге салар бар күшін.Жүректің ақыл..
©  Абай Құнанбаев
Жүректерді жалғастырып ізгі леп
Жүректерді жалғастырып ізгі леп,
Қанша иыққа асылды екен қыз білек.
Қанша жігіт бола алды екен Төлеген,
Қаншама ару бола алды екен Қыз..
©  Ғабиден Қожахмет
Қыз жүрегi жылады
Бақыт таңы нұр боп атып күлгенде,
Сезiмiнiң жанып оты бiр демде,
Махаббатқа сенiм артып жүргенде,
Ару жүрек алданды.

Нұр жүзiнен күлкi қашып..
©  Ғабиден Қожахмет
Қыз-сезiм
Армандардың айдынын алса кемең,
Жүрек, шiркiн, соғады қанша елең.
Артық па екен, бiлмедiм, емес шығар,
Арналса да қыздарға қаншама өлең.

Жыр..
©  Ғабиден Қожахмет
Қырық деп соқты ағаның асыл жүрегі
Ұл менен қызы құдірет, күшке балаған
Адамның бәрі туады асыл анадан.
Анаңыз бір кез сізге де тірлік сыйлатып,
Қырыққа кепсіз, мінеки, сіз де..
©  Ғабиден Қожахмет
Шын беріле қызықтаған нәрсе ғана адамның жүрегінен орын алады.
©  Әл-Фараби
Жүректен қызық кеткенде, тәннен қуат кетеді.
©  Абай Құнанбаев
Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста,
Сонда толық боларсың елден бөлек.
©  Абай Құнанбаев
Сенісерге жан таба алмай, сенделеді ит жүрек.
©  Абай Құнанбаев
Жүрегімнің түбіне терең бойла.
©  Абай Құнанбаев
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
©  Абай Құнанбаев
Жүректі қозғайтын – жастықтың оты.
©  Абай Құнанбаев
Тіл жүректің айтқанына көнсе – жалған шықпайды.
©  Абай Құнанбаев
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.
©  Абай Құнанбаев