Сөз туралы  ✍️


Басқа: 3
Мақал-мәтелдер жинағы: 508
Жұмбақтар жинағы: 6
Балаларға арналған тақпақтар: 10
Ақын өлеңдері жинағы: 488
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 205
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 3
Туындылар: 4
Әңгімелер жинағы: 41
Ертегілер жинағы: 1
Поэмалар: 3
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 3
Эсселер жинағы: 1

Көңіл көзін сөз ашар,Сөйлемесе, кір басар
©  Самет Оқанұлы
Ауруда шаншу жаман,Сөзде қаңқу жаман
©  Самет Оқанұлы
Жылы киім тәнді жылытар,Жылы сөз жанды жылытар
©  Самет Оқанұлы
Жаманның сөзі көңіл қалдырғандай,Жақсының сөзі мейір қандырғандай
©  Самет Оқанұлы
Текті сөзге темір қақпа да ашылады
©  Самет Оқанұлы
Тұрақсыз адам тұрлаулы сөзден қашады
©  Самет Оқанұлы
Аз сөз – алтын,Көп сөз – көмір
©  Самет Оқанұлы
Жақсының сөзі кіші, ойы биік
©  Самет Оқанұлы
Жақсының сөзі – шәрбат,Шөлдегеніңде қанып іш
©  Самет Оқанұлы
Сөз қанша мəнсіз болам десе де мəнсіз бола алмайды.
©  Поль-Мишель Фуко
Қиялға сиятынның, білімге айналатынның бəрі – сөзден табылады.
©  Поль-Мишель Фуко
Жақсының өзі де жақсы,Сөзі де жақсы
©  Самет Оқанұлы
Жақсы сөз тасты жібітер,Жаман сөз басты шірітер
©  Самет Оқанұлы
Сіз-біз деген жылы сөз, Тірліктің ғаниметі
©  Самет Оқанұлы
СӨЗ ҚАНША МƏНСІЗ БОЛАМ ДЕСЕ ДЕ – МƏНСІЗ БОЛА АЛМАЙДЫ
©  Поль-Мишель Фуко
Сөз – бұрғы: біреуі – терең, біреуі – тайыз теседі.
©  Людвиг Витгенштейн
Сөз – терең судың бетіндегі жұқа шілтер тəрізді.
©  Людвиг Витгенштейн
Көп сөзді ұғуға болмас,Биік шоқыны июге болмас.Бұл мақал сөзді ұзартпауға үндеп айтылады.
©  Түркі халықтары
Сөздің мағынасы əрекет үстінде ашылады.
©  Людвиг Витгенштейн
Ер жігіттің сөзі бір(еу),Ердің көгі үш(еу).Бұл мақал ер-азаматтарды айтқан сөзі мен уəдесінде тұруға шақырып айтылады.
©  Түркі халықтары
Сөз аузыңнан шыққанша ғана сенікі, ал аузыңнан шыққан соң оған ие бола алмай қаласың.
©  Жәди Шәкенұлы
(Шақпақты) шақса – (от) тұтанар,(Сөз) ұғындырылса – (ой) білінер.
©  Түркі халықтары
Ақылды сөз алтын табаққа жеткізер.
©  Түркі халықтары
Қарияның сөзі бекер болмас,Жалғыз шыбық бақша болмас.
©  Түркі халықтары