Көз туралы  ✍️


Басқа: 8
Мақал-мәтелдер жинағы: 112
Жұмбақтар жинағы: 48
Балаларға арналған тақпақтар: 10
Ақын өлеңдері жинағы: 307
Жаңылтпаштар жинағы: 2
Қанатты сөздер жинағы: 32
Туындылар: 2
Әңгімелер жинағы: 24
Ертегілер жинағы: 2
Поэмалар: 1
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 4

Көз керген қазақ батыры
Көз керген қазақ батыры,
Алысқа кеткен дағбыры.
Хан Кенедей ер қайда,
Шейіт боп кеткен тағдыры!?
Өлшеулі күні біткен соң,
Алладан ажал жеткен..
©  Шортанбай Қанайұлы
Ақиқатты тек ақылды көздермен ғана көруге болады.
©  Мұзафар Әлімбаев
Жұмулы көз - жүйрік ойдың алаңы.
©  Мұзафар Әлімбаев
Көз бен қол — көңiлдiң жалшысы.
©  Мұзафар Әлімбаев
Көздер сөйлей алады. Қуаныштан күле де, жылай да алады. Көздермен естен адастыруға да, жылата да аласың. Сөздермен алдауға болады, бірақ көзбен алдау..
©  Омар Хайям
Бір дария жерде де емес, көкте де емес,
Болғанда түбі терең, аузы кемеш,
Ішіне ит түссе де арам емес.

Жауабы: Адамның көзі
Оймақтай қос көл жатыр,
Ортасында бел жатыр.

Жауабы: Көз бен мұрын
Айдын көлді айнала
Солдаттар тұр сайлана.

Жауабы: Көз бен кipпiк
Қатуды білмейтін қос қайнар.

Жауабы: Көз
Аралайсың әлемді,
Шаршамайды ол енді.

Жауабы: Көз
Бір беткейде екі көл.

Жауабы: Көз
Жағасы құрақ,
Мөлдір суат.

Жауабы: Көз
Ғашық адам белгі берер түстен де —
Ол білінер көзі көзге түскенде.
©  Жүсіп Баласағұни
Біз өз көзімізге сенеміз – бірақ оларға сенуге болмайды; біз өз жүрегімізге де сенеміз – бірақ оған да сенуге болмайды. Есте сақтаңдар, шәкірттерім:..
©  Конфуций
Білмеген (надан) көзі болса да — соқыр,
Тірі жүрсе де — өлік.
Бойдақтың ақылы — екі көз.
Әкімнің көңілінде болғанша,
Көзінде бол.
Әкіміңнің көзі соқыр болса,
Бір көзіңді қысып жүр.
Аталы баланың өзі тойған,
Жетім баланың көзі ғана тойған.
Ата-анаға алара қараған көз азар көрсетеді.
Ақыл — шам-шырағың түндегі,
Білімділік — жарық көзі күндегі
Ақша ақылды адамның да көзін тұндырады,
Ашкөздік ұшқан құсты да торға түсіреді.
Ақша барда көп жүрсең,
Көзің бір күн қарығар.
Сонаршыға із керек, із танырға көз керек.
Айла білген кісілер
Көзіңді байлап алдайды.