Құс туралы ✍️
Басқа: 9
Мақал-мәтелдер жинағы: 127
Жұмбақтар жинағы: 23
Балаларға арналған тақпақтар: 46
Ақын өлеңдері жинағы: 238
Жаңылтпаштар жинағы: 8
Қанатты сөздер жинағы: 16
Туындылар: 4
Әңгімелер жинағы: 30
Ертегілер жинағы: 12
Шығармалар жинағы: 2
Аңыздар жинағы: 6
Иттің табаны қышыса, керуенге ереді.
Ит баласы жырымға қарайды,
Құс баласы қырымға қарайды.
Құс баласы қырымға қарайды.
Саятшылық сабырлыға жарасар.
Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан.
Алпыс қарсақ ат болмас.
Қоянның қарамын көр де, қалжасынан түңіл.
Қашқан қоян, жатқан қоянды ала кетеді.
Құлан қырда, құндыз суда.
Құстың қуы сауысқан.
Өлі бөріден ит аттамас.
Ауыл иті ала болса да,
Бөрі келгенде бірігеді.
Бөрі келгенде бірігеді.
Ел қонбай, ит тынбас.
Жетектеген төбет қораға үрмес.
Ит бір сүрінсе, қырық сүрінеді.
Жақсы ит иесінің көз-құлағы.
Құмай тазы қуғанын алады.
Қабаған ит қайыр байлайды.
Жоны қашқан итке өлексе жоламас.
Ит жеңгенін талайды.
Байлаулы ит үреген,
Байлаусыз өгіз сүзеген.
Байлаусыз өгіз сүзеген.
Қағынан құлан жерісе, су таба алмай шөлде өлер.
Ит үреді, керуен көшеді.
Ит құтырса — иесін қабады.
Қарақұс қайырғанмен бүркіт болмас.
Міріден сірі айырады.