meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Орта туралы  ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 136
Ақын өлеңдері жинағы: 11
Қанатты сөздер жинағы: 5
Эсселер жинағы: 1

Сөз білмесең үндеме, көп ішінде отырсаң.
Еңбек етсең өміріңше емерсің.
Ағаны көріп іні өсер,
Апаны көріп сіңілі өсер.
Атадан жақсы ұл туса,
Қар үстінде от жанар,
Атадан жаман ұл туса,
Ат үстінде ит қабар.
Адам болар баланың кісіменен ісі болар,
Адам болмас баланың кісіменен несі бар.
Көсеу ұзын болса, қолың күймес
Ағайының көп болса адам тимес.
Арғымақты жамандап, кәні, тұлпар тапқаның,
Ағайынды жамандап, кәні, туған тапқаның.
Құдай маған түйедей бой бергенше, түймедей ой бер.
Білмеген мың бәлеге тұтылар,
Білген мың бәледен құтылар.
Бұрынғының айтқаны бұрыс кетпес.
Өнерлі өлмес, өнерсіз күн көрмес.
Алған сабағың біреу болсын, тоқуы мың болсын.
Ер - бас,
Қатын - мойын.
Қатының тентек болса,
Қамшың жуан болсын.
Үйіңде екі қатының болса ойран болар,
Екі сиырың болса айран болар.
Баланы - жастан,
Қатынды - бастан.
Жаман еркек той бұзар,
Жаман әйел үй бұзар.
Жақсы қатын үй дәулеті,
Жақсы шапан той дәулеті.
Елсіз көлге бақа айғыр,
Қатындарға жалшы айғыр.
Бәйбіше құдай бұйрығы,
Тоқал иттің құйрығы.
Екі қатын алғанның дау үйінде,
Жаман қатын алғанның жау үйінде.
Алты ұл тапқан әйелді ханым десе болмас па,
Аға деген жігітті жаным десе болмас па.