Дос туралы  ✍️


Басқа: 6
Мақал-мәтелдер жинағы: 204
Балаларға арналған тақпақтар: 24
Ақын өлеңдері жинағы: 589
Жаңылтпаштар жинағы: 3
Қанатты сөздер жинағы: 156
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 22
Туындылар: 2
Әңгімелер жинағы: 37
Ертегілер жинағы: 10
Поэмалар: 1
Шығармалар жинағы: 5
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 8
Аңыздар жинағы: 3
Эсселер жинағы: 2

Доссыз өмір — тұзсыз ас,
Достық құлпын байқап аш.
Аталы жау дос болмас.
Досыңмен айрылысқың келсе,
Атыңның майын бер.
Досқа ауырлығыңды салма,
Достан қарыз алма.
Асты көрсең, қадір тұт,
Досты көрсең, әділ тұт.
Тобылғылы шұбардан
Панасыз таудың несі артық?
Қадыр білмес туғаннан
Құныңды білер дос артық.
Аптада бір суға түспесең,
Тәніңді кір басады.
Аптада бір досыңмен сырласпасаң,
Жаныңды кір басады.
Ішерлік асың болсын,
Мінерлік атың болсын,
Істерлік ісің болсын,
Дос тұтқан кісің болсын.
Жоқ кездегі дос — дос,
Бар кездегі дос — бос.
Достың табанына кірген тікен,
Менің маңдайыма кірсін.
Мың дос көп,
Бір дос онан да көп,
Мың дос сырыңды шашады,
Бір дос мауқың басады.
Досыңа әзілді асырып айтсаң да,
Басынып айтпа.
Досты досқа қосқан — сауап,
Досты достан айырған — жауап...
Қорқақ жауды басындырады,
Досты ашындырады.
Пайдаңды басыңа қыл,
Басыңнан артылса, досыңа қыл.
Доссыз — көңіл тұл,
Махаббатсыз — өмір тұл.
Досы жоқ
Сырын кімге айтады?
Тыңдаушысы жоқ
Жырын кімге айтады?
Жаңа дос жаныңда жүргенде,
Ескі дос есіңде жүрсін.
Жаңа дос келгенде,
Ескі достың көзінен жас шығар.
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
Қайғың болса,
Досыңа бар.
Қарныңашса,
Қосыңа бар.
Есептескен — дос болмас.
Дос көргеннен түңілме.
Досыңмен көп сөйлеспе,
Жолынан қалдырарсың.
Дұшпаныңмен көп сөйлеспе,
Сырыңды алдырарсың.
Жаман дос:
Озып бара жатсаң
Етегіңді басады,
Қалып бара жатсаң
Қасыңнан қашады.
Дос — ажарың,
Жолдас — базарың.