meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Сақтық туралы  ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 63
Балаларға арналған тақпақтар: 2
Ақын өлеңдері жинағы: 11
Қанатты сөздер жинағы: 12
Баталар жинағы: 1

Құмарлыққа әділетсіздік пен пайдакүнемдік сондай тән, сондықтан оған сену қауіпті, тіпті ақылға сыйымды болып тұрса да сақтанған абзал. 
©  Франсуа де Ларошфуко
Кішкентай сақтық үлкен көңілсіздікке қарағанда жақсы.
©  Джордж Самуэл Клейсон
Аңғарғыш аңшы ауын алыстан тастайды. 
©  Құтып
Менің өмірден байқағаным қарттық пен сақтық қатар келеді екен.
©  Роберт Де Ниро
Денсаулығың бар кезде жүгірмесең, аурушаң болғанда жүгіруіңе тура келеді.
©  Гораций
Сақтық маңызды, бірақ жайбасарлық қауіпті.
©  Ричард Брэнсон
Бойкүйез, арамтамақ жатып ішер,
Жаман дерт осы бастан сақтаныңдар.
©  Кенен Әзірбаев
Сақтық батасы
Уа, құдайым, тілегімді қабыл ет,
Иманымды кәміл ет.
Тозақта жанған оттан сақта,
Қаңғырып тиген оқтан сақта.
Парақор соттан сақта,
Кірлі сумен..
Бұл өмірдің балында ара бар, сақтан.
Болма босаң, сақта сақтық іргесін,
Төтен бәле иектеп ап жүрмесін.
Әр істе сақтық керек.
Айдап сал жаққан от жанса,
Сақтықтың суын сеп.
Құдай баққанды,
Құдай сақтайды.
Иесі лайық тап болса,
Қара күшік сақ болар.
Сақтанған саламатқа жеткен.
Ордалы жыланмен ойнама.
Аузы күйген үрлеп ішеді.
Сауысқаннан сақ бол.
Қарап жатқан жыланның құйрығын баспа.
Аузың толған қан болса да,
Дұшпанның алдына төкпе.
Шөлмек мың күн сынбайды,
Бір күн сынады.
Аспанға қарай оқ атпа,
Өзіңнің түсер басыңа.
Ежелгі жауда елдік жоқ.
Жау қайда деме, жар астында,
Бөрі қайда деме, бөрік астында.