Өлім туралы  ✍️


Басқа: 5
Мақал-мәтелдер жинағы: 112
Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 299
Қанатты сөздер жинағы: 84
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 30
Поэмалар: 3
Аңыздар жинағы: 5
Эсселер жинағы: 1

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.„Мені" мен „менікінің" айрылғанын„Өлді" деп ат қойыпты өңкей білмес.Көп адам..
©  Абай Құнанбаев
Әбдірахман өлгенде
Арғы атасы қажы едіБейштен татқан шәрбәтті.Жарықтықтың өнеріАйтуға тілді тербетті.Адалдық, ақыл жасынанҚозғапты, тыныштық бермепті,Мал түгіл жанға..
©  Абай Құнанбаев
Әбдірахман өлген соң өзіне айтқан жұбатуы
Бермеген құлға, қайтесің,Жұлынарлық ерікті.Ажал тура келген соң,Шыдатпайды берікті.Ғаріптікке көз жетті,Алғаннан соң серікті.Өмірін берген..
©  Абай Құнанбаев
Әбдірахман өліміне
Талаптың мініп тұлпарын,Тас қияға өрледің.Бір ғылым еді іңкәрің,Әр қиынға сермедің.Көзіңді салдың тұрғыға,Бейнетін қиын көрмедің.Бірге оқыған..
©  Абай Құнанбаев
Әбдірахман өліміне
Жиырма жеті жасындаӘбдірахман көз жұмды.Сәулең болса басында,Кімді көрдің бұл сынды?Дүниелікке көңілі тоқ,Ағайынға бауырмал.Тәкаппар, жалған онда..
©  Абай Құнанбаев
Әбдірахман өлгенде
Тұла бойың ұят-ар едің,Ескеріп істеп, ойлаған.Тәуекелге нар едің,Талаппен терең бойлаған.Ерлікке де бар едің,Үйренуге тоймаған.Жасқа жас, ойға кәрі..
©  Абай Құнанбаев
Онегиннің өлердегі сөзі
(А. С. Пушкиннен)Жарым жақсы киім киіп,Келді жанға жылы тиіп.Диуана болды бұл көңілім,Басылмай бір құшып, сүйіп.
Бойым тұр дал болып ұйып,Көңілім..
©  Абай Құнанбаев
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?Махаббат, ғадауат¹ пен майдандасқан,Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?Амалсыз..
©  Абай Құнанбаев
Жаманбаланың баласы өлгенде
Белгілі сөз: «өлді, өлді»,Белгісіз оның мекені.Не халатқа¹ әурілді²,Қайда қандай екені.¹Халат (арабша) — хәл-жай, жағдай. Бұл арада не хәлге, нендей..
©  Абай Құнанбаев
Өмір – өзен, өлім – құрдым. 
©  Бернияз Күлеев
Құл десең биді — күледі,
Құл десең құлды — өледі.
©  Міржақып Дулатұлы
Өмір үшін істесең де, өлім үшін істесең де, жұмысыңды тиянақты істе.
©  Джон Рескин
Сен жуырда өлесің
Барлық жанның арасынан
сені ғана таңдаймын,
саған хабар арнаймын,
Сен жуырда өлесің,
басқалардай жағынып,
сені алдауға бармаймын,
Бетіңе..
©  Мұқағали Мақатаев
Тірі адамдар өлмесін
Өлім, өлім, өлім деп,
Неғыламыз күрсініп.
Өлген адам көмілмек,
Тірі адамға - тіршілік.
Өлім, өлім, өлім деп,
Өкінеміз несіне.
Өлген адам..
©  Мұқағали Мақатаев
Кейде мен өлілерге қатты қызығамын. Өйткені олардың бос уақыттары өте көп.
©  Роберт Де Ниро
Өлімге де - мал керек, батырға да - жан керек.
©  Шортанбай Қанайұлы
Бір күні өлім келетінін мойындай білу керек. Мәңгілік көктемді армандауды доғарсаңыз, жаз бен қыс та бақыт сыйлайды.
©  Брюс Ли
Барлық адамның тағдыры бір жерде түйіседі: құл да өледі, қожайын да өледі.
©  Жүсіп Баласағұни
Бұл дүниеде екі-ақ есік бар: бірі - өмірге қарай ашылады, екіншісі - өлімге қарай ашады. Бірінші есікке енген адам — екінші есікке де енеді.
©  Жүсіп Баласағұни
Өмір — күшті, өлім — одан да күшті.
©  Жүсіп Баласағұни
Өлім келсе - өкінбей-ақ бара бер,
Зарлағанмен естімейді қара жер.
©  Жүсіп Баласағұни
Қара бет болып қашқанша,
Қайрат көрсетіп өлген артық!
©  Бауыржан Момышұлы
Жауды өлтірсең - өлімнен құтылдың,
Өлтірмесең – өлімге тұтылдың.
©  Бауыржан Момышұлы
Өлімнен қорқуға болмайды. Еңбекке қабілеттіліктен айырылудан қорқу керек.
©  Бауыржан Момышұлы