meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Әке туралы  ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 55
Жұмбақтар жинағы: 8
Балаларға арналған тақпақтар: 56
Ақын өлеңдері жинағы: 416
Қанатты сөздер жинағы: 31
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 48
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 97
Ертегілер жинағы: 4
Поэмалар: 6
Шығармалар жинағы: 6
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 10
Аңыздар жинағы: 7
Эсселер жинағы: 15

Бір әке отыз ұлды асырайды,
Отыз ұл бір әкені ауырсынады.
Алпыстағы әкеңнің
Артық күшін пайдалан.
Әкесіз жетім – құр жетім,
Шешесіз жетім – тұл жетім.
Әкенің тоны шақ келсе,
Әкені бала жоқтамас.
Жетесіз ұл әкесіне тіл тигізеді.
Әкесі тете атпаса,
Шешесі май сатпас еді.
Әкесінің ақшасына үйленген,
Әйелінің қадірін білмейді.
Адал туған бала –
Әкесіне пана.
Ақымақ әкесін өлтіргенмен дос болады.
Әкесі құрдастың, баласы құрдас.
Ұлдың ұяты – әкеге, қыздың ұяты – шешеге.
Әкеңнің өлгенін жасырсаң, көмгенде қайтесің?
Әкесі өлгенді де естіртеді.
Шешеге қарап қыз өсер,
Әкеге қарап ұл өсер.
Жақсы әке жаман балаға,
Қырық жылдық ризық.
Әкемнің өлерін білсем.
Өнерін сатпас па едім.
Жылайын деген бала,
Әкесінің сақалымен ойнайды.
Әкесі бардың ырысы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
Әке тұрып бала сөйлесе,
Ер жеткені.
Шеше тұрып қыз сөйлесе,
Бой жеткені.
Баласынан айрылған әке
Таяғына сүйенер.
Әкеден — ақыл,
Анадан — мейір.
Әкең өлсе өлсін,
Әкеңді көрген өлмесін.
Әкенің жақсылығы жездедей-ақ.
Жақсы әке жаман балаға,
Қырық жыл азық.
Әкеден безген ұл болмас,
Анадан безген қыз болмас.