meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Ер туралы  ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 389
Жұмбақтар жинағы: 3
Балаларға арналған тақпақтар: 3
Ақын өлеңдері жинағы: 144
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 55
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 11
Ертегілер жинағы: 1
Шығармалар жинағы: 4
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1
Аңыздар жинағы: 8
Эсселер жинағы: 4

Бар ізгілік түйсіктіге саяды,
Ер біліммен өсіп, атын жаяды.
Әдептік ерге керек,
Екінші қызға керек.
Ат шабады, ер шаттанады.
Асың барда ер таны беріп жүріп,
Атың барда жер таны желіп жүріп.
Ат арыса тулақ,
Ер арыса әруақ.
Ат баспан деген жерін басар,
Ер көрмен деген жерін көрер.
Асыққан ісін бітірмес,
Ақылды ер атын жетермес.
Алған қатын ақылды, ізгі болса,
Ол еріне жан болар.
Ақымақ, жауыз болса,
Құр жұмысқа жар болар.
Ақылды ер адамнан айып іздемейді,
Өнер іздейді.
Ақылды ер әр адамның көңілін аулар,
Күйзеліп күнде күншіл жоқты даулар.
Ақылды ердің көзін ақша байлайды,
Қыл тұзақта құс құлқынын ойлайды.
Қыран құс – ер жолдасы.
Азат жанды құл қылайын десеңіз,
Шүлен тарат, қайтар содан есеңіз.
«Жомарт» ат берген ерге тағылады,
Ел-жұрты соған қарай ағылады.
Өзін-өзі білген ер бақытты,
Өзін-өзі билеген ел бақытты.
Жаман ерге мал бітсе,
Жанына қоңсы қондырмас.
Қатыны ерге қарайды,
Ері жерге қарайды.
Ер аштан өлмейді,
Намыстан өледі.
Ер — әлімен,
Жер — кенімен.
Ер еңбегін жер жұтпайды.
Жалғыз аттың шаңы шықпайды,
Жалғыз ердің даңқы шықпайды.
Ер қатесіз болмайды,
Көл бақасыз болмайды.
Алған ері жарасса,
Қара қатын ақ болар.
Ер көрге де күліп кіреді.
Әйелі жақсы болса,
Ері де керім.