meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Қаз туралы  ✍️


Басқа: 3
Мақал-мәтелдер жинағы: 17
Жұмбақтар жинағы: 13
Балаларға арналған тақпақтар: 6
Ақын өлеңдері жинағы: 50
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 1
Әңгімелер жинағы: 5
Ертегілер жинағы: 5
Аңыздар жинағы: 1

Ұр,тоқпақ!
 Бұрынғы өткен заманда бір шал мен кемпір болыпты. Шал мен кемпір кедей болып, тұзақ құрып күнін көреді екен. Бір күні шал тұзағын келіп қараса..
©  Балаларға арналған ертегісі
Көктем
Көтеріп күннің от лебін,Көгімнен түсті көктемім.Жылыта келді елімді,Жібіте таудың бөктерін.Көтеріп күннің от лебін,Көгерте күнгей шөптерін,Шулатып..
©  Әбділда Тәжібаев
Қараша торғай қаз болмас. 
©  Бұқар жырау
Қаздар
Бір ұзын алып қолға мықты шыбық,Қаздарын қалаға айдап шықты мұжық.Қуалап байғұстарды келеді ұрып,Асығып базар күнге жаны шығып.Тексерген мұжық ісін..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Он екі айда жаз келер
Он екі айда жаз келер,Құс алдында қаз келер.Айтып-айтпай немене,Дәуреніңіз аз келер.Сондай заман жеткенде,Шаңырағың тұл болар.Еліңе қауіп..
©  Бұқар жырау
Қаздар қайтып барады мекеніне
Қаздар қайтып барады мекеніне,
(Қанаты бар мақұлық кетеді де).
Қаз-қаз басып, қалтырап қария тұр
Дәрмені жоқ таяғын көтеруге.
Қарашаның қалықтап..
©  Мұқағали Мақатаев
Судан шықпас,
Су жұқпас.

Жауабы: Қаз бен үйрек
Өреді қайраңдап,
Келеді байпаңдап.
Қарғып түсіп өзенге,
Малтиды тайқаңдап.

Жауабы: Қаз
Судан шықса баладай,
Тәй-тәй басып қалады-ай.

Жауабы: Қаз
Қанаты бар, ұшпайды,
Адам қолда ұстайды.

Жауабы: Асыранды қаз
Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап.

Жауабы: Қаз
Ай астында жортқан,
Күн астында жортқан,
Күміс сырнай тартқан.

Жауабы: Қаз, қу
Балпаң-балпаң басады,
Адамнан қатты сасады.
Саусақтары салалы,
Қыста жылыға қашады.

Жауабы: Қаз
Қарға қарқылдап ұшқанмен қаз болмайды.
Біреудің тауығын жесең –
Қаз байла.
Малын жесең –
Қыз сайла.
Қарғаны қаз қойғанмен,
Қи шоқығанын қоймайды.
Жалғыз қаз қаңқылдамас.
Қазбен таласқан қарғаның таңы айырылар.
Қаз қозғалса, үйрек көлді жағалайды.
Көршілестің тауығы біреуге қаз боп көрінеді.
Сарала қаз көлін сағынар.
Жалғыз қаздың үні шықпас.
Жайнаған жер үсті,
Мекенмін келісті.
Бірінші әріп ауысса,
Айдынға ұшып қонамын.

жауабы
Жаз -Қаз
Жатам құстар тобына,
Азығымын адамның.
«Ы»-ны қоссаң соңыма,
Жылқы етімін – тағаммын.

жауабы
Қаз - Қазы
«Ж»-дан бастасаң,
Жыл мезгілі болады.
«Қ»-дан бастасаң,
Құсқа айнала қалады.

жауабы
Жаз - Қаз