Ит туралы  ✍️


Басқа: 7
Мақал-мәтелдер жинағы: 171
Жұмбақтар жинағы: 13
Балаларға арналған тақпақтар: 9
Ақын өлеңдері жинағы: 90
Жаңылтпаштар жинағы: 7
Қанатты сөздер жинағы: 26
Туындылар: 2
Әңгімелер жинағы: 35
Ертегілер жинағы: 2
Поэмалар: 1
Шығармалар жинағы: 4
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 5
Эсселер жинағы: 1

Итке – сабын,
Есекке сүйек тастайды.
Иесі қасында тұрғанда иті үргіш.
Ит үреді,
Бұлт көшеді.
Өз көшесінде жаман ит те жолбарыс.
Қайғылы кісі күлкі сүймес, ит жүйрігін түлкі сүймес.
Ит семірсе иесін қабады.
Жат мінезді адамнан
Жаныңдағы ит артық.
Тоны жаманды ит қабар,
Көңілі жаманды құдай табар.
Үре білмеген ит үйіне қонақ келтірер.
Би жоқта құл жүреді жораға,
Ит жоқта шошқа үреді қорада.
Бір ит көріп үреді,
Екі ит еріп үреді.
Бұралқы ит үріп жағынады.
Жақсы ит өлімтігін көрсетпес.
Ит иттігін қылмай қоймас.
Итке ит жерошақтың басында ұшырасады.
Ит жемес асынан дәметеді.
Қазаныңнан қақпақ кетсе,
Иттен қанағат кетер.
Иттің табаны қышыса, керуенге ереді.
Өлі бөріден ит аттамас.
Ауыл иті ала болса да,
Бөрі келгенде бірігеді.
Ел қонбай, ит тынбас.
Ит бір сүрінсе, қырық сүрінеді.
Жақсы ит иесінің көз-құлағы.
Оңбағанның иті ұры кеткен соң үреді.
Жоны қашқан итке өлексе жоламас.
Ит жеңгенін талайды.