Жаман туралы  ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 393
Балаларға арналған тақпақтар: 4
Ақын өлеңдері жинағы: 69
Жаңылтпаштар жинағы: 2
Қанатты сөздер жинағы: 93
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 7
Шығармалар жинағы: 1
Аңыздар жинағы: 1

Жаманның досы көп,
Жанына пайдасы жоқ.
Жаман нағашысын да танымайды.
Жаман ит жазда да тамақ дәметеді.
Жаманның тапқаны – жапалақ.
Жақсыны сөз өлтірсе,
Жаманды таяқ өлтіреді.
Жақсы нақты үнімен жұбатады.
Жаман тоқпағымен жылатады.
Жақсы мінез – сүйінтер,
Жаман мінез – күйінтер.
Жаман атағың шыққанша,
Жаның шықсын.
Тезек қарда жатпас,
Жаман жақсымен араласпас.
Жаман әдеттен тиюға,
Жақсы әдетті аяма.
Жақсыдан – адам,
Жаманнан – сабан туады.
Жаманат хабар,
Жылдам тарар.
Жаман ағаштың жемісі де кеміс.
Биесі жаман болса,
Иесіне қайтар.
Жаман ерден жайдағым жақсы,
Жаман қатыннан бойдағым жақсы.
Алтын жерде жатпайды,
Жаман ұста суын таппайды.
Жаманды көрсең қаша жүр.
Жаманға түн де қараңғы, күн де қараңғы.
Жақсы адамның кегі бар, киген жаулық кепкенше,
Жаман адамның кегі бар, басы жерге тигенше.
Жақсыда кек жоқ, жаманда тек жоқ.
Жаманнан жақсы, жақсыдан жаман туады демеңіз,
Түбінде тартпай қоймас негізіне.
Жаманға ас берсең үйіңнен шықпайды,
Өлікке ас берсең түсіңнен шықпайды.
Жақсыдан жаман туса жыннан пайда болғаны,
Жаманнан жақсы туса нұрдан пайда болғаны.
Жаман істен ғана емес, жаман сөзден де сақтан.
Жақсы кісі жығылса, жаман тұрып табалар.