meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Білім туралы  ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 214
Жұмбақтар жинағы: 8
Балаларға арналған тақпақтар: 37
Ақын өлеңдері жинағы: 111
Жаңылтпаштар жинағы: 2
Қанатты сөздер жинағы: 222
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 1
Туындылар: 3
Әңгімелер жинағы: 19
Шығармалар жинағы: 6
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 2
Эсселер жинағы: 8

Жалпы өнер білімнің ішіне ана тілі болуы да кіреді һәм мұның керісінше ана тілі болудан ұлттың білім өнері табылады. Ана тілін білмей тұрып, ешбір..
©  Ғұмар Қараш
Шәкірт балаларға
Балдыраған балғын балалар,Мойнына қызыл байлаған»Майысып сұлу мәуесіТүрлерің гүлдей жайнаған.Мектеп боп ынтық — әуесі,Жасынан білім..
©  Жамбыл Жабаев
Мұғалімдерге сәлем
Кәрі, жасын елімнің,Тұнығына білімніңЖүздірген тау бұлақтай,Таңдауындай тарихтың,Көзін ашып халықтыңТүнде жанған шырақтай, —Оқытушы..
©  Жамбыл Жабаев
Үлкен МХАТ-қа
Ел өссе жер үстінде, мендей өссін,Сталин бақшасында гүлдей өссін,Өрістеп ұлы ұяда, қыз қияда,Мұхиттай суы шалқып, желдей өссін.Ел өссе, мендей болып..
©  Жамбыл Жабаев
Ғалім ініме
(Академик Келлерге)Қош келдің, ағаңды іздеп ғалім інім,Жасарған Сталинмен жаңа өмірім,Асауын табиғаттың бағындырған,Тілегім — өрістеген оқу..
©  Жамбыл Жабаев
Іздедім, іздесем де таба алмадым
Іздедім, іздесем де таба алмадым,Табам деп езімді-өзім неге алдадым.Адамның адам аты ақталмайды,Бейнет қыл, бар білгенім соны аңғардым. 
©  Сұлтанмахмұт Торайғыров
Өмірімнің уәдесі
Оллаһи! Ант етемін алла атымен,Орыс тілін білемін һәм хатымен,История, география пәнді білмей,Оллаһи, тірі болып жүрмеспін мен.Келгенше осыларды отыз..
©  Сұлтанмахмұт Торайғыров
Ұлт
«Кәпір» бар, «мұсылман» бар — барлығы адам.Оларды алалайтын қандай надан!Өнер, білім, әділет кім қолдаса,Қай ұлт болсын..
©  Сұлтанмахмұт Торайғыров
Қызы бар жалғыз үйде жеке жатқан
Қызы бар жалғыз үйде жеке жатқан,Он сомдық ылғи алтын шолпы таққан.Білімсіз көп наданның бірі бұ да,Несі артық бояп койған қуыршақтан?
Қыздың да..
©  Сұлтанмахмұт Торайғыров
Қазақ тілі
Сүйемін туған тілді - анам тілін,Бесікте жатқанымда-ақ берген білімШыр етіп жерге түскен минутімненҚұлағыма сіңірген таныс үнім.
Сол тілмен шешем..
©  Сұлтанмахмұт Торайғыров
Оқу
Бүгіндегі жастарға оқу міндет,Тек кана оқуменен өнер білмек,Өнер-білім, адалдық, ар-намыстыЖоятын надандық қой емсіз індет.
Бар қиынды тек қана..
©  Сұлтанмахмұт Торайғыров
Орнымыз медресе оқып жатқан
Орнымыз медресе оқып жатқан,Талайлар оқу оқып өнер тапқан.«Аз-көп» деп, бергеніңді молда сөз ғып,Әуелден ресім жоқ ғылым сатқан.Өнер ғой..
©  Сұлтанмахмұт Торайғыров
М....ға
Жұмыр бас, дөңгелек бет, орта бойлы,Толық шеке сыпаттар терең ойды.Тік иық, шын бұраң бел, қардай еті,Сұлу сымбат көркіне көңілім тойды.
Кең біткен..
©  Сұлтанмахмұт Торайғыров
Адамға тіл, құлақ қандай керек болса... білім де сондай керек. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Балаларға көп үйретем деп, асығып шала-шарпы үйретуден, аз да болса, анықтап нық үйрету абзал. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Фантазия білімнен маңыздырақ. Өйткені білімнің шегі бар. 
©  Альберт Эйнштейн
Менің кабинетімде бір шкаф бар. Оның ішінде менен де артық білетін энциклопедиялар жатыр. Бірақ Нобель сыйлығын шкаф емес, мен алдым. 
©  Альберт Эйнштейн
Жігіттер күн болды ойланарлық...Асыл сол ақыл, білім бойда барлық. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Талаптан да білім мен өнер үйрен,Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Егін сал...
Егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ,Білім білген әр істе шебер болмақ.Қол өнерден пайда қыл үйреніп ап -Кетпес дәулет осы ғой әмбеге хақ. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Білім беру саласында "ар білімі" деген білім оқытылуға тиіс деп ойлаймын. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Үйренсе білім менен сан өнерін,Білер еді-ау өнердің не берерін. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Сорлы қазақ
Сорлы қазақ жаны алқымға тығылып,Қара күн кеп, тіккен туы жығылып,Алға баспай, барлық ісі кер кетіп,Нәр тата алмай, күшсіз, әлсіз бүгіліп,Оқу-білім..
©  Мағжан Жұмабаев