Мұз туралы  ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 13
Жұмбақтар жинағы: 22
Балаларға арналған тақпақтар: 7
Ақын өлеңдері жинағы: 37
Жаңылтпаштар жинағы: 4
Қанатты сөздер жинағы: 2
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 3
Ертегілер жинағы: 1
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1

Боран
Күннiң ашық жайдары,Аяқ асты тайды әрi:Жаңбыр жауып,Қар ерiп,Айна мұзға айналды.Ертеңiне,Екпiндеп,Боран соғып, кеттi үдеп:Мұздың үстiн..
©  Өтепберген Ақыпбекұлы
Мұз-палуан
Жөнеп кетпей ызғып бiр,Машиналар сырғып жүр.Әйнек қаптап қойғандай,Көше, алаң –Жып-жылтыр.Ауа салқын, шыңылтыр,Бiр тылсым күш бұғып тұр:Бейқам жанды..
©  Өтепберген Ақыпбекұлы
Ауыздан шыққан суық сөз жүрекке жеткенше мұзға айналады.
©  Ілияс Есенберлин
Мезгіл жетсе, мұз ерір. 
Қыс
Қыс, қар, мұз, қырау, қылау - жерді көміп,Бұлт бүркеп, тұман төніп, баса шөгіп,Жер-көкті аяз бүріп, қызыл жалап,Бұрқ-сарқ боран құсып, шашып..
©  Ілияс Жансүгіров
Мұз мұзға ұқсас,Тұз тұзға ұқсас,Мұз да, тұз да ұқсас.
Жақсы мінез сабақтары - МҰЗДА АБАЙ БОЛ!
Қыс кезі. Өзен, көлдердің бетінде мұз қатқан. Сен коньки теуіп, хоккей ойнағанды жақсы көретін шығарсың? Абайла! Мұз қатып тұрған сияқты болғанмен..
©  Гүлтас Құрманбай
Мұз жалаған мал өспес,Мал қажаған тал өспес.
Мұзға мұз ұқсас,Тұз – тұзға ұқсас,Мұз да, тұз да ұқсас.
Тілазар
– Тазалашы, мұз болғанЕсік алды тайғанақ!– Жата берсін, біз оғанТеуіп жүрміз сырғанақ! –Шыға беріп ЖалтаңбайҰшып түсті қалпақтай!
©  Қадыр Мырза Әли
Аяз – жеңгем
Аяз, аяз!Бозарды бет шымырлап,үлпек қарда ізім қалды қыбырлап.Қыс келгенін, мұз басқанын даланы,суық жел тұр құлағыма сыбырлап.«Бұрынғыдай..
©  Жұмекен Нәжімеденов
ШыңылтырКөкше мұзЖып-жылтыр.
Қайғы
Асты мұз, үсті де мұз, өзі қалың,Ақ дария қаптаған жердің бәрін.Көріп тұрмын «жаныңды қоймаймын» деп;Терісінен суық желдің..
©  Сұлтанмахмұт Торайғыров
Сең
Сары аяз - сүйген жарҚайрылмай кеткен соң,Қайратсыз қалың қарЖылаумен біткен соң.Жел сипап, Күн күліп,Мазақ қып сүйген соңБоларын бір сұмдықІшінен..
©  Мағжан Жұмабаев
Қыс
Декабрь жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен..
©  Міржақып Дулатұлы
Мұздама, жылы жүрегім
Дәрменсіз, ойсыз шарқ ұрып,
Қалғанша қатып қайғыға.
Дариям бітіп, тартылып,
Кіргенше өлім койнына.
Мұздама, жылы жүрегім,
Сөнгенше сәулең..
©  Мұқағали Мақатаев
Адам тимей қағанағым жарылды.

Жауабы: Мұз
Қарағайсыз, тақтасыз,
Көпір салдым балтасыз.

Жауабы: Мұз
Суда жаралады,
Суда жоғалады.

Жауабы: Мұз
Шешесі — су да,
Әкесі — суық.
Көктемде өлер,
Күз күні туып.

Жауабы: Мұз
Өзі көкшіл,
Кейде кекшіл,
Тегі көктен,
Қалың шөптен.

Жауабы: Мұз
Ақбоз десең ақбоз,
Көкбоз десең көкбоз.

Жауабы: Мұз
Өзі судан жаралған,
Бірақ судан қорқады.

Жауабы: Мұз
Суға батпайды,
Отқа жанбайды.

Жауабы: Мұз
Шешесі-су да, әкесі-суық,
Көктемде өлер күзгүні туып.

жауабы
Мұз