meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Береке туралы  ✍️


Басқа: 3
Мақал-мәтелдер жинағы: 25
Ақын өлеңдері жинағы: 16
Қанатты сөздер жинағы: 9
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 1
Әңгімелер жинағы: 1
Шығармалар жинағы: 1

Ырыс, береке
– Бұл үйдің берекесі келінде екен ғой, - деді қонаққа келген қария әйелі жоқ үйден береке кете бастағанын аңғартып. – Бұрын талай келіп жүргенде..
Береке бірлігіңнің бастауы
Береке бірлігіңнің бастауы – Әйел,Басыңнан бақ шіркіннің қашпауы – Әйел.Есіктегі басыңды төрге сүйреп,Жамандықты жуытпай тастауы – Әйел.Жаман болса..
©  Абдулмахмуд Пошатаев
 Қой бағыңдар, өйткені береке сонда.
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
 Тағамды суытыңқырап ішіңіз, өте ыстық күйінде оның берекесі болмайды.
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Еңбек түбі — береке.Көптің түбі — мереке. 
Бабын тапсаң — байлық жерде.Береке, салтанат елде. 
Еститұғының қашанда бірлік-береке
Еститұғының қашанда бірлік-береке,Ұйыған соған мызғымас болып дәнекер.Сауданың бәсін дәл тауып айтқан мақалдап,Қайран аңқау ел ұжмақты әлі..
©  Тұрсынхан Әбдірахманова
ҮЙДЕН БЕРЕКЕ ҚАШТЫ.
Маған дайректке келетін біраз хаттар отбасы, жанұя тақырыбына қатысты. Барлық отбасындағы келенсіз жағдайлар болып қалса, бірден ашуға салынып, сол..
©  Қабылбек Әліпбайұлы
Ең үлкен бақытсыздықтың артында көл-көсір береке барына сеніңіз. Себебі, біз сол арқылы өткенде осыған жете аламыз... 
©  Габриэль Гарсиа Маркес
 Алтау ала болса, Ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, Төбедегі келеді.
*Ынтымақ,   береке,   бірлік  ..
©  Гүлтас Құрманбай
БЕРЕКЕ БАСЫ-БІРЛІКТЕ
Айтылуда ақ тілек,Қуаныш пен бақ тілеп.Ағылуда жұрт түгел,Келін келіп қапты деп.Бұлттанба, күн, ашықта,Жар көңілін жасытпа.Қонағыңды сыйлағын,Сабырлы..
©  Асаба (тамада)
Әділдік жоқ жұртта береке-бірлік болмайды, байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздемей, жұртты тонап, момынды жылатып іздеген мырзалар - қысты күні..
©  Әлихан Бөкейханов
Сабырлылық алдында дұшпан сасады,
Сабырсыздан береке қашады.
©  Бауыржан Момышұлы
Бәле әкелер рас сөзден жырақта,
Берекелі жалған сөзге тұрақта.
Алынар ақша кешіксе,
Алатын адамның берекесі кетеді.
Еңбексіз береке жоқ,
Еңбекте мереке көп.
Берекесіздің ауылы - мерекесіз.
Көпшіліктен береке кетпес.
Берекелі жерден мереке кетпес.
Бұлт қайда орнаса,
Береке сонда шөгеді.
Қайраты бар кісінің, берекеті бар ісінің,
Қайраты жоқ кісінің, берекеті жоқ ісінің.
Ел жүрген жер — береке,
Ер жүрген жер — мереке.
Балық іздесең, көлге бар,
Береке іздесең, елге бар.
Елдің іші —береке,
Көптің іші — мереке.