Арық туралы  ✍️


Басқа: 5
Мақал-мәтелдер жинағы: 15
Жұмбақтар жинағы: 2
Ақын өлеңдері жинағы: 7
Жаңылтпаштар жинағы: 3
Қанатты сөздер жинағы: 2
Әңгімелер жинағы: 1
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1

Арықты күтсең —тойынар,Кәріні күтсең — сойылар. 
Қорқақтықтың белгiсi,
Арықты да жар дейдi.
Кертартпаның белгiсi,
Кең дүниенi тар дейдi.
©  Дулат Бабатайұлы
Арық малға суық өш,
Даулы кісіге әкім өш.
Бар-бар, атым бар,
Жүйрік қана затым бар.
Жылқыға ұқсап кісінемес,
Қолға ұстасам, тістемес.

жауабы
Арықтың суы
Аш адам ұрысқақ, арық адам тырысқақ.
Аштықтың – тоғы,
Арықтың семізі бар.
Арықпын деп ауызды ырсита беруге бола ма?
Қазарсың арықты,
Көрерсің жарықты.
Жақсы менен жаманның жаны бірдей,
Арық пенен семіздің қаны бірдей.
Алты ай баққан арықты бір түн ұрындырған өлтіреді.
«Ж» әрпімен бастасаң,
Көрінеді бар маңым.
«Ж»-ны сызып тастасаң,
Су ағатын арнамын.

жауабы
Жарық - Арық